Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат):
1) 70-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам құқық ұстанушылық мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу бойынша сотталғанның шаралар қабылдағаны үшiн, сөйтiп, мемлекеттiк кешiрiмге лайық болып, сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейдi деп танылса, сот тағайындаған жазадан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн. Бұл орайда адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
2. Жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамдарға қалған жазасының өтелмеген бөлiгi iшiнде тiзбесi заңмен белгiленетiн мiндеттер жүктеледi. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.";
үшiншi бөлiктегi "тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен үшiн, сондай-ақ бұрын жазадан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша жойылған болса," деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөлiктегi "оған" деген сөз алып тасталсын "мамандандырылған уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "iшкi iстер органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiкте:
а) тармақшасында:
"қоғамдық тәртiптi бұзса" деген сөздер "бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық не сол үшiн оған әкiмшiлiк қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сот жүктеген" деген сөздердiң алдынан "заң және" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi бөлiк "ауыстырылған" деген сөзден кейiн "жазасын өтеу кезеңiнде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған" деген сөздермен толықтырылсын;
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат, N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат):
1) 152-бапта:
тақырыптағы "мен айыпталушыларды" деген сөздер ", айыпталушылар және сотталушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi және екiншi бөлiктерi "айыпталушыны", "прокурордың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сотталушыны", ", судьяның" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 153-баптың тоғызыншы бөлiгiнде "немесе осы шешiм туралы хабар" деген сөздер алып тасталсын;
3) 455-баптың екiншi бөлiгi "орындайтын органның ұсынуы бойынша" деген сөздерден кейiн "бiр айлық мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"6.1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату туралы мәселенi қарау кезiнде жәбiрленуiшiнiң не оның өкiлiнiң пiкiрi ескерiледi. Жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң жеке қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, жәбiрленуiшiнiң сот отырысына дейiнгi бiр ай бұрын хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша хабардар еткен жазбаша түсiнiп сотта қаралуы мүмкiн. Жәбiрленушi тиiстi түрде хабардар еткен және оның тарапынан қандай да бiр жазбаша өтiнiштер болмаған жағдайда, сондай-ақ, егер, жәбiрленуiшiнiң немесе мемлекеттiң құқықтарының сақталуы туралы мәселе бойынша мемлекет мүдделерiне залал келтiрiлсе, мiндеттi тәртiппен прокурор тыңдалады.".
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 63-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
1) 10-баптың оныншы бөлiгiндегi ", бас бостандығын шектеуге" деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың бiрiншi бөлiгiндегi ", бас бостандығын шектеу" деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-бапта:
төртiншi және бесiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаларды сотталғанның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады.
Қамау, бас бостандығынан айыру және өлiм жазасы түрiндегi жазаларды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi атқарады.";
алтыншы және сегiзiншi бөлiктер алып тасталсын;
4) 16-баптың төртiншi бөлiгiнде:
"Бас бостандығын шектеуге," деген сөздер алып тасталсын;
"туберкулездiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ВИЧ/СПИД жұқтырған" деген сөздер "СПИД-пен ауыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "сегiз" деген сөз "он төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 24-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "түзеу жұмыстары" деген сөздерден кейiн ", бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "Бас бостандығын шектеу," деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сотталғандарды iздестiру бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi, жазаны өтеуден жасырынған адамдарға қатысты iздестiрудi жариялау туралы ұсынымды сотқа енгiзедi;";
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"3-1. Тұратын жерi үш күннен астам уақыт iшiнде анықталмаған сотталған жазаны өтеуден жасырынған деп танылады.";
7) 25-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Белгiлi бiр лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары мемлекеттiк мекемелер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының әкiмшiлiктерi үшiн мiндеттi. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары сотталғанның жұмыс орнындағы ұйым үшiн мiндеттi.";
екiншi бөлiктiң екiншi абзацының екiншi сөйлемi алып тасталсын;
8) 28-бапта:
"жұмыс орны, оның" деген сөздер "жұмыс пен тұрғылықты орны, олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 30-баптың үшiншi бөлiгiнiң бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сотталғандарды iздестіру бойынша бастапқы іс-шараларды жүргiзедi, жазаны өтеуден жасырынған адамдарға қатысты iздестiрудi жариялау туралы ұсынымды сотқа енгiзедi;";
10) 36-баптың үшiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "сотталғандар туралы материалдарды әзiрлеп, тиiстi қызметке бередi" деген сөздер "сотталғандарды iздестiру бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi, жазаны өтеуден жасырынған адамдарға қатысты iздестiрудi жариялау туралы ұсынымды сотқа енгiзедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"41-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеушi адамдарға
қолданылатын көтермелеу шаралары
Тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқан және жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдаған және мемлекеттiк кешiрiмге лайық болған, және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейдi деп танылған сотталғандарды сот осы Кодексте көзделген тәртiппен мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуы мүмкiн.";
12) 46-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"режимдiк" деген сөз алып тасталсын;
"инспекцияларының" деген сөзден кейiн "жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi, бесiншi және алтыншы абзацтардағы "әкiмшiлiгiнiң", "әкiмшiлiгi" деген сөздер алып тасталсын;
бесiншi абзацтағы "инспекциясының" деген сөз "инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздер "қылмыстық-атқару инспекциясын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацтағы "белгiленген үлгiдегi" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi "әкiмшiлiгiнiң" деген сөз алып тасталсын;
13) 47-баптың екiншi бөлiгiндегi және 48, 49-баптардың бiрiншi бөлiктерiндегi "әкiмшiлiгiнiң", "әкiмшiлiгi", "әкiмшiлiгi" деген сөздер алып тасталсын;
"инспекциясы", "инспекциясының", "инспекциясының" деген сөздер тиiсiнше "инспекциясының", "инспекциясы", "инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 49-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқан және жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдаған және мемлекеттiк кешiрiмге лайық болған, және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейдi деп танылған сотталғандарды сот осы Кодексте көзделген тәртiппен мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуы мүмкiн.";
15) 50-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"әкiмшiлiгi" деген сөз алып тасталсын;
"инспекциясының" деген сөз "инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
"әкiмшiлiгi" деген сөз алып тасталсын;
"инспекциясының" деген сөз "инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 51-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
17) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"52-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден
қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу
түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарын бұзу
1. Жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарын бұзу, тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орны бойынша белгiленген келу кестесiн бұзу, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi бұзу, кейiн әрбiр бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейiн жасалған жағдайда сотталушыға әкiмшiлiк жаза қолданылғаны үшiн сот жүктеген мiндеттердi орындаудан бас тарту болып табылады.
2. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару мыналар болып табылады: демалысын немесе демалыс және мереке күндерiн өткiзген орыннан дәлелсiз себептермен дер кезiнде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сондай-ақ тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалу.
3. Тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалған сотталғандарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және iздеу жариялау туралы ұсынымды сотқа енгiзедi.";
18) 56-баптың бесiншi бөлiгi "алып қоюды" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 69-бапта:
үшiншi бөлiктегi "жетi жылдан аспайтын мерзiмге" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктегi "абайсызда жасаған қылмысы үшiн жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және" деген сөздер алып тасталсын;
20) 71-бапта:
екiншi бөлiкте:
"туберкулездiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"7. Сотталғанды жазаны өтеу орнына жiберу немесе жазасын өтеудiң бiр орнынан басқасына ауыстыру кезiнде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған жiберiлген не ауыстырылған мекеменiң депозиттiк шотына аударылады.";
21) 73-баптың екiншi бөлiгiнде:
"ал сотталғандар" деген сөздер "жаза мерзiмiнiң кемiнде екiден бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"немесе бас бостандығын айыруды өтеуден шартты мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздер ", ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 75-бапта:
екiншi бөлiктiң бiрiншi сөйлемi "өмip бойы" деген сөздердiң алдынан ", осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiктегi "мәжбүрлеп" деген сөзден кейiн "және мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Емдеу-алдын-алу мекемелерiнде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулезге қарсы емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгiлеген режим түрiне қарамастан бiрге ұсталады. Туберкулезге қарсы емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерiнде сотталғандарды бөлек ұстау медициналық көрсеткiштермен айқындалады.";
23) 83-бапта:
екiншi бөлiктегi "Сотталғандардың" деген сөз "Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген адамдардан басқа сотталғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
4. Жүктi әйелдер, жанында балалары бар әйелдер, сондай-ақ емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын I және II топтағы мүгедектер мен сотталғандар азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi бұйымдарын өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттың есебiнен шектеусiз ала алады.";
бесiншi бөлiк алып тасталсын;
24) 84-баптың үшiншi бөлiгiндегi ", қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесудi - телефон арқылы сөйлесумен" деген сөздер алып тасталсын;
25) 86-баптың екiншi бөлiгiндегi "цензура" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 87-баптың бiрiншi бөлiгiндегi соңғы сөйлем алып тасталсын;
27) 91-баптың екiншi бөлiгiнде:
"ашық түрдегi" деген сөздер алып тасталсын;
"СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар" деген сөздер алып тасталсын;
28) 93-баптың үшiншi бөлiгiнде:
"ашық түрдегi" деген сөздер алып тасталсын;
"СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар" деген сөздер алып тасталсын;
29) 95-бапта:
үшiншi бөлiктегi "Өзiне қатыссыз себептер бойынша жалақы алмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi және алтыншы бөлiктер алып тасталсын;
30) 97-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық" деген сөздер "санитариялық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзу және медициналық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңдары мен түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
"медициналық бөлiмдер" деген сөздерден кейiн ", медициналық пункттер" деген сөздермен толықтырылсын;
"туберкулез" деген сөз "туберкулезге қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"туберкулездiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;
31) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кiрiсiнен
ұстап қалу
1. Сотталғандардың жалақысынан, зейнетақысынан және басқа да кiрiстерiнен атқару парақтары және басқа да атқару құжаттары бойынша сома ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Түзеу мекемелерiнде сотталғандардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейiн оларға тағайындалған жалақының, зейнетақының және өзге де кiрiстердiң кемiнде 50 пайызы аударылады.";
32) 107-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "құрылады" деген сөздiң алдынан "ерiктi негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;
33) 109-бапта:
бiрiншi бөлiктiң алтыншы абзацы алып тасталсын;
сегiзiншi абзацтағы "мереке күндерi" деген сөздерден кейiн "жүктi әйелдердi, жанында балалары бар әйелдердi, сондай-ақ емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын I және II топтағы мүгедектер мен сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны үшiн, сотталған жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қабылдаған жағдайда және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн сотталғандарды сот жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыруға ұсынуы мүмкiн.";
34) 110-баптың үшiншi бөлiгiндегi "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 112-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "сот тағайындаған мiндеттi емделуден жалтару;" деген сөздерден кейiн "емдеу-алдын алу мекемесiнiң iшкi тәртiп ережесiн бұзу;" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "Бiр жыл" деген сөздер "Алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте:
", айып оқшаулау орнына орналастыру" деген сөздер алып тасталсын "сотталған еркектердi" деген сөздерден кейiн "айып изоляторына," деген сөздермен толықтырылсын;
36) 113-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сотталғандарды айып изоляторына көшiру, камералық үлгідей үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру, оларды айып изоляторында, камералық үлгiдегi үй-жайда немесе жалғыз адам ұстау мүмкiндiгiне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.";
37) 114-бапта:
екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"қажеттi медициналық көмек алуға;";
төртiншi бөлiктегi "жүйесiнiң" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын алу мекемелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
38) 116-баптың үшiншi бөлiгiндегi "үштен екiсiн", "алты" деген сөздер тиiсiнше "жартысын", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 117, 119, 121, 129-баптардың бiрiншi және екiншi бөлiктерi:
"жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе жабылатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
"көрсеткiш" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 117, 119-баптардың үшiншi бөлiгiндегi "түзеу мекемесi орналасқан ауданның шегiнде" деген сөздер "мекемеге іргелес аумақтардың шекараларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 124-бапта:
тақырыпта:
"Колония-қоныстар" деген сөздер "Қоныс-колониялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
"Абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандарға арналған колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруға жетi жылдан аспайтын мерзiмге сотталғандар жазасын өтейдi" деген сөздер "Қоныс-колонияларында абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар жазасын өтейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 125-бапта:
тақырыпта:
"Колония-қоныстарда" деген сөздер "Қоныс-колонияларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
екiншi абзацта:
"колония-қоныс шегiнде" деген сөздер "қоныс-колониясы аумағының шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"еңбек тәртiбi" деген сөздер "түзеу тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"колония-қоныстан тыс жерге қадағалаусыз, бiрақ олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым аумағының шегiнде" деген сөздер "қоныс-колониясы әкiмшiлiгінiң рұқсатымен олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесiне iргелес аумақ шекарасының шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "колония-қоныстың аумағында немесе одан тыс жерде" деген сөздер "қоныс-колониясының аумағында, не қоныс-колониясы орналасқан елдi мекен шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
"жатақханаларға" деген сөз "қоныс-колониясының аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жатақханада" деген сөз алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте:
"Сотталғандарды басқа жұмысқа, оның iшiнде басқа жерге ауыстыруды колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша өздерi жұмыс iстейтiн кәсiпорынның әкiмшiлiгi жүзеге асыра алады" деген сөздер "Сотталғандарды жұмысқа қабылдауды, жұмыстан шығаруды және басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс берудi әкiмшiлiктiң келiсiмiмен жүзеге асыра алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"3-1. Қоныс-колониясының әкiмшiлiгi сотталғандарды түзеу мекемесiнiң кәсiпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда сотталған әкiмшiлiктiң рұқсатымен қоныс-колониясының шегiнен тыс, бiрақ қоныс колониясы орналасқан тиiстi облыс (республикалық маңызы бap қала, астана) шегiнде орналасқан түрлi меншiк нысанындағы ұйымдарға әкiмшiлiк пен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде және сотталғандарды тиiсiнше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында еңбекке орналастырылуы мүмкiн. Сотталғандар жеке еңбек қызметiмен айналыса алады.
Қоныс-колониясының әкiмшiлiгi мынадай жағдайларда:
оны босату кезінде;
төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген кезде;
сотталғанның жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайында;
жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағанда сотталғандарды жұмыс объектiсiнен шақыртып алуға мiндеттi.";
43) 127-баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерi және 129-баптың төртiншi бөлiгiнде "көрсеткiш" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 134-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы алып тасталсын;
45) 168-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сотталғанның мүгедектiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлетті органы бекiткен тiзбеде көзделген аурумен сырқаттануы;";
46) 169-баптың тоғызыншы бөлiгiнде:
"қаулы" деген сөз "заңда белгiленген тәртiппен прокурорға кейiннен сотқа енгiзуi үшiн жiберiлетiн қолдаухат" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 177-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Бас бостандығын шектеу" деген сөздер алып тасталсын;
48) мынадай мазмұндағы 178-1, 178-2-баптармен толықтырылсын:
"178-1-бап. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған
адамның жүрiс-тұрысын бақылау
1. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды Iшкi iстер министрi белгiлейтiн тәртiппен босатылғанның тұратын жеpi бойынша iшкi iстер органдары, ал әскери қызметшiлерге қатысты - әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген органдар мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылғандарды қалған жазасының өтелмеген бөлiгi iшiнде жеке есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды
3. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған бақылаудан жалтарған жағдайда уәкiлеттi орган оның тұратын жерiн және жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi.
4. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның осы Кодекстiң 178-2-бабында жазылған мiндеттердiң бiрiн дәлелсiз себеппен кемiнде екi рет орындамауы оның мiндеттердi орындаудан қасақана жалтаруы болып табылады.
5. Егер, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылған адам қалған жазасының өтелмеген бөлiгi iшiнде бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық не сол үшiн оған әкiмшiлiк қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе мiндеттердi орындаудан қасақана жалтарса, уәкiлеттi орган мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою және қалған жазасының өтелмеген бөлiгiн атқару туралы сотқа ұсыным енгiзедi.
178-2-бап. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған
адамдардың мiндеттерi
1. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұратын жерi бойынша:
1) белгiленген тәртiппен тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарында тiркеуден өтуге;
2) iшкi iстер органдары белгiлеген уақытта тұратын жерiнен кетпеуге;
3) iшкi iстер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға;
4) жұмыстан және оқудан бос уақытта iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерге бармауға;
5) iшкi iстер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
6) жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қабылдауға;
7) iшкi iстер органдарының талабы бойынша мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылғанның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiк және өзге де құжаттарды беруге;
8) iшкi iстер органдарына шақырту бойынша келуге мiндеттi. Дәлелдi себептерсiз келмеген кезде, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған күштеп әкелiнуi мүмкiн;
9) заңнамада белгiленген тәртiппен тоқсан сайын тұратын жері бойынша салық органына кiрiстерi туралы декларация және салық салу объектiсi болып табылатын, соның iшiнде Қазақстан Республикасының тыс жерлердегi мүлкi туралы өзге де мәлiметтер беруге мiндеттi, бұл туралы iшкi iстер органына анықтама ұсынылады.
2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған әскери қызметшiлердiң мiндеттерi әскери қызмет туралы заңнамалық актiлермен және Қорғаныс министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
49) мынадай мазмұндағы 180-1-баппен толықтырылсын:
"180-1-бап. Қоршаған ортасына қауiп туғызатын, туберкулездiң
жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босату
2. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты жазалау мерзiмi аяқталуға бiр ай қалғанда, заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп емдеудi тағайындау туралы ұсынысты мекеменiң орналасқан жерi бойынша сотқа жiбередi.
3. Сот шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу белгiленген, туберкулездiң жұқпалы түрiмен науқастанатын адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босату туралы хабарлама мекеменiң орналасқан жерi бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу алдын-алу ұйымы мен iшкi iстер органдарына жiберiледi.";
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы):
1) 35-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстың-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 543-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн)," деген сандар мен сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң 10) тармақшасы алып тасталсын;
3) 576-2 баптың екiншi бөлiгiндегi "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторларының" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiне
(Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 173-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):
171-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасы және 172-баптың бiрiншi бөлiгi "және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
2-баптың "в" тармағындағы "немесе жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғаннан" деген сөздер алып тасталсын.
7. "Атқарушылық іс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат, N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат):
60-бапта:
2-тapмақта "түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардан, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.
8. "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат):
3-бапта:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "денсаулық сақтау органдарының" деген сөздерден кейiн "не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "денсаулық сақтау ұйымы" деген сөздер "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын.
9. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж. N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы):
1) 3-бапта:
6) тармақшада "қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшада:
"қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мүдделерiнiң сақталуын" деген сөздер "мүдделерiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның төртiншi абзацы "органдарынан" деген сөзден кейiн "және мекемелерiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен (ұйымдарынан)" деген сөздер "мекемелерден" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 10-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушылардың қамауда ұсталуын қамтамасыз ету жөнiндегi атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.";
4) 20-баптың 6) тармақшасында:
"қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
", күзетпен алып жүру" деген сөздер алып тасталсын;
5) 23-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қылмыстық-атқару жүйесiндегi заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету және сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында қамауда ұстау;";
6) 24-1-бапта:
тақырыпта және мәтiн бойынша "органдары (мекемелерi)", "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
"қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 25 және 29-3-баптарда "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
8) 25-1-бапта:
"органдарының (мекемелерiнiң)", "органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада "жүйесi" деген сөз "жүйесiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 25-2-баптың тақырыбында және 1, 5, 6 және 7-тармақтарында:
"органдарына (мекемелерiне)" деген сөздер алып тасталсын;
"Қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"органдарына (мекемелерiне)" деген сөздер алып тасталсын;
"жүйесi" деген сөз "жүйесiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
10) 25-3, 26-1-баптарда:
тақырыпта және мәтiн бойынша "органдарындағы (мекемелерiндегi)" деген сөздер алып тасталсын;
тақырыптағы "жүйесi" деген сөз "жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 25-4-бапта:
тақырыптағы "Қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiн бойынша "органдарындағы (мекемелерiндегi)" деген сөздер алып тасталсын;
12) 26, 27, 28-1, 28-2, 29-1, 29-2-баптарының тақырыбында және мәтiнi бойынша "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
13) 26-баптың 6-тармағының екiншi абзацындағы "оларды беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi." деген сөздер "олармен марапаттау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды." деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:
"26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне
қолданылатын жазалар
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;
5) атқаратын лауазымынан босату;
6) арнайы атағын бiр саты төмендету;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнен шығару.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.";
15) 28-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң кадрында қалдырылып, мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкін.".
16) 29-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстарының, науқастануы бойынша, жүктi болу мен бала тууына байланысты демалыстарының уақытында демалысын өткiзу орнына бapу және қайту жолына кететiн уақыты есептелiнiп, олардың лауазымы бойынша демалысқа шығу күнiне алынатын көлемде ақшалай үлес төленедi.";
17) 29-4, 29-5-баптарда:
тақырыпта және мәтiн бойынша "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
1, 2-тармақтарда "жүйесi" деген сөз "жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "болса," деген сөздерден кейiн "сотталған кәмелетке толмағандарды, әйелдердi және түрмеде, тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 31, 32-баптардың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "Әдiлет органдарының", "қызметтерiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
20) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
21) 32-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасында ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күзететiн объектiлерге" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта "Әдiлет органының қызметкерi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 5-тармақтарда "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
22) 33-баптың 2) тармақшасы "сотталғандардың" деген сөздiң алдынан "сезiктiлердiң, айыпталушылардың," деген сөздермен толықтырылсын;
23) 34-баптың 2-тармағында:
"қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
"2007" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын;