Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 № 1072 Қаулысымен.
"Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жылына екі рет әр жылдың 25 қаңтары мен 25 шілдесіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
4. Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 шілдедегі
N 673 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1258 Қаулысымен.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2006-2010 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары
р/с N |
Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжанған шығыстар (млн.теңге) | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жаңа теңіз блоктарын конкурстарға жоспарлы қою | ||||||
1. |
Жаңа теңіз учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде конкурстар мен тікелей келіссөздер өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ЭМРМ, (шақырылым) "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
Жыл сайын 20 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
2. |
ЖТНӘ эксклюзивті емес сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу |
Геологиялық-геофизикалық ақпарат алу |
ЭМРМ, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ, "Веритас Каспиан" компаниясы |
2007-2010 жылдар |
Келісім-шартқа қол қою кезінде анықталатын болады |
"Веритас Каспиан" компаниясының қаражаты" |
3. |
Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерді тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекет мүдделерін білдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ЭМРМ, (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
2006 ж. 20 желтоқсан |
300 |
Республикалық бюджет |
3-1. |
Гравиметриялық және магнито- метриялық суретке түсіру |
Геологиялық-геофизикалық ақпарат алу |
"ҚазМұнай Газ" ҰК АҚ (келісім бойынша) ЭМРМ |
2009- |
600 |
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қаражаты |
Ұлттық мұнай-газ компаниясының теңіз жобалары бойынша операторының функцияларын орындауы | ||||||
4. |
Теңіз жобалары бойынша оператордың рөлін орындау |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
Халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру |
||||||
5. |
Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспардың жаңа редакциясын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
2006 ж. 20 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
Мұнай-газ жобаларының мониторингі | ||||||
6. |
Мұнай-газ деректерінің ұлттық банкін дамыту (дерекқорларды толтыру, аумақтық орталықтарды қалыптастыру, Бақылау орталығын құру) |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
Жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келетін қосымша табиғат қорғау іс-шаралары |
||||||
7. |
Мемлекеттік есепке алуды, мониторинг пен кадастрды жүргізу үшін Каспий теңізі мен оның жағалау маңы аймағындағы жануарлар мен өсімдік әлемінің жай-күйін ғылыми зерттеулерге арналған техникалық тапсырманы дайындау |
Республикалық бюджеттіккомиссияға қарау туралы ұсыныс енгізе отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
АШМ (жинақтау), БҒМ, Қоршағанортамині, ККМ, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері |
2006 ж. 20 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
8. |
Теңіз операцияларының биоәртүрлілікке әсер етуін шектеу мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қорық аймағын функционалдық аймақтарға бөлу жөніндегі техникалық тапсырманы дайындау |
Республикалық бюджеттік комиссияға қарау туралы ұсыныс енгізе отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
АШМ (жинақтау), БҒМ, Қоршағанортамині, ККМ, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері |
2006 ж. |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
Мұнай-газ кешені үшін қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау | ||||||
9. |
Мұнай-газ компанияларымен мұнай-газ кешені үшін қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау жоспарын іске асыру |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ, мұнай компаниялары |
Жыл сайын 25 желтоқсан |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес |
Мұнай компанияларының қаражаты |
Теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру | ||||||
10. |
КТҚС жағалау белдеуін дамытудың кешенді жоспарының жобаларын іске асыру: Баутино кентінің маңында металлкон- струкциялар зауытына арналған өндірістік алаң салу; Құрық кентінің маңында: |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (келісім бойынша) Маңғыстау облысының әкімі "ҚазМұнай Газ" ҰК АҚ (келісім бойынша) Маңғыстау облысының әкімі "Теңіз- Сервис" ЖШС (келісім бойынша) |
Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан |
Талап етіледі |
Қарыз қаражаты |
10-1. |
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын жобалау және салу |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнай Теңіз" ТМҚ" АҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан |
315 млн. АҚШ долл. |
"ҚазМұнай -Теңіз" ТМК" АҚ-тың қаражаты |
11. |
"Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекемесі инспекторларыныңштат санын 14 бірлікке ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізу және оның техникалық жарақтандырылуын кезең-кезеңімен жүзеге асыру |
ЭМРМ-ге ұсыныс |
ТЖМ |
2006 ж. желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
12. |
Мамандандырылған теңіз авариялық-құтқару отряды» мемлекеттік мекемесін құру және»Құтқару» мамандандырылған кемелерін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу |
ЭМРМ-ге ұсыныс |
ТЖМ |
2006 ж. желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
13. |
Энергиямен жабдықтау объектілерінің жаңаларын салу және |
ЭМРМ-ге ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімі (жинақтау), ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ; "МЭЖТК" АҚ (келісім бойынша) |
|
|
|
14. |
"Атырау халықаралық әуежайында" жаңа жолаушылар кешенін және жүк терминалдарын салу |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ |
2010 ж. қараша |
Талап етіледі |
Сыртқы қарыздар |
15. |
Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ККМ |
2009 - 2010 жылдар 25 желтоқсан |
41,680 млрд.теңге |
мемлекеттік емес қарыздарға 25 млн. АҚШ долларына мемлекеттік кепілдік |
16. |
Теңіз операцияларын қолдау флотын дамыту |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ККМ (жинақтау), "Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ |
Жыл сайын желтоқсан |
Талап етіледі |
"Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ-тың қарыз қаражаты |
16-1. |
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылының жаңа инфрақұрылым объектілерінің құрылысы, оның ішінде: |
ЭМРМ-ге ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімі (жинақтау), ЭМРМ, ЭБЖМ, ИСМ |
|
|
|
16-2. |
"Сартас" шығанағында теңіз операцияларын қолдаудың жаңа жағалаулық базасын құру |
ЭМРМ-ге ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімі |
жыл сайын 25 маусым, |
Талап етіледі |
"Каспий- мұнай- құрылыс" АҚ |
Мұнай тасымалдаудың экспорттық бағдарларының бағыттарын белгілеу | ||||||
17. |
Ескене-Кұрық жаңа экспорттық мұнай құбырының құрылысы |
ЭМРМ-ге ақпарат |
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және мұнай өндіруші компаниялар (келісім бойынша) |
жыл сайын 25 маусым, |
Талап етіледі |
Өз және қарыз қаражаты |
18. |
КТҚС мұнай ресурстарын тасымалдаудың экпорттық бағыттарының маршруттарын анықтау жөнінде ұсыныстар беру |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
2009 ж. желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
19. |
Қашағаннан көмірсутегі шикізатын тасымалдау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
2006 ж. желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
|
Теңіз мұнай-газ кешені үшін негізгі отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу (Теңіз операцияларын жүргізу үшін импорт алмастыру) | ||||||
20. |
КТҚС-ғы мұнай-газ жобалары үшін бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды көздейтін инвестициялық жобалардың тұрақты мониторингін жүргізу |
ЭМРМ-ге ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, "Қазына" АҚ |
Жыл сайын 25 желтоқсан |
Қаржыландыру талап етілмейді |
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;
"ҚазМұнайТеңіз" ТМК" АҚ" - "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Каспиймұнайқұрылыс" АҚ" - "Каспиймұнайқұрылыс" акционерлік қоғамы;
"Қазына" АҚ - "Қазына" тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамы
"МЭЖТК" АҚ - "Маңғыстау электр желілерін тарату компаниясы" акционерлік қоғамы
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ - "Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" акционерлік қоғамы
"Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ - "Қазтеңкөлфлот" ұлттық теңіз кеме жүзу компаниясы" акционерлік қоғамы
КТҚС - Каспий теңізінің қазақстандық секторы
ЖСҚ - жобалық-сметалық құжаттама
ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме
ЖТНӘ - жалпы тереңдік нүктесінің әдісі
ҚС - қосалқы станция
ЖВЖ - жоғары вольттық желі
ГТП" - газ тарату пункті";
"ЖТҚ" — жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция