Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 683 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 19 шiлдедегi
N 683 қаулысымен  
мақұлданған    

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама

      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 15 қыркүйекте Болгария Республикасы, София қаласында қол қойған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер енгiзу туралы келiстi:
      1) Келiсiмнiң 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Келiсiмде ұсынылатын режимнiң ережелерi оның кедендiк, экономикалық немесе монетарлық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркiн сауда аймағына, экономикалық қоғамдастықтарда немесе басқа ұқсас институттарға мүшелiгiне байланысты кез келген Уағдаласушы Тарап ұлттық инвесторларға, мұндай одаққа бiрыңғай нарыққа немесе еркiн сауда аймағына мүше мемлекеттiң немесе басқа да үшiншi мемлекеттiң инвесторларына беретiн барлық қолда бар немесе болашақтағы артықшылықтарға қолданылмауға тиiс. Сондай-ақ мұндай режим Қосарлы салық салу туралы келiсiмнiң немесе салық салуға байланысты өзара негiздегi басқа да келiсiмдердiң негiзiнде кез келген Уағдаласушы Тарап үшiншi мемлекеттiң инвесторларына ұсынатын кез келген артықшылыққа жатқызылмауға тиiс.";
      2) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "әрқайсысы" деген сөз "Еуропалық комиссия қабылдаған шараларды қозғамай-ақ, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы..." деген сөздермен ауыстырылсын.
      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      _____________қаласында 200___ жылғы "____"________________ қазақ, болгар және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманың ережелерiн талқылау кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Болгария Республикасының
      Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады