Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағындағы "Днепр" РС-20 ресейлiк зымыран тасығышының авариясы фактiсiн тергеу, ықтимал салдарды болдырмау, залалды және медициналық-санитарлық, экологиялық, техногендiк салдарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Мынадай құрамда Үкiметтiк комиссия құрылсын:
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi, төраға
Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сейiтханұлы министрiнiң орынбасары
Палымбетов - Қазақстан Республикасының
Болат Әбiлқасымұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидоллаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы вице-министрi
Зәкиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Болат Сейiтқазыұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары - Шекара қызметiнiң
директоры
Оспанов - Қазақстан Республикасы Жер
Бақыт Сағындықұлы ресурстарын басқару агенттiгiнiң
төрағасы
Көшербай - Қызылорда облысы әкiмiнiң
Айтбай Көшербайұлы орынбасары
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi
Қосынов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Алмас Олжабайұлы ғылым министрлiгi Аэроғарыш
комитетiнiң төрағасы
Сатылғанов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Диханбек Жанқоразұлы жағдайлар министрлiгi Азаматтық
қорғаныс, әскери бөлiмдер және жедел
ден қою департаментiнiң директоры
Бәденов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Фазылолла Жұмағазыұлы министрлiгi Жедел жоспарлау
департаментiнiң бөлiм бастығы
2. Жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Yкiметтiк комиссия белгiленген тәртiппен қызығушылық тудырған мәселелер бойынша орталық (оның iшiнде олардың аумақтық бөлiмшелерiнен) және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар алуға, сондай-ақ олардың мамандарын комиссия жұмысына тартуға құқылы.
3. Yкiметтiк комиссия қысқа мерзiмде:
аварияның медициналық-санитарлық, экологиялық және техногендiк салдарын айқындасын;
аварияның әсерiн шектеу бойынша бiрiншi кезектегi шаралар жөнiнде ұсыныстар берсiн;
талап қою үшiн зиян сомасын белгiлесiн;
авария салдарын жою үшiн қажеттi ic-шараларды iске асыру мерзiмiн және олардың тiзбесiн айқындасын.