Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 723 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 717 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 723  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 28, 241-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеру жүргiзуге құқығы бар адамдардың тiзбесiн бекiту туралы";
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қоса берiлiп отырған Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеру жүргiзуге құқығы бар адамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң Ережелерiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеру жүргiзуге құқығы бар адамдардың тiзбесi";
      бүкiл мәтiн бойынша "бақылау,", "бақылау мен", "бақылауды," деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "Бақылау мен тексеру", "Бақылау мен тексерудi" деген сөздер тиiсiнше "Тексеру", "Тексерудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң Ережелерi" деген сөздер "Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеру жүргiзуге құқығы бар адамдардың тiзбесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi авиажелiлердегi тексерудi әуежайлардың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң (бұдан әрi - АҚҚ) қызметкерлерi, халықаралық авиажелiлерде өздерiнiң құзыретiне сәйкес әуежайлардың АҚҚ қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы кеден және шекара органдарының қызметкерлерi жүргiзедi.";

      2-тармақта:
      "мемлекеттiк көлiк басқармасының органы" деген сөздер "өз құзыретiнiң шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, азаматтық және экспериментальды авиация қызметiне мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен," деген сөздер алынып тасталсын; 
      "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен" деген сөздер "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қол жүгiн, теңдеме жүктi тексеру және жолаушылардың жеке басын тексеру ұшуға арналған билеттi көрсеткеннен кейiн жүргiзiледi. 
      Жолаушыларды тексеру кезiнде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарын және олардың тасымалдау құжаттарына сәйкестiгiн тексеру жүргiзiледi.
      Тексеру кезiнде техникалық құралдар қолданылады.
      Тексеру пунктiнде жолаушыларды және олардың қол жүгiн (теңдеме жүгiн) тексерудi АҚҚ тексеру бөлiмшесiнiң саны кемiнде төрт адамы жүргiзедi.
      Әуежайдың (авиакомпанияның) тиiстi қызметтерiнiң қызметкерлерi жолаушылар мен теңдеме жүктi тiркеу кезiнде және жолаушыларға қызмет көрсетуде қолданылатын схемаға байланысты жолаушылар мен теңдеме жүктi тексеру кезiнде жолаушыға тиесілі емес теңдеме жүктi тiркеудi болдырмау мақсатында жолаушылардан теңдеме жүктің тиесілігі туралы сұрау жүргізіледi. Теңдеме жүктiң жолаушыға тиесілігiнiң сәйкес келмеуi фактiсi анықталған, сондай-ақ теңдеме жүкке бөгде адамдардың қол жеткiзуi туралы деректер алынған жағдайда, теңдеме жүктi неғұрлым мұқият тексеру үшiн әуежайдың АҚҚ тексеру бөлiмшесi дереу хабардар етiледi.
      Жүк бөлiмiнде тасымалданатын теңдеме жүктiң тиесiлiгiн анықтау және оны тиеуге рұқсат беру Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - "Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауға арналған қауiпсiздiк жөнiндегi басшылықтың" 27-қосымшасына сәйкес орындалады.
      Жолаушылардың жеке басын және олардың қол жүгiн қолмен iрiктеп тексеру авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шара ретiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      Жолаушылардың жеке басын тексеру мен олардың қол жүгiн қолмен тексеру тексеруге арналған жабдық болмаған немесе жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ техникалық тексеру құралдары арқылы әуе көлiгiнде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болуы мүмкiн екендiгi туралы куәландыратын пiшiндер мен өзге де деректер табылған кезде жүргiзiледi. Қалыпты жағдайда әр рейс жолаушыларының жалпы санының кемiнде 10 % жолаушылар мен қол жүгiне тексеру жүргiзіледi.
      Заңсыз араласу актiлерiнiң жүзеге асырылу қаупi немесе заңсыз араласу актiлерiне байланысты жағдайды реттеу кезiнде әуежайда авиациялық қауiпсiздiктi арттыру жөнiнде қосымша шаралар қажет болған жағдайда қолмен тексерілетiн жолаушылардың пайыздық қатынасы уәкілеттi органмен келiсiм бойынша авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ведомствоаралық әуежай комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
      Қол жүгiн, теңдеме жүгiн және жеке басын тексертуден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жiберiлмейдi.
      Қауiпсiздiк мақсатында тексеру кезiнде азаматтық авиация ұйымдары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2002 жылғы 6-басылымы - "Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауға арналған қауiпсiздiк жөнiндегi басшылықтың" 4.2 "Жолаушыларды және қол жүгiн тексеру", 4.3 "Тексеруден өткен жолаушыларды бақылау", 4.5 "Жүк бөлiмiнде тасымалданатын теңдеме жүк", 4.6 "Авиажүктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары", 4.7 "Борттағам, iлеспе құралдар мен бортқорлардың қауiпсiздiгi" бөлiмдерiн, 22 "Жолаушыларды және қол жүгiн тексеру", 23 "Жолаушылар ағынына қызмет көрсету және қауiпсiздiк мақсатында тексеру", 25 "Авиажүктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары", 26 "Борттағам мен бортқорлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету" қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарын басшылыққа алады.
      Әуежайлардың басшылары және АҚҚ басшылары тексерудi ұйымдастыруға жауапты болады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауiптi заттар мен бұйымдарды алып жүруге шек қойылады, ал олар табылған жолаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiм қабылдау үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне беріледi.
      Тасымалдауға тыйым салынған барлық қауiптi заттар мен бұйымдарды одан әрi алып жүруге шек қойылады, жолаушыны шығарып салушы адамдарға берiледi немесе олар болмаған кезде әуежайдың АҚҚ есепке алады және оларды кейiннен алып қою үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне берiледi.
      Жiберiлген және трансферлiк теңдеме жүктi тексеру әуежайға келгенде әуе кемелерiнiң бортына жiберер алдында не әуежайдың қойма (не өзге) үй-жайларына орналастырар алдында жүргiзiледi.";

      6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жолаушы болмағанда теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты теңдеме жүктi тексеру әуежайлар басшыларының, олардың авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi орынбасарларының, АКҚ бастықтарының, әуежайдың (қалалық аэровокзалдың) АҚҚ тексеру бөлiмшелерi, осы қызметтiң ауысымдары, әуежайларда орналасқан көлiк полициясы бөлiмшелерi бастықтарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлiмшелерi бастықтарының дәлелдi шешiмi (жазбаша түрде баяндалған) бойынша жүргiзiледi.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Жолаушылардың жеке басын тексерудi жүргiзер алдында әуежайдың АҚҚ тексеру бөлiмшесiнiң мамандары журналда күнiн, рейс нөмiрiн, тексеру жүргiзiлген уақытты, жолаушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның азаматтығын, жеке куәлiгiнiң (паспортының) нөмiрiн, тұрғылықты жерiн, сондай-ақ тексеру жүргiзуге қатысқан барлық адамдардың тегiн, лауазымдарының толық атауын және оның нәтижелерi туралы актiнiң нөмiрiн көрсете отырып, тiркеудi жүргiзедi.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жолаушылардың жеке басын тексеруге және жолаушы болмағанда теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты теңдеме жүктi тексеруге осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген лауазымды адамдардың, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша әуежайдың АҚҚ тексеру және қауiпсiздiк бөлiмшелерi аға инспекторларының (инспекторларының), көлiк полициясы бөлiмшелерi лауазымды адамдарының, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдарының бөлiмшелерi лауазымды адамдарының да құқығы бар.
      9. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген лауазымды адамдардың тапсыруы бойынша қол жүгi мен теңдеме жүктi жолаушының қатысуымен тексерудi әуежайдың АҚҚ тексеру бөлiмшесiнiң аға инспекторлары, инспекторлары, кiшi инспекторлары, тексеру агенттерi, ал халықаралық әуежайлардың шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын бақыланатын аймақтарында шекара және кеден органдары бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары да жүргiзедi.";

      13-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "авиакәсiпорындарының" деген сөз "әуежайдың және авиакомпанияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "авиакәсiпорын", "мiндеттi" деген сөздер тиiсiнше "авиакомпания", "тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады