Қағаздың және картонның кейбiр түрлерiнiң импортына қатысты iстi қарауды бастау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 721 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты iстi қарауды бастасын;
      2) iстi қарау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
      3) он күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiне және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне iстi қараудың басталғандығы туралы хабарласын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                        2006 жылғы 31 шілдедегі
                                         N 721 қаулысына қосымша  

    Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға
   қатысты істі қарау рәсімі басталатын тауарлардың тізбесі

        Өнімнің атауы 

СЭҚ ТН бойынша коды

Жартылай целлюлозадан жасалған гофрлеуге арналған қағаз

4805110000

Одан әрі өңделмеген немесе аталған топқа 3 ескертуде көрсетілгендей өңделген орамдардағы немесе парақтардағы борланбаған, өзге де қағаз  

4805199000

Массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон)

4805240000

Массасы 1 шаршы м. 150 г. артық тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон)

4805250000

Орамдардағы немесе парақтардағы массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз гофрленген қағазға немесе картонға арналған борланбаған қағаз және картон

4805919100

Орамдардағы немесе парақтардағы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз боланбаған өзге де қағаз немесе картон

4805919900

Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон

4808100000

Гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар 

4819100000

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады