Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 516 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 810 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2006 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 516  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы»25 тамыздағы
                                                 N 810 қаулысына
                                                     қосымша

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы 6 маусымдағы
                                                 N 516 қаулысына
                                                     қосымша

  2006 жылға арналған 004»"Республикалық бюджеттік
    инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
   техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
       және сараптау" республикалық бюджеттік
                бағдарламаны бөлу

Р/с N № Жобаның атауы Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)
1 2 3

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                    министрлігі

1

Павлодар облысының Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық кәсіптік өңіраралық орталық салу

13 260

2

Оңтүстік Қазақстан облысында өңдеуші сала үшін техникалық және қызмет көрсетуші еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық кәсіптік өңіраралық орталық салу

12 887

3

Шығыс Қазақстан облысында машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық өңіраралық кәсіптік орталық салу

15 218

      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                 қорғау министрлігі

4

Суармалы экожүйелерді басқару

20 020

     Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                  байланыс агенттігі

5

"Қазсат-2" байланыс және хабар тарату ұлттық спутнигін жасау және ұшыру

80 000

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

6

Атырау қаласындағы бұрынғы кәсіптік техникалық училищенің ғимаратын сотталған әйелдерді ұстау үшін 300 орындық түзеу колониясы етіп қайта жаңарту

3 220

7

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде сотталғандарды әрбір камерада ұстайтын 300 орындық жатақхана салу

8 000

8

Астана қаласында Патент сарайын салу

4 000

  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                ресурстар министрлігі

9

"Атырау облысындағы ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру

127 000

10

"Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ядролық реакторларын жаңғырту

50 000

11

Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтында жаңа аса ауыр элементтерді синтездеу жөніндегі жеделдету кешенін құру

174 300

    Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                     министрлігі      

12

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында өңірлік технопарктерді құру және дамыту

26 000

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                      министрлігі

13

Астана қаласында "Астана" ұлттық агротехнологиялық паркін құру

30 000

       Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
                 басқару агенттігі      

14

Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік геодезиялық желілерді құрастыру

15 000

     Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

15

"Жіктеулер және стандарттар" (ИС "Класс") ақпараттық жүйесін құру

845

16

"Электронды статистикалық есеп беру" (ИС "ЭСО") ақпараттық жүйесін құру

1200

         Қазақстан Республикасы Көлік және
              коммуникация министрлігі

17

А.Бекович-Черкасск шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру

6 500

18

Орал-Каспий бассейнінде кеме қозғалысын басқару жүйесін құру

6 500

19

Өскемен шлюзінің имараттары мен жабдықтарын қайта құру және жаңғырту

6 500

20

Бұқтарма шлюзінің имараттары мен жабдықтарын қайта құру және жаңғырту

7 800

21

"Жетібай-Түркіменстан шекарасы" учаскесінде Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасының көлік жолдарын қайта құру

16 750

22

"Астана-Қостанай-Челябинск" автожолы бойынша Қостанай айналымын салу

5 000

23

Бала-Терісаққан өзені арқылы көпір салуды қоса алғанда, Арқалық арқылы" Жезқазған-Петропавл" автожолын қайта құру

25 000

24

Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру

45 000


Жиыны:

700 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады