Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. 2006 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау" республикалық бюджеттiк бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлiнсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 516 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N 810 , өзгерту енгізілді - 2006.12.15. N 1213 қаулыларымен.
2006 жылға арналған 004»"Республикалық бюджеттік
инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
және сараптау" республикалық бюджеттік
бағдарламаны бөлу
Р/с N № | Жобаның атауы | Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
1 |
Павлодар облысының Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық кәсіптік өңіраралық орталық салу |
13 260 |
2 |
Оңтүстік Қазақстан облысында өңдеуші сала үшін техникалық және қызмет көрсетуші еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық кәсіптік өңіраралық орталық салу |
12 887 |
3 |
Шығыс Қазақстан облысында машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі 700 орындық өңіраралық кәсіптік орталық салу |
15 218 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
4 |
Суармалы экожүйелерді басқару |
20 020 |
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі
5 |
"Қазсат-2" байланыс және хабар тарату ұлттық спутнигін жасау және ұшыру |
80 000 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
6 |
Атырау қаласындағы бұрынғы кәсіптік техникалық училищенің ғимаратын сотталған әйелдерді ұстау үшін 300 орындық түзеу колониясы етіп қайта жаңарту |
3 220 |
7 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде сотталғандарды әрбір камерада ұстайтын 300 орындық жатақхана салу |
8 000 |
8 |
Астана қаласында Патент сарайын салу |
4 000 |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
9 |
"Атырау облысындағы ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру |
127 000 |
10 |
"Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ядролық реакторларын жаңғырту |
50 000 |
11 |
Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтында жаңа аса ауыр элементтерді синтездеу жөніндегі жеделдету кешенін құру |
174 300 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
12 |
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында өңірлік технопарктерді құру және дамыту |
26 000 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
13 |
Астана қаласында "Астана" ұлттық агротехнологиялық паркін құру |
30 000 |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігі
14 |
Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік геодезиялық желілерді құрастыру |
15 000 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
15 |
"Жіктеулер және стандарттар" (ИС "Класс") ақпараттық жүйесін құру |
845 |
16 |
"Электронды статистикалық есеп беру" (ИС "ЭСО") ақпараттық жүйесін құру |
1200 |
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
17 |
А.Бекович-Черкасск шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру |
6 500 |
18 |
Орал-Каспий бассейнінде кеме қозғалысын басқару жүйесін құру |
6 500 |
19 |
Өскемен шлюзінің имараттары мен жабдықтарын қайта құру және жаңғырту |
6 500 |
20 |
Бұқтарма шлюзінің имараттары мен жабдықтарын қайта құру және жаңғырту |
7 800 |
21 |
"Жетібай-Түркіменстан шекарасы" учаскесінде Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасының көлік жолдарын қайта құру |
16 750 |
22 |
"Астана-Қостанай-Челябинск" автожолы бойынша Қостанай айналымын қайта жаңарту |
5 000 |
23 |
Бала-Терісаққан өзені арқылы көпір салуды қоса алғанда, Арқалық арқылы" Жезқазған-Петропавл" автожолын қайта құру |
25 000 |
24 |
Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйесін құру |
45 000 |
Жиыны: |
700 000 |