Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 812 Қаулысы

      "Байқоңыр" кешенi объектiлерi мен мүлкiнiң техникалық жай-күйiн және пайдалану перспективаларын кешендi бағалауға байланысты зерттеу жұмыстарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн өткiзу және "Байқоңыр" ғарыш айлағында кәсiпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық жүйесiн (ERP) енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен "Байқоңыр" кешенi бойынша зерттеу жұмыстарының бастапқы кезеңiн жүргiзу үшiн 200000000 (екi жүз миллион) теңге және "Байқоңыр" ғарыш айлағында кәсiпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық жүйесiн (ERP) енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаны орындау үшiн 100000000 (бip жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады