"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 824 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға
арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы

      Осы Заң 2007-2009 жылдарға арналған үш жылдық мерзiмге жылдар бойынша бөлiне отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферт көлемiн айқындайды.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендiрiлген трансферттiң көлемi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2007-2009 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттi мынадай мөлшерде белгiленсiн:
      2007 жыл - 301 715 681 мың теңге;
      2008 жыл - 341 430 640 мың теңге;
      2009 жыл - 337 027 071 мың теңге.

      2-бап. Осы Заң 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады