Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Мәдени-iзгiлiк саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 837 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдени-iзгiлiк саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрi Ермұхамет Қабиденұлы Ертiсбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдени-iзгiлiк саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

       Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдени-iзгiлiк саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
      1994 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бiлiм, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      өзара түсiнiстiктi нығайтуға, мәдениет, өнер, ғылым, бiлiм, мұрағат ісі, жастар саясаты саласындағы тең құқылы ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге өзара ұмтылуға негiзделе отырып,
      мынадай салаларда ынтымақтасуға келiстi:
      1. Жалпы ережелер
      1.1. Осы Бағдарламаға енгiзiлген барлық қызмет түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      1.2. Осы Бағдарламада көзделген барлық қызмет түрлері Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады және қаржыландырылады. Егер әрбiр жекелеген жағдайда шығындарды қаржыландырудың өзгеше тәртiбi айтылмаған болса, әрбiр Тарап осы Бағдарламаны iске асыруға байланысты барлық шығыстарды дербес көтередi.
      1.3. Тараптар мемлекеттерiнiң осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
      қазақстан тарабынан - Мәдениет және ақпарат министрлiгi - мәдениет, өнер, мұрағат iсi бөлiгi бойынша; Бiлiм және ғылым министрлiгi - ғылым, бiлiм, жастар саясаты бөлiгi бойынша;
      өзбек тарабынан - Мәдениет және спорт iстерi жөнiндегі министрлiк, Министрлер Кабинетi жанындағы "Узархив" агенттiгi - мәдениет, өнер, мұрағат iсi бөлiгi бойынша, Орта арнайы және жоғары бiлiм министрлiгi, Халық бiлiмi министрлiгi, "Камолот" қоғамдық қозғалысы - ғылым, бiлiм және жастар саясаты бөлiгi бойынша.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етiледi.
      1.4. Осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Тараптар ынтымақтастығы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамалары шеңберiнде жүзеге асырылады.

2. Мәдениет және өнер саласында

      2.1. Тараптар мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық ынтымақтастық үшiн қолайлы жағдай жасайтын болады.
      2.2. Тараптар бiрлескен мәдени-iзгiлiк iс-шаралары шеңберiнде Ташкент қаласында M. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының, Алматы қаласында Өзбек ұлттық академиялық драма театрының алмасу гастрольдерiн өткiзедi.
      2.3. Тараптар Қазақстан өкiлдерiнiң Самарқанд қаласындағы "Шарқ тароналари" "Шығыс әуендерi" атты IV (халықаралық музыка фестивалiне қатысуына ықпал ететiн болады.

3. Мұрағат iсi саласында

      3.1. Тараптар мұрағат iсi саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мынадай бағыттар бойынша ықпал етедi:
      - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi мен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы  "Узархив" агенттiгi арасында Мұрағат iсi саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу;
      - Өзбекстан Республикасының мұрағаттарынан Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды iздеу және алу жөнiндегi ғылыми-зерттеу экспедицияларын (iссапарлар) ұйымдастыру.

4. Бiлiм және ғылым саласында

      4.1. Тараптар бiлiм мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында екi жақты байланысты нығайтуға жәрдем көрсетеді және мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты көтермелейді:
      - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының оқушылары арасында елдер арасындағы ынтымақтастыққа арналған шығармалар конкурсын өткiзу;
      - Ташкент, Шымкент қалаларында Қазақстан мен Өзбекстанның қазақ және өзбек тiлдерiнде оқытатын мектептерiнiң басшыларына арналған республикалық семинар-кеңес өткiзу;
      - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарының көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттерін өткiзу;
      - мәдени-iзгiлiк мұра саласында бiрлескен ғылыми-практикалық конференциялар және ғылыми-зерттеу жобаларын өткiзу.

5. Жастар саясаты саласында

      5.1. Тараптар жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша дамытатын болады:
      - студенттiк командалардың қазақстан-өзбек фестивалiн өткiзу;
      - Қазақстанның және Өзбекстанның жастар ұйымдары көшбасшыларының слетiн өткiзу.

6. Қорытынды ережелер

      6.1. Осы Бағдарламаның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар жолымен шешедi.
      6.2. Осы Бағдарламаға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Бағдарламаның ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамаларға қол қою жолымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      6.3. Осы Бағдарлама қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
      ______жылғы "__" ________ ________ қаласында екi түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды.

       Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Мәдени-iзгiлiк саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына iс-шаралар жоспары      

N Іс-шаралар мазмұны Өткізілу мерзімі Орындаушылар
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы
Мәдениет саласында

1.

Мыналардың:
- Ташкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының
- Алматы қаласындағы Өзбек ұлттық академиялық драма театрының бірлескен мәдени-ізгілік іс-шаралары шеңберінде алмасу гастрольдерін өткізу

2007 жылғы қыркүйек

  2008 жылғы қыркүйек

МАМ

МСМ

2.

Қазақстан өкілдерінің Самарқант қаласындағы "Шарқ тароналари" ("Шығыс әуендері") атты IV-шы Халықаралық музыка фестиваліне қатысуы

2007 жылғы тамыз

МАМ

МСМ

Мұрағат ісі саласында

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы "Узархив" агенттігі арасында Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу

2006-2007

МАМ

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы "Узархив" агенттігі

4.

Өзбекстан Республикасының мұрағаттары мен кітапханаларынан Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды іздеу мен алу бойынша ғылыми-зерттеу экспидицияларын (іссапарлар) ұйымдастыру

2008

МАМ

МСМ, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы "Узархив" агенттігі

Білім саласында

5.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы оқушылары арасындағы елдер арасындағы ынтымақтастыққа арналған шығармалар конкурсы

2007

БҒМ

ХБМ

6.

Ташкент, Шымкент қалаларында Қазақстан мен Өзбекстанның қазақ және өзбек тілдерінде оқытатын мектептерінің басшыларына арналған республикалық семинар-кеңес

2008

БҒМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

ХБМ

7.

Өзбекстан Республикасындағы қазақ тілінде оқытатын мектептерде және Қазақстан Республикасында өзбек тілінде оқытатын мектептерде сыныптан тыс сабақтарда қосымша пайдалану үшін оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен алмасу

жыл сайын

БҒМ

ХБМ

8.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындары көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттерін өткізу

2008 жылғы қазан

БҒМ, Қазақ ұлттық музыка академиясы

ОАЖБМ, Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясы

Ғылым саласында

9.

Мәдени-ізгілік мұра саласында бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу

2008

БҒМ, МАМ

ОАЖБМ

Жастар саясаты саласында

10.

Студенттік командалардың қазақстан-өзбек фестивалін өткізу

2008

БҒМ

ОАЖБМ, "Камолот" қоғамдық қозғалысы

11.

Қазақстан және Өзбекстан жастар ұйымдары көшбасшыларының слеті

2008

БҒМ

ОАЖБМ, "Камолот" қоғамдық қозғалысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады