Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫFЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың бiрiншi абзацы "30" деген цифрлардан кейiн ", 32" деген цифрлармен толықтырылсын;
осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 32-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық 2006 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2006 жылғы "__"______
N___Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
32-қосымша
Ipi салық төлеушілерден түсетiн салықтық
түсiмдердi тексеруді жүзеге асыратын мамандандырылған
бөлiм қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын
(ставкаларын) есептеуге арналған арнайы коэффициенттер
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарының тiзбесiне сәйкес санаты |
Арнайы коэффициент мөлшерi |
С-5 |
10 |
С-6 |
9 |
С-9 |
8 |