Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан Республикасының имидждік кампаниясын "TURNER "Time Warner Company" компаниясының қамтамасыз етуі жөніндегі қызметкерге ақы төлеу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 224000000 (екі жүз жиырма төрт миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі