"Caпa саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 879 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ ЖАРЛЫҒЫ "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2006 жылдан бастап жыл сайынғы "Сапа саласындағы жетiстiктері үшін" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсы тағайындалсын.
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшін" Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаттары атағын және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссия құрылсын.
      3. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурсты өткiзу және лауреаттар атағын беру ережесi;
      2) "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу және дипломанттар атағын беру ережесi;
      3) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының лауреаттары атағын және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегі комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi жыл сайынғы "Алтын Сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметі осы Жарлық pecми жарияланғаннан кейін бір ай мерзiмде белгiленген тәртіппен:
      1) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау epeжecін;
      2) "Алтын Сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын өнiмдi сараптамалық бағалау материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн әзiрлесiн және бекітсін.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2006 жылғы "___№"_________
N ____ Жарлығына    
      Қосымша    

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының лауреаттары атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссияның құрамы

Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы            Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы,
                               төраға

Школьник                     - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич             Индустрия және сауда министрi,
                               төрағаның орынбасары

Ахметов                      - "Атамекен" Қазақстан жалпыұлттық
Серiк Нығметұлы                кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер
                               одағының басқарма төрағасы,
                               төрағаның орынбасары

Мұхамбетoв                   - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ғабит Мұхамбетұлы              және сауда министрлiгi Техникалық
                               реттеу және метрология комитетiнiң
                               төрағасы, хатшы

Әйтiмова                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бiрғаным Сарықызы              және ғылым министрi

Досаев                       - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы            Денсаулық сақтау министрi

Есiмов                       - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы             шаруашылығы министрi

Ертiсбаев                    - Қазақстан Республикасының
Ермұхамет Қабиденұлы           Мәдениет және ақпарат министрi

Iзмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының
Бақтықожа Салахатдинұлы        Энергетика және минералдық
                               ресурстар министрi

Ысқақов                      - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбдiлдәұлы              Қоршаған ортаны қорғау министрi

Мамин                        - Қазақстан Республикасының Көлiк
Асқар Ұзақбайұлы               және коммуникация министрi

Сағынтаев                    - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы              монополияларды реттеу агенттiгiнiң
                               төрағасы

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы               Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                               вице-министрi

Радостовец                   - Қазақстан Республикасының тауар
Николай Владимирович           өндiрушiлерi мен экспорттаушылары
                               одағының төрағасы

Галимов                      - Қазақстан құрылысшылары
Фарид Хабибрахманович          қауымдастығының президенті

Попелюшко                    - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу
Анатолий Висханович            өнеркәсiбiнiң тауар өндiрушiлерi
                               одағының президентi

Пiшембаев                    - Қазақстан машина жасаушылар
Мейрам Құдайбергенұлы          одағының басқарма төрағасы

Тiлеубаев                    - Қазақстан Астық одағының
Нұрлан Сақтапбергенұлы         президентi

Соловьева                    - Қазақстан Сүт одағының тең
Айгүл Сағадибекқызы            төрайымы

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2006 жылғы "___№"_________
N ____ Жарлығымен   
      бекітілген        

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу
және лауреат атағын беру ережесi

      1. "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы (бұдан әрi - сыйлық) ұйымның өнiмнiң және/немесе қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.
      2. "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) осы Ереженiң 5-тармағында көзделген алты номинациядағы екi санат бойынша жыл сайын сыйлықтар бередi.
      Комиссия шешiмiнiң негiзiнде конкурстың жеңiмпаздарына сыйлық лауреаты атағы берiледi.
      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты (бұдан әрi - конкурс) ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.
      4. Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiрумен (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар үмiткер бола алады.
      5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
      Ұйымдар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:
      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
      3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
      Әр номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екi сыйлық берiледi:
      1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
      2) iрi кәсiпкерлiк субъектiсi.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
      7. Сыйлықты алуға оны белгiлi бiр номинацияда алғаннан кейiн екi жыл iшiнде оған қайта ұсынуға жол берiлмейдi.
      3. Ұйымдардың конкурсқа ұсынылған сапа саласындағы жұмыс нәтижелерi бұл нәтижелердiң конкурсқа қатысуға өтiнiш берiлгенге дейiнгi кемiнде үш жыл бұрын практикада iске асырылуы шартымен қарауға қабылданады.
      9. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын кезектi конкурс өткiзiлетiн жылдың алдындағы жылдың желтоқсанында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 
      10. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлғалар "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және тиiстi жылдың 30 қыркүйегiнен кешiктiрмей конкурсты ұйымдастырушыға бередi.
      11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды және алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады. 
      12. Комиссия осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың және Комиссия отырысы хаттамасының негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаттары атағын беру туралы шешім қабылдайды.
      13. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға сыйлық берiледi, диплом мен конкурстың эмблемасы тапсырылады.
      14. Конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаттары атағын беру рәсiмi салтанатты түрде жыл сайын өткiзiледi және Дүниежүзiлiк сапа күнiне арналады (қарашаның екiншi бейсенбiсi).
      15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      16. Сыйлық лауреаты атағына ие болмаған конкурсқа қатысушылар сапа саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде Конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынымдар алады.
      17. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берiлгеннен кейiн екi жыл iшiнде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

      Қазақстан Республикасы
Президентінің      
2006 жылғы "___№"_________
N ____ Жарлығына    
      Қосымша    

"Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу және дипломант атағын беру ережесi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсын (бұдан әрi - конкуpc) ұйымдастырушы (бұдан әрi - өңiрлiк конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi "Алтын Сапа" өңiрлiк конкурсының ұйымдастырушылары (бұдан әрi - өңiрлiк конкурсты ұйымдастырушылар) болып табылады.
      2. Конкурстың негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) заңды және жеке тұлғалардың отандық өнiмнiң сапасын арттыруға бағытталған жұмысын жандандыру;
      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен толықтыруға жәрдемдесу;
      3) отандық және халықаралық стандарттар негiзiнде сапаны басқару мен қамтамасыз етудiң қазiргi заманғы әдiстерiн кеңiнен енгiзуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттiлiгiне мемлекеттiк органдардың, өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару; 
      5) халық арасына сапа идеяларын кеңiнен таныту.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;
      2) конкурсты ұйымдастырушы растаған өнiм сапасының тұрақты жоғары деңгейiн және оны жүйелi түрде жақсартуды қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерi бар заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер конкурсқа қатысушы бола алады.
      4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер "Алтын Сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын өнiмдi сараптамалық бағалау материалдарын ресiмдеу, ұсыну, алдын ала бағалау ережесiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және тиiстi жылдың 30 қыркүйегiнен кешiктiрмей конкурсты ұйымдастырушыға бередi. 
      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргiзiледi: 
      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";
      2) "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";
      3) "Тамақ өндiрудегi үздiк тауарлар".
      6. Конкурс Комиссия шешiмiмен бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес өткiзiледi.
      "Алтын Сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарын (бұдан әрi - өңiрлiк конкурстар) ұйымдастырушылар тиiстi жылдың 30 қыркүйегiнен кешiктiрмей конкурсты ұйымдастырушыға өңiрлiк конкурстар жеңiмпаздарының қажеттi құжаттарын жiбередi.
      Өңiрлiк конкурстардың жеңiмпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
      7. Конкурсты ұйымдастырушы өңiрлiк конкурс жеңiмпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.
      8. Комиссия осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрi - конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешiм қабылдайды. 
      Конкурстың әр номинациясында қосымша, бiрақ екiден аспайтын конкурс дипломанттары атағы берiлуi мүмкiн.
      9. Конкурс дипломанттары әр номинацияда "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының I, II, III дәрежелi дипломдарымен марапатталады. 
      10. Конкурс дипломанттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      11. Конкурс дипломанттары екi жыл iшiнде конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады. 

      Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2006 жылғы "___№"_________
N ____ Жарлығымен    
бекітілген       

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының лауреаттары атағын және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының лауреаттары атағын және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және мемлекеттiк басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардан, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құралады. 
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның мiндеттерi:
      1) "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған конкурсқа және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсына (бұдан әрi - конкурстар) қатысу үшiн өтiнiмдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;
      2) конкурстарға қатысушыларды бағалауды жүргiзу және үмiткерлердi iрiктеу;
      3) конкурстардың лауреаттарын және дипломанттарын анықтау.
      4. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға құқығы бар;
      2) Комиссияның жұмыс органынан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      3) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға ие.

3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияның құрамына:
      1) Комиссияның төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
      3) Комиссияның хатшысы;
      4) Комиссияның мүшелерi кiредi.
      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзi тағайындаған орынбасары орындайды.
      Комиссияның төрағасы конкурстарда көзделген эмблемаларды, сыйлықты және дипломды бекiтедi. 
      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның мүшелерiне қарауға ұсынады.
      8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мынадай функциялар жүктеледi:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс органының ресми веб-сайты арқылы конкурстардың өткiзiлу мерзiмi мен шарттары-туралы хабарлау;
      2) конкурстарға қатысушылардан келiп түсетiн материалдарды қабылдау және конкурстарға одан әрi қатысу үшiн ұйымдарды iрiктеу;
      3) сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары мен тиiстi бiлiм саласындағы мамандарды, сондай-ақ құрылатын сараптамалық топтарды тарта отырып, келiп түскен материалдарды сараптауды қоса алғанда, оларды алдын ала қарау;
      4) Комиссия отырыстарын дайындау, ұйымдастыру;
      5) конкурстардың жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмiн ұйымдастыру;
      6) конкурстар жеңiмпаздарының тәжiрибесiн таратуға жәрдемдесу.
      9. Комиссия жыл сайын конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу бойынша тиiстi жылға арналған iс-шаралар жоспарын анықтайды және бекiтедi.
      10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      11. Конкурс жеңiмпаздары атағын беру туралы түпкi шешiмдi ашық дауыс берудi жүргiзу жолымен комиссия қабылдайды және егер ол үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Шешiм отырыстың хаттамасымен ресiмделедi және оған Комиссияның барлық қатысқан мүшелерi қол қояды. Комиссияның шешiмi ресми басылымда жарияланады.
      12. Конкурстардың жеңiмпаздарына сыйлық пен дипломдарды беру Дүниежүзiлiк сапа күнiне (қарашаның екiншi бейсенбiсi) орайластырылған салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
      Конкурс материалдарында қамтылған және жергiлiктi жерлердегi сараптама барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге мақсаттар үшiн оның жазбаша келiсiмiнсiз пайдаланылмайды.
      13. Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады