"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының теңгерімінен Бауыржан Момышұлы даңғылы, 6/2 мекен-жайында орналасқан "90 пәтерлі жатақхана" объектісінің инженерлік желілері мен трансформаторлық шағын станциясын республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен инженерлік желілер мен трасформаторлық шағын станцияны қабылдап алу-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»20 қыркүйектегі
N 888 қаулысына қосымша
Республикалық меншіктен
Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін
90 пәтерлі жатақхана объектісінің инженерлік желілері
мен трасформаторлық шағын станциясының тізбесі
р/с N № |
Атауы | Негізгі көрсеткіштер | Теңгерімдік құны, теңгемен |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1. |
10 КВт энергиямен жабдықтау желілері |
434,00 қ.м. |
6 527 010 |
2. |
0,4 КВт энергиямен жабдықтау желілері |
200,00 қ.м. |
285 880 |
3. |
Су құбыры мен кәріз желілері |
475,96 қ.м. |
16 230 240 |
4. |
Трансформаторлық шағын станция |
1 дана |
18 186 030 |
Жиыны: |
41 229 160 |