Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 1071 Қаулысымен.
Қазақстандық "KazSat" байланыс және хабар тарату спутнигiнiң ұшырылуына байланысты және ақпараттық қауiпсiздiк мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлі мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазақстандық "KazSat" байланыс және хабар тарату спутнигi арқылы телекоммуникациялық трафиктi өткiзудi жүзеге асыратын байланыс операторларынан стратегиялық мәнi бар спутниктiк байланыс қызметтерiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзсiн.
2. Осы қаулының күшi қызметi "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңында регламенттелмеген, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген ұйымдарға қолданылмайды.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі