Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегі iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесiнiң 36.2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Тауар белгiлерiн қолдан жасауды және зияткерлiк меншiк құқығын бұзатын адамдарды анықтау, сондай-ақ оларды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар Жоспарда көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз eтciн және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтардан және 15 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне оларды iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 25 қаңтардан және 25 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
N 929 қаулысымен
бекітілген
Тауар белгілерін қолдан жасауды және зияткерлік меншік
құқығын бұзатын адамдарды анықтау, сондай-ақ оларды әкімшілік
және қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шаралардың атауы | Жауапты орындаушылар | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмысты талдауды ескере отырып, мүдделі тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтік тексерулер жүргізу |
Әділетмині (жинақтау), ІІМ, ҚПА, Қаржымині, БП |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Жыл сайын 25 қаңтар, 25 шілде |
2. |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес контрафактілік өнім өндірумен айналысатын астыртын цехтарды, оларды нарыққа түсіру және өткізу арналарын анықтау жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу |
ҚПА (жинақтау), ІІМ, Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ақпарат |
Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде |
3. |
Қазақстан Республикасының аумағына контрафактілік өнімді әкелуі мәніне көлік құралдарына бірлескен рейдтік тексерулер жүргізу |
Қаржымині (жинақтау), ІІМ |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ақпарат |
Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде |
4. |
Нормативтік және техникалық іс-шаралар кешенін қамтитын неғұрлым қолдан жасауға ұшырайтын тауарлардың (алкогольдік, темекі, фармацевтикалық, аудио және бейне, тағы басқа өнімдер) түпнұсқалығын жедел сәйкестендіру тетігін енгізу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу |
ИСМ (жинақтау), Қаржымині, Әділетмині |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
2006 жылғы қазан |
5. |
Авторлық және сабақтас құқықтарды және өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды және тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 184-1, 199-баптары бойынша қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шаралар әзірлеу |
ҚПА (жинақтау), ІІМ |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
2006 жылғы желтоқсан |
Ескертпе. Аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы:
ИСМ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
Әділетмині Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҚПА Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
министрлігі);
Қаржымині Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БП Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы