Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 934 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы N 94  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 5, 47-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiнде:

      9-тармақта "аттестаттау" деген сөз "емтихан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тыңдаушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және ұйымның Жарғысын бұзған жағдайда ол ұйым басшысының бұйрығымен тыңдаушылар құрамынан шығарылады.";

      11-тармақта:
      "Кадрларды қайта даярлау" деген сөздер "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргiзiледi.
      Тыңдаушыға оқып жүрген уақытында оның осы ұйымға оқуға келу мерзiмi туралы куәландыратын анықтама берiледi.";

      23-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "қаражат" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер".

      2) "Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы N 113  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 61-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiнде:

      5-тармақта:
      үшiншi абзацта "өзектi проблемалар" деген сөздер "басым бағыттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ғылымды, бiлiм беру мен өндiрiстi ықпалдастыру;";

      8-тармақта "Бiлiм беру процесi, зерттеудi жүргiзу және алдын-ала қорғаудан өтудiң тәртiбi" деген сөздер "Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде және заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша ақылы негiзде де жүзеге асырылады.
      Ақылы негiзде оқыту құнын ұйым айқындайды.";

      13-тармақ алынып тасталсын;

      22-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "қаражат" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көздер";

      26-тармақ "бұрмалағаны үшiн" деген сөздерден кейiн ", мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бөлiнетiн бюджет қаражатын игеру үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) "Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы N 195  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 11, 110-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiнде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Оқу жылының басталу және аяқталу уақыты оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестесiнде белгiленедi.
      Бiтiрушi курстардан басқа, барлық курстарда оқу жылының ұзақтығы кемiнде 30 аптаны құрайды. Емтихан сессияларының ұзақтығы бiр оқу жылында кемiнде 6 аптаны құрауы тиiс.";

      10-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "практика" деген сөз "бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта:
      "тәжiрибелi өндiрiс мамандарын" деген сөздер "ғылыми қызметкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27-тармақта "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейiн "негiзгi" деген сөзбен толықтырылсын;

      35-тармақта "мен атағы" деген сөздер "және/немесе ғылыми атағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "10" деген сандар "кемiнде 10" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "олардың" деген сөзден кейiн "кемiнде" деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi абзацта:
      "мәдениет" деген сөзден кейiн ", туризм" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "қазақ тiлi" деген сөздерден кейiн ", орыс тiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
      ", оның iшiнде ғылыми дәрежелерi мен ғылыми атақтары барлардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      40-тармақта:
      екiншi абзацта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) бiлiм алушылардың барлық түрдегi кәсiптiк практикаларын, тағлымдамадан өтуiн, курстық және диплом жобаларын (жұмыстарын), магистрлiк диссертацияларын ұйымдастыруды және басшылық жасауды, оларды әдiстемелiк қамтамасыз етудi;";
      үшiншi абзацта:
      3) тармақшада:
      "дайындауды қамтиды." деген сөздер "дайындауды;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) бiлiм алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруды қамтиды.";
      төртiншi абзацта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бiлiм алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының, кәсiптiк мектептердiң, кәсiптiк лицейлердiң, колледждердiң бiлiм алушылары арасында кәсiби бағдар беру жұмысын жүргiзу";
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 42-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;

      43-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "оқу және өндiрiстiк" деген сөздердiң алдынан "барлық түрдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "курстық және бiтiру жұмыстарын" деген сөздер "курстық жобаларды (жұмыстарды), диплом жобаларын (жұмыстарды), магистрлiк диссертацияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", ұйымдарда, мекемелерде" деген сөздер "және басқа да ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы ", ұйымдардағы, мекемелердегi" деген сөздер "және басқа да ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұйымдастырылады" деген сөз "құрылады" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады