Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгі ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 113 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: қараңыз.Z070319

      1. Қоса берiліп отырған Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң       
2005 жылғы 7 ақпандағы 
N 113 қаулысымен    
бекiтілген      

Жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм
беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары
қызметінің үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi - Ереже).
      2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарының (бұдан әрi - Ұйымдар) басты мiндетi жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау болып табылады.
      3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының клиникалық ординатурасында, ассистентура-тағылымдамасында, аспирантурасында, адъюнктурасында және докторантурасында ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстыру, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру нысанында жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдар өз Жарғысын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлейдi.

2. Ұйымның негізгі функциялары

      5. Ұйымның негiзгi функциялары:
      кәсiби мiндеттердi дербес және шығармашылық тұрғыдан шешуге, жаңа ғылыми идеяларды қабылдауға және жаңа технологияларды алға апарушы болуға қабiлеттi кәсiби-құзыреттi жеке тұлғаны, бәсекеге қабiлетті маманды қалыптастыру;
      басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулердi дамыту;
      ғылымды, бiлiм беру мен өндiрiстi ықпалдастыру;
      жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласында ғылыми және инновациялық қызметтi жандандыру;
      оқытудың жаңа технологияларын енгізу, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және бiлiм беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.

3. Ұйымның бiлiм беру қызметi

      6. Ұйымның бiлiм беру қызметiн жүргізу құқығы лицензия алған сәттен бастап туындайды және оның мерзiмi аяқталған, керi қайтарып алынған немесе ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
      7. Азаматтарды ұйымға қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      8. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiм беру туралы ережемен реттеледi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
      9. Диссертация қорғау диссертациялық кеңесте өткiзiледi. Диссертациялық кеңестiң жұмыс тәртiбi білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Диссертациялық кеңес туралы ережемен реттеледі.
      10. Ғылыми дәреже беру тәртiбi білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн тиiсті ережелермен реттеледi.

4. Білiм беру процесiнiң субъектілері

      11. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде және заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша ақылы негiзде де жүзеге асырылады.
      Ақылы негiзде оқыту құнын ұйым айқындайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.28.  N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
      12. Шет мемлекеттер азаматтарының жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және халықаралық келiсiмдермен айқындалады.
      13. Алынып тасталды.
      Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.28.  N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
      14. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оқуға қабылданған ассистент-тағылымдамадан өтушiлер, ординаторлар, аспиранттар, адъюнкттер мен докторанттар ұйымдарда бiлiм алушылар болып табылады.
      15. Ұйымдардағы бiлiм алушылар "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтiк кесiмдерiнде, ұйымның Жарғысында белгiленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады.
      16. Профессорлық-оқытушылық лауазымдарға қабылдау рәсiмi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      17. Ұйымның қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады.
      18. Профессорлық-оқытушылық құрамның саны штаттық кестеге сәйкес белгіленедi.
      Профессорлық-оқытушылық құрамның, әдiскерлер мен басқа персоналдың штаттарын, ұйымның құрылымын ұйымның басшысы бекiтедi.

5. Ұйымды басқару

      19. Ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, осы Ережеге және ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      20. Ұйымды тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшы жүзеге асырады.
      Басшы осы ұйымның барлық санаттағы қызметкерлерi мен білiм алушылары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, қызметкерлердi атқаратын қызметiне қабылдайды және босатады.
      21. Ұйымның басшысы ұйымның атынан әрекет етедi және оның мүдделерiн қорғайды.

6. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi

      22. Ұйымды қаржыландыру:
      бюджет қаражаты;
      ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша оқыту үшiн алынатын қаражат;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.
      23. Ұйымдар өзiне бекiтiлген мүлiктi өзiнiң тағайындалуына өздерiнiң жарғылық мақсаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланады.

7. Бiлiм беру ұйымдарының қызметiн бақылау

      24. Ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

8. Есепке алу және есеп беру

      25. Ұйымдар жедел және бухгалтерлiк есептi жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша статистикалық бухгалтерлiк есеп берудi жүргiзедi, белгiленген тәртiппен тоқсандық және жылдық бухгалтерлiк статистикалық есеп бередi.
      26. Ұйымның лауазымды адамдары осы ұйымға бекiтiлген меншiктiң сақталуы және тиiмдi пайдаланылуы үшiн мемлекеттiк статистикалық есеп берудi бұрмалағаны үшiн, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бөлiнетiн бюджет қаражатын игеру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.28. N 934 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады