"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 949 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және
мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 жылғы 19 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 21 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы);
      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) теңiз ғылыми зерттеулерi - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге және олардың салдарларын зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары";
      2) 35-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының мердiгерден әлемдiк нарық бағасынан аспайтын баға бойынша мұнай сатып алуға бiрiншi кезекте құқығы бар. Сатып алынатын мұнайдың шектi көлемi, баға белгiлеу тәртiбi мен төлем түрi мердiгермен жасалатын жеке келiсiмде көрсетiледi.";
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж. N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 19 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 21 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 15) тармақшасының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) қазақстандық мазмұн - жыл сайынғы көлемнiң проценттiк мазмұны:";
      2) 7-баптың 6), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртiбiн белгiлейдi;
      12) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн пайдаланылуы мүмкiн, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;";
      3) 8-1-баптың 4) тармақшасында "жер қойнауын пайдалану" деген сөздерден кейiн "осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне 2000 және одан да көп текше метр көлемiнде жерасты өндiрiстiк-техникалық суларды барлауға және өндiруге," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 8-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн пайдаланылуы мүмкiн, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi;
      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн пайдаланылуы мүмкiн, облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жөнiндегi деректердiң тiзiлiмiн қалыптастыру бойынша облыстық атқарушы органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсу бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгiндегi келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындаудың мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi;
      6) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлары, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерi туралы есептiң және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасының нысандарын бекiтедi;
      7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға өкiлеттiк берген тұлғалардан жүргiзiлетiн және жүргiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алулар туралы ақпаратты сұратуға құқылы.";
      5) 9-баптың 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн пайдаланылуы мүмкiн, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiне енгiзiлуге жататын, облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер жөнiндегi деректердiң тiзiлiмiн қалыптастыруды жүзеге асырады;";
      6) 13-бапта:
      1-тармақ "құқығын беру" деген сөздерден кейiн "осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      1-4-тармақта: 
      "2000 текше метрден аз" деген сөздер "50-ден 2000 текше метрге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арнаулы уәкiлеттi орган" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "барлау және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-5) тармақпен толықтырылсын:
      "1-5. Мердiгерге пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық сызбасына сәйкес қойнауқатқа тарту үшiн тәулiгiне 2000 және одан да көп текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын барлау және өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсат беруi жолымен жүзеге асырылады.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Өз қажетi үшiн кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулiгiне 50 текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша пайдалануға берген кезде өз қажетi үшiн кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулiгiне 50 текше метрден аспайтын көлемдегi жерасты суларын пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта көрсетiлуi мүмкiн.";
      7) 41-1-баптың 3-тармағының yшiншi абзацында "мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) 41-2-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат пакетiнiң құны қайтаруға жатпайды.";
      9) 41-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары (акционерлерi) туралы мәлiметтер, олардың жарғылық капиталдағы үлестерiнiң (дауыс беретiн акциялары жалпы санының) мөлшерiн көрсетумен;";
      10) 41-5-баптың 2-тармағында:
      4-3) тармақшада "мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн" деген сөздер алынып тасталсын; 
      5) тармақша алынып тасталсын;
      11) 41-6-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) егер өтiнiш берушiге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптардың сақталмауына әкеп соқтырса, оның iшiнде келiсiм-шарт шеңберiндегi құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге арналған құқықтар шоғырланған жағдайда.";
      12) 41-7-бапта:
      1-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жазылым бонусының мөлшерi;
      4) инвестициялардың мөлшерi, жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi мен шарттары;";
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) өңiрдiң әлеуметтiк дамуына қатысуы;";
      7) тармақшада "мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бiр ғана конкурстық өтiнiм не бiр конкурстық ұсыныс түскен жағдайда осы объект бойынша конкурс өткiзiлмеген болып танылады. Конкурс өткiзiлмеген болып танылған кезде құзыреттi орган қайталама конкурсты белгiлеуi мүмкiн. Қайталама конкурсқа конкурстық ұсыныс берген бiр ғана қатысушы қатысқан жағдайда, мұндай қатысушы конкурс жеңiмпазы болып танылуы мүмкiн.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Қандай да бiр объект бойынша конкурстық ұсыныстар мазмұнының салыстырмалы теңдiгi кезiнде конкурстық комиссия конкурстық ұсыныстары неғұрлым жақсы болып танылған конкурсқа қатысушылар енгiзiлетiн "қысқа" тiзiм жасайды. Жеңiмпазды анықтау мақсатында конкурстық комиссия "қысқа" тiзiмге енгiзiлген конкурсқа қатысушылар өздерiнiң конкурстық ұсыныстарын жақсартуға құқылы мерзiмдi белгiлейдi. Конкурстық ұсыныстарды жақсарту үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия "қысқа" тiзiмге енгiзiлген конкурсқа қатысушылардың арасынан жеңiмпазды анықтайды.";
      9-тармақта:
      "келiсiм-шартты" деген сөз "келiсiм-шарт жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "он екi" деген сөздер "жетi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      13) 42-бапта:
      2-3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу келiсiм-шартты сараптамадан өткiзумен бiр мезгiлде жүзеге асырылады.";
      2-4-тармақ алынып тасталсын;
      14) 44-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Үшiншi тұлғалардың меншiгiндегi немесе пайдалануындағы жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес оларды алғаннан кейiн жүзеге асырылады.";
      15) 63-баптың 1-тармағында:
      7) тармақшада ", олар мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда," деген сөздер алынып тасталсын;
      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-1) жыл сайын, жылдық жұмыс бағдарламасы келiсiлген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша алдағы жылға тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасын сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органға тапсыруға;";
      мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-2) тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 15-күнiнен кешiктiрмей сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органға есеп беруге;";
      16) 63-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу
      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
      1) ашық немесе жабық конкурс;
      2) бiр көзден;
      3) баға ұсыныстарын сұрату.
      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбi, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ең көп мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың негiзгi тәсiлi конкурс болып табылады. Ашық және жабық конкурстар екi сатылы рәсiмдердi пайдалана отырып жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi бiр көзден сатып алуға мынадай жағдайларда:
      1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер тек табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзушiде болса ғана, немесе қандай да бiр нақты әлеуеттi жеткiзушi осы тауарларға жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие болса;
      2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер тек белгiлi бiр тауар нарығында басым (монополиялық) жағдайға ие, оның осы нарықтағы үлесi жүз процентке тең нарық субъектiсiнде болса ғана, немесе балама жоқ болса;
      3) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер тек мемлекеттiк монополияның субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзушiде болса ғана;
      4) дүлей апаттар (жер сiлкiнiстерi, селдер, көшкiндер, тасқын сулар және басқалар), табиғи өрт, эпидемиялар мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурудан және зиянкестерден бүлiнуi тудырған төтенше жағдайларды, сондай-ақ өнеркәсiп, көлiк және басқа авариялар тудырған төтенше жағдайларды жариялау салдарынан осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге шұғыл қажеттiлiк туса;
      5) қандай да бiр жеткiзушiден тауарларды, жабдықты, технологияны, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жер қойнауын пайдаланушыда өзiнде бар тауарларды, жабдықты, технологияны, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi бiрегейлендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi тағы да сол жеткiзушiден сатып алу қажеттiгi туса;
      6) конкурс өткен жоқ деп танылса;
      7) конкурстың қорытындыларын шығаруға дейiнгi кезеңде күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгi болса ғана рұқсат берiледi.
      4. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында конкурстар өткiзуге мiндетті.";
      17) 63-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мердiгер жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде осы Заңның талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушiлерден сатып алуға мiндеттi.";
      18) 70-2-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Құзыретті орган, қажет болған жағдайда, тексерулердi жүргiзу кезiнде консультациялар алу, арнайы бiлiм мен дағдыларды талап ететін мәселелердi зерттеу үшiн консультанттарды (тәуелсiз сарапшыларды) тартуға құқылы.".

       2-бап.  Өтпелi және қорытынды ережелер
      1. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Тәулiгiне 2000 және одан да көп текше метрден астам алу лимитiмен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын өндiрудi жүзеге асыратын су пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бұрын берген рұқсаттардың негізiнде осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап үш жыл iшiнде тікелей келіссөздер негiзiнде шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын өндiруге Құжатты органмен келісім-шарт жасаса алады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады