Жек дуадақтарды аулауды жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 980 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  15-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2006 жылғы 10 қыркүйек - 15 қараша кезеңiнде өз ителгiлерiмен жек дуадақтарға ителгiмен саятшылық құруға:
      1) шейх Халифа Бин Заед Аль Нахаянға (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Оңтүстiк Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттiк қорық аймағы аумағында 15 дарақ жек дуадақты және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк қорық аймағы аумағында 30 дарақ жек дуадақты;
      2) шейх Cуpуp Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендiрлi-Қаясан мемлекеттiк қорық аймағының аумағында 45 дарақ жек дуадақты;
      3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендiрлi-Қаясан мемлекеттiк қорық аймағының аумағында 40 дарақ жек дуадақты аулауға рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тұлғаларға жек дуадақтарды өз ителгiлерiмен аулауға белгiленген тәртiппен рұқсат берсiн;
      ителгiмен саятшылық құруды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
      "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының көрсетiлген Ереженiң 8-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуiн және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Биологиялық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорынның "Зоология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тұлғамен шарттық негiзде жек дуадақтың таралымын қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкiмшiлiк органы ителгiмен саятшылық құру үшiн жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкетудi Жойылып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып қамтамасыз етсiн.

      4. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi көрсетiлген iс-шараларды ұйымдастыруда қажеттi жәрдем көрсетсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады