Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.14. N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.26 N 497 Қаулысымен.
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Уәкілетті органның басқа телекоммуникация желiлерiн басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қосу қызметтерiн көрсету шарттарын, сондай-ақ желiлердiң өзара iс-әрекет етуi және трафиктi өткiзу жөнiндегi онымен байланысты мiндеттемелердi айқындайтын қосылу шартын бекiту ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.26 N 497 Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 16 қазандағы
N 996 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.26 N 497 Қаулысымен.
Уәкілетті органның басқа телекоммуникация желiлерiн басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қосу қызметтерiн көрсету шарттарын, сондай-ақ желiлердiң өзара iс-әрекет етуi және трафиктi өткiзу жөнiндегi онымен байланысты мiндеттемелердi айқындайтын қосылу шартын бекiту ережесi туралы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басқа телекоммуникация желiлерiн басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қосу қызметтерiн көрсету шарттарын, сондай-ақ желiлердiң өзара iс-әрекет етуi және трафиктi өткiзу жөнiндегi онымен байланысты мiндеттемелердi айқындайтын қосылу шартын бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрi - заңдар) сәйкес әзiрлендi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.26 N 497 Қаулысымен.
2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
2. Қосу шартын бекiту тәртiбi
3. Басым байланыс операторы кез келген байланыс операторымен жария болып табылатын қосу шартын жасағаннан кейiн, жасалған күнiнен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде оны уәкілетті органға бекiтуге ұсынады.
4. Басым байланыс операторы ұсынған қосу шартын уәкілетті орган қосу шартын алған күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
5. Қосу шарты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган басым байланыс операторына оларды жою жөнiндегi ескертулерi мен ұсыныстарын жiбередi.
6. Басым байланыс операторы тиiстi ескертулер мен ұсыныстарды алған күнiнен бастап жетi күнтiзбелiк күн iшiнде оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды және қосу шартын уәкілетті органға қарау үшiн қайта енгiзедi.
7. Уәкілетті орган қосу шартын алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оны бекiту туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
3. Қорытынды ережелер
8. Осы Ереженiң шеңберiнде уәкілетті орган мен басым байланыс операторының арасындағы келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.