Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қазандағы N 999 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 123 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 123 Қаулысымен.

      "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы 27-бабының 16-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 17 қазандағы
N 999 қаулысымен 
бекiтiлген 

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының
бұзылуына тергеу жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және Заңның 7, 10 және 11-баптарында көзделген бұзушылықтарға тергеу жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының нарық субъектiлерi - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларға (олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне), сондай-ақ мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - тергеу субъектiлерi) қолданылады.

      3. Ереже Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша тексерулер жүргiзуге, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзуге байланысты қатынастарға қолданылмайды.

2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргiзу тәртiбi

      4. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың бар екендiгi туралы ақпараттан тұратын тексеру нәтижелерi туралы анықтамаға қол қойылған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тергеу туралы шешiм қабылдайды.

      5. Тергеу жүргiзу кезiнде, оны жүргiзуге уәкiлеттi адамдар:
      1) тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылдау үшiн негiз болып табылған мәселелер бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi;
      2) тергеу субъектiлерi бойынша статистикалық және талдау деректерiн;
      3) тергеу субъектiлерi ұсынатын құжаттар мен материалдарды;
      4) тексеру, оның iшiнде тергеу мәнiне жататын басқа субъектiлерге қатысты жүргiзiлетiн нәтижелердi басшылыққа алады.

      6. Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешiм қабылдаған күнi тергеудiң басталуы болып саналады.

      7. Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешiмi:
      1) тергеудi жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымын, тегiн, атын және әкесiнiң атын;
      2) тергеу жүргiзу негiздерiнiң көрсетiлуiн;
      3) заңды бұзуға тартылған нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың тiзбесiн;
      4) тергеу жүргiзу мерзiмiн қамтиды.

      8. Тергеу туралы шешiмге монополияға қарсы органның басшысы не ол уәкiлеттiк берген өзге тұлға қол қояды, монополияға қарсы органның мөрiмен куәландырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар ескерiле отырып, арнайы журналда тiркеледi.

      9. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы үш жұмыс күнi iшiнде тергеу жүргiзiлетiн нарық субъектiсiне, мемлекеттiк органға тергеу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсетедi, не осы шешiмдi нарық субъектiсi басшысының, мемлекеттiк органның лауазымды адамының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiбередi.

      10. Тергеу жүргiзуге уәкiлеттi адамдардың талабы бойынша тергеу субъектiсi жұмыс iстеу үшiн қажеттi үй-жайды ұсынуы, тергеу жүргiзуге өзге де жәрдем көрсетуi мүмкiн.

      11. Тергеу жүргiзуге уәкiлеттi адамдар зерделейтiн материалдар тергеу субъектiсiнiң аумағында болған жағдайда соңғысы зерттелетiн материалдардың сақталуын қамтамасыз етедi.

      12. Тергеу субъектiсi тергеу жүргiзуге уәкiлеттi адамдардың аумаққа немесе үй-жайға кiруiне кедергi келтiрген кезде тергеу жүргiзетiн монополияға қарсы органның лауазымды адамы және нарық субъектiсiнiң басшысы, мемлекеттiк органның лауазымды адамы қол қоятын хаттама жасалады. Көрсетiлген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде нарық субъектiсiнiң басшысы, мемлекеттiк органның лауазымды адамы бас тарту себептерiнiң жазбаша түсiнiктемесiн беруге мiндеттi.

      13. Тергеудi жүргiзуге уәкiлеттi адамдардың көрсетiлген аумаққа немесе үй-жайға кiруiне кедергi келтiруi, сондай-ақ хаттамаға қол қоюдан бас тартуы тергеудi жүргiзбеуге негiз болып табылмайды.

      14. Тергеудi монополияға қарсы органның тергеу жүргiзу туралы шешiмiнде көрсетiлген адамдар ғана жүргiзуi мүмкiн.

      15. Тергеу барысында оны жүргiзуге уәкiлеттi адамдар тергеу мәнiне қатысы бар құжаттарды, сондай-ақ хат алысуды, белгiлердi, безендiрулердi (карталарды, диаграммаларды, суреттердi, схемаларды), фотографияларды, голограммаларды, кино-, бейнефильмдердi, дыбыстық жазбаларды, адамдардың түсiнiктемелерiн зерделейдi.

      16. Тергеу:
      тергеу субъектiсiнiң атауынан;
      тергеу туралы шешiмнiң нөмiрi мен күнiнен;
      тергеудiң басталған және аяқталған күнiнен;
      тергеудi жүзеге асыратын адамның (адамдардың) лауазымынан, тегiнен, атынан және әкесiнiң атынан;
      тергеу жүргiзудiң негiздемесiнен;
      Заңның тиiстi нормаларына сiлтеме жасала отырып, анықталған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың сипаттамасынан, не олардың жоқтығы туралы көрсетуден;
      заң бұзушылық не бұзушылықтың жоқтығы фактiсiнiң дәлелi болып табылатын қорытындыға қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiнен;
      тергеу жүргiзген адамдардың, сондай-ақ тергеу субъектiлерiнiң қолтаңбаларынан тұратын тергеу нәтижелерi туралы қорытынды жасаумен аяқталады.

      17. Қорытынды екi данада жасалады, оның бiреуi тергеу субъектiсiне тапсырылады.

      18. Тергеу нәтижелерi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тергеу субъектiсi оларды жазбаша түрде көрсетедi.

      19. Тергеу тергеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей аяқталады.
      Қосымша тергеу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның тергеу жүргiзуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына iстелген жұмыс нәтижелерi және тергеу мерзiмiн ұзарту қажеттiлiгiнiң негiздемелерi жазылған қызметтiк жазбаны ұсынады.

      20. Монополияға қарсы органның басшысы отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      21. Тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмнiң көшiрмесi оған қатысты тергеу жүргiзiлген нарық субъектiсi басшысының немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiберiледi не нарық субъектiсiнiң басшысына немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамына табыс етiледi.

      22. Заңның бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша қорытындының негiзiнде монополияға қарсы орган мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы;
      3) қылмыстық iс қозғау үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;
      4) Заңның бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы.

      23. Тергеу субъектiсiне тергеудiң нәтижелерi туралы қорытынды тапсырылған күнi тергеу аяқталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады