"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Yкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмдi және оның Хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1029 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмдi және оның Хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Малайзия Үкiметi
арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған
салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу
туралы келiсiмдi және оның Хаттамасын ратификациялау туралы

      2006 жылғы 26 маусымда Куала-Лумпур қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм және оның Хаттамасы ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президентi



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН МАЛАЙЗИЯ
YKIMETI АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚҚА
ҚАТЫСТЫ ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ
ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДАН ЖАЛТАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметi

      Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасуға ниет білдіре отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР

      1. Осы Келiсiм алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға қолданылады.

      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын барлық салық табысқа салынатын салықтар болып саналады.

      3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiргі салықтар мыналар болып табылады:

      а) Қазақстан Республикасында:

      (i) корпорациялық табыс салығы;

      (іі) жеке табыс салығы;

      (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталатын);

      b) Малайзияда:

      (i) табыс салығы;

      (іі) мұнай табыс салығы;

      (бұдан әрi - "Малайзия салығы" деп аталатын).

      4. Осы Келiсiм сондай-ақ Осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын бiрдей немесе кiрiске салынатын мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыр еттi органдары өздерiнiң салық салуға қатысты заңнамаларында жүргiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi.

3-бап ЖАЛПЫ АЙҚЫНДАМАЛАР

      1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін, мына терминдер:

      а) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын бiлдiредi және, географиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" терминi оның заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң егемендiк құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймақты қамтиды;

      b) "Малайзия" Малайзия Федерациясы аумағын, Малайзия аумақтық суларын, теңiз түбiн және аумақтық су қойнауларын бiлдiредi және Малайзия аумақтық суларынан тыс жердегi кез келген аймақты және аймақ болып табылатын немесе Малайзия заңнамасымен және халықаралық құқыққа сәйкес және болашақта белгiленуi мүмкiн, Малайзия органикалық, сондай-ақ, неорганикалық табиғи ресурстарды барлау мен өндiру мақсатында егемендi құқықтарын жүзеге асыратын осындай аймақтың теңiз түбi мен қойнауын қамтиды;

      с) "тұлға" жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;

      d) "компания" салық салу мақсаттары үшiн корпорациялық құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген тұлғаны бiлдiредi;

      e) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Малайзияны бiлдiредi;

      f) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;

      g) "ұлттық тұлға":

      (i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;

      (ii) өзiнiң мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы негiзiнде алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi, қауымдастықты немесе кез келген басқа да құрылымды бiлдiредi;

      h) "халықаралық тасымал" теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуемен кез келген тасымалды бiлдiредi;

      i) "құзыреттi орган":

      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгін немесе оның уәкiлетті өкiлiн;

      (ii) Малайзияда: Қаржы министрiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.

      2. Уағдаласушы Мемлекеттер осы Келiсiмдi кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзге мағына туындамаса, осы Мемлекеттiң осы келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты заңнамасы бойынша сол кезде ие болатын мағынаны иеленедi. Осы Мемлекеттің қолданыстағы салық заңнамасы бойынша терминнiң кез келген мәнi осы Мемлекеттiң басқа заңнамалары бойынша термин берiлетiн мәнге қарағанда басымдыққа ие болады.

4-бап РЕЗИДЕНТ

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оның тұратын жерi, резиденттiгi, басқару орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ Мемлекеттiң өзiн, оның саяси бөлiмшесiн, орталық және жергiлiктi билiк органын немесе уәкiлеттi органды қамтиды. Алайда осы термин осы Мемлекеттегi көздерден алынатын кiрiске қатысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.

      2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылатын жағдайда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:

      а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы бар Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады. Егер оның иелiгiнде Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып саналады;

      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелiгіндегi тұрақты баспанасы болмаса, онда ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады;

      с) егер ол әдетте екi Мемлекетте де тұрса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, онда ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып саналады;

      d) егер резиденттiң мәртебесi алдағы тармақшаларға сәйкес айқындалмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселе бойынша шешiмдi өзара келiсiм бойынша қабылдайды.

      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда оны тиiмдi басқару орны орналасқан Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады.

5-бап ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.

      2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:

      а) басқару орнын;

      b) бөлiмшенi;

      с) кеңсенi;

      d) фабриканы;

      е) шеберхананы;

      f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, ағаш әзiрлеудi немесе басқа да ағаш өндiрудi қоса алғанда кенiштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орнын;

      g) ферманы немесе плантацияны;

      h) 6 айдан астам жұмыс iстейтiн құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсiн;

      i) егер тек мұндай пайдалану 6 айдан астам уақытқа созылса, табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе ғимаратты, немесе бұрғылау қондырғысын, немесе кеменi қамтиды.

      3. Егер ол осы екiншi Мемлекетте қадағалау қызметiн мыналарға:

      а) құрылыс алаңына немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсiне, немесе

      b) осы екiншi Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыға немесе ғимаратқа, немесе бұрғылау қондырғысына, немесе кемеге байланысты 6 айдан артық уақыт жүзеге асырса, Уағдаласушы мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар болып саналады.

      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:

      а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;

      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;

      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын өзге кәсіпорынның қайта өңдеуі мақсаттары үшін ғана ұстауды;

      d) тұрақты қызмет орнын тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;

      e) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды қамтитын ретінде қарастырылмайды.

      5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, тек егер оның қызметi 4-тармақта айтылған ережелермен шектелмесе, ол егер кәсiпкерлiк қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырылса да, осы кәсiпкерлiк қызметтiң тұрақты орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмаса, онда кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар ретiнде қарастырылады.

      6. Кәсiпорын осы Мемлекеттегі кәсiпкерлiк қызметiн делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, мұндай тұлғалардың өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасауы шартымен, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.

      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе өзгедей жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.

6-бап ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МYЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша анықталады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер заңнамасының ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, мұнай немесе газ ұңғымасын, ағаш әзiрлеудi немесе басқа да ағаш өндiрудi қоса алғанда кеніштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кең орынын игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және игеру құқығын қамтиды. Теңiз, өзен және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.

      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.

      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.

7-бап КӘСІПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА

      1. Егер кәсiпорын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырмаса, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғандай, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасы екiншi Мемлекетте, бiрақ осындай тұрақты мекемеге жататын бөлiгiнде ғана салық салынуы мүмкiн.

      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсiпорын болса, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.

      3. Егер тұрақты мекеме олар қандай негiзделген нысанда болсын тұрақты мекемеге жататын дәрежеде тәуелсiз кәсiпорын болса, тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде шегерiм жасауға жатады-ау деген басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалмағанына қарамастан шығыстарды шегерiп тастауға жол берiледi.

      4. Егер құзыреттi орган билiгiндегi ақпарат кәсiпорынның тұрақты мекемесiне жататын пайданы анықтау үшiн жеткiлiксiз болып табылса, осы бапта ештеңе осы баптың қағидаттарына сәйкес құзыреттi органның билiгiндегi ақпарат қаншалықты мүмкiндiк беретiндей заң қолданылған жағдайда құзыреттi орган қимыл бостандығын немесе бағалау құқығын жүзеге асыру арқылы тұлғаның салық мiндеттемелерiн анықтауға қатысты осы Мемлекеттiң кез келген заңын қолдануға ықпал ете алмайды.

      5. Осы тұрақты мекеме кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негiзiнде ғана тұрақты мекемеге қандай да болсын пайда есептелмейдi.

      6. Егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, осы баптың алдағы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда жыл сайын бiркелкi тәсiлмен айқындалады.

      7. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында олар туралы жеке айтылатын табыс түрлерiн қамтитын болса, ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.

8-бап ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛIГI

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. 1-тармақ сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорында немесе халықаралық пайдалану ұйымына қатысудан Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны алған теңiз және әуе кемелерiн пайдаланудан алынатын пайданың үлесiне қолданылады.

9-бап ҚАУЫМДАСҚАН КӘСIПОРЫНДАР

      1. Мынадай:

      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқан; немесе

      b) сол бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқан жағдайда;

      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы өзара қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкін.

      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасау. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi ескерiлуi тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.

10-бап ДИВИДЕНДТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      2. Алайда резидентi дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң іс жүзiндегі иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осындай жолмен алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.

      Осы тармақ компанияның дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты салық салуын қозғамайды.

      3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе пайдаға қатысуға құқық беретiн борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi салық реттеуiне жататын басқа да корпорациялық құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.

      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме мен холдингке тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың және 15-баптың ережелерi қолданылады.

      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екiншi Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын және де бөлiнбеген пайдадан, тiптi егер төленетін дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен не iшiнара осы екiншi Мемлекетте пайда болған табыстан тұрса да компанияның бөлiнбеген пайдасынан салық алынбаған жағдайдан басқа, екiншi Мемлекет осы компания төлейтiн дивидендтерден салық алмауы мүмкiн.

      6. Осы Келiсiмде ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне немесе тұрақты базасына жататын компанияның пайдасына, осылайша есептелген осындай кез келген қосымша салық алдағы салық салынатын жылдағы қосымша салыққа ұшырамауы керек, осы пайданың 10 пайызынан аспайтын жағдайда осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептеген салыққа қосымша салық салуға бөгет жасау ретiнде ұғынылмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеден немесе тұрақты базадан алынатын осы тармақта айтылған қосымша салыққа қарағанда өзге де, одан барлық салықтарды шегергеннен кейiн анықталады.

11-бап ПАЙЫЗДАР

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Алайда мұндай пайыздарға сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер пайыздардың болашақтағы нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылай алынған салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы керек.

      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:

      а) Қазақстанда пайда болатын пайыздар, егер олар:

      i) Малайзия Үкiметiне;

      іі) Малайзия Штаттарының үкiметтерiне;

      iii) Малайзияның уәкiлетті мемлекеттік органдарына;

      iv) Малайзияның жергiлiктi билiк органдарына;

      v) Малайзия Экспорт-Импорт Банкi Берхадқа;

      vi) Малайзия Банкi Негараға; немесе

      viі) Малайзия Үкiметiнiң толық иелiгіндегi және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтын келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа ұйымдарға төленсе немесе тиесiлi болса, Қазақстанда салықтан босатылады.

      b) Малайзияда пайда болатын пайыздар, егер олар:

      i) Қазақстан Республикасының Үкiметiне;

      ii) Қазақстанның орталық билiк органдарына;

      iii) Қазақстанның уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына;

      iv) Қазақстанның жергiлiктi билiк органдарына;

      v) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне; немесе

      vi) Қазақстан Үкiметiнiң толық иелiгiндегi және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтын келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа ұйымдарға төленсе немесе тиесiлi болса, Малайзияда салықтан босатылады.

      4. "Пайыздар" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк бағалы қағаздардан алынатын табысты (Малайзия жағдайында), мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты (Қазақстан жағдайында) және осы бағалы қағаздар, облигациялар және мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi.

      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегi иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса және пайыздар төлеуге негiз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың және 15-баптың ережелерi қолданылады.

      6. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер пайыздар төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте пайыздар төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай пайыздарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.

      7. Егер төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн борыш талабына қатысты пайыздардың сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде, төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынады.

      8. Егер өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыш талаптарының жасалуына немесе берiлуiне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осы борыш талаптарын жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

12-бап Роялти

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттің заңнамаларына сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін, бiрақ алушы, роялтидiң болашақ нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.

      3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық өнiмді, кинематографиялық фильмдердi немесе радиоға немесе теледидарға арналған фильмдердi немесе пленкаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына кез келген авторлық құқықты, кез келген патентті, сауда белгiсiн, дизайнды немесе модельдi, жоспарды, құпия формуланы не процесті пайдаланғаны үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық не ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшiн әрi өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат (ноу-хау) үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез келген түрiн бiлдiредi.

      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың немесе 15-баптың ережелерi қолданылады.

      5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табыла мa, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп саналады.

      6. Егер роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негiзiнде төленетiн құқықты немесе ақпаратты пайдалануға тиiстi роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынады.

      7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

13-бап ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СЫЙАҚЫ

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн техникалық қызметтерге сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      2. Алайда мұндай техникалық қызметтерге сыйақыға, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер техникалық қызметтерге сыйақының нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық техникалық қызметтерге сыйақының жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.

      3. "Техникалық қызметтерге сыйақы" терминi осы бапта пайдаланылған кезде техникалық, басқару немесе консультациялық сипаттағы кез келген қызметтерге төленетiн сыйақы ретiнде төлем жүргiзетiн қызметшi тұлғаға қарағанда өзге кез келген тұлғаға төлемнiң кез келген түрiн бiлдiредi.

      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, техникалық қызметтерге сыйақының нақты иесi техникалық қызметтерге сыйақы пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетке тәуелсiз жеке қызметтердi көрсетсе және техникалық қызметтерге сыйақы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың немесе 15-баптың ережелерi қолданылады.

      5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, техникалық қызметтерге сыйақы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады. Алайда, егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табыла мa, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте техникалық қызметтерге сыйақы төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай техникалық қызметтерге сыйақы бойынша шығыстарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтерсе, онда мұндай жағдайда, техникалық қызметтерге сыйақы тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады.

      6. Егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары төленген техникалық қызметтерге сыйақының сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде төлеушi мен оның нақты иесi келiсуге болатындай сомадан қандай да бiр себептер бойынша асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгіне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн мiндеттi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынуға тиiс.

14-бап МҮЛIКТI ШЕТТЕТУДЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта анықталған, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi:

      а) өз құнынан 50 пайыздан асатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен төте немесе жанама алынатын акцияларды шеттетуден алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн;

      b) екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан негiзiнен жылжымайтын мүлiктен немесе (а) тармақшада айтылған акциялардан тұратын активтердiң серiктестiкке немесе трастқа қатысу үлесiн шеттетуден алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменің кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi немесе мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе тұрақты базаны иелiктен айырудан алынған табыстарды қоса алғанда, тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң иелiгiндегi жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      5. Осы баптың бұрынғы тармақтарында айтылғаннан өзге кез келген мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға резидентi мүлiктi иелiктен айырушы тұлға болып табылатын тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

15-бап ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1. 13-баптың ережелерiн ескере отырып, кәсiби қызметтерге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметтерге қатысты Уағдаласушы Мемлекеттің жеке тұлғасы - резидентi алатын табысқа мынадай:

      а) мұндай қызметтер екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған және алынған кiрiс осы екiншi Мемлекетте тұрақты түрде жеке тұлғаның өз иелегiнде бар немесе болған тұрақты базаға жататын; немесе

      b) оның осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болуы кез келген 12 ай кезеңде жалпы саны 183 күнге тең немесе асатын кезеңдi немесе кезеңдердi құрайтын жағдайларды қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

      Мұндай жағдайда, осы екiншi Мемлекетте орындалған оның қызметiнен тек осындай жағдайда алынған кiрiске осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметті, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.

16-бап ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1. 17, 19, 20 және 21-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер жалданып жұмыс істеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатынын қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалған жалданып жұмыс iстеуiне байланысты Уағадаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға салық, егер:

      а) алушы тиiстi күнтізбелiк жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Мемлекетте болса;

      b) сыйақы осы екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төленсе;

      с) сыйақыны төлеу жөнiндегi шығыстарды жалдаушының осы екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi көтермесе, тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады.

      3. Осы баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiнiң бортында орындалатын жалдау жұмысына қатысты алынған сыйақыға салық осы Мемлекетте салынуы мүмкiн.

17-бап ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ

      Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе оған ұқсас органның мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

18-бап АРТИСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР

      1. 7, 15 және 16-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер сияқты өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      2. Егер өнер қызметкерi немесе спортшының осы өзiнiң сипатында жүзеге асырған жеке қызметiне қатысты табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, 7, 15 және 16-баптардың ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

      3. Егер бұл Мемлекетке тура немесе жанама сапар екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң, оның саяси құрылымдарының, орталық және жергiлiктi билiк органдарының немесе өкiлеттi органының қаражатынан толық немесе айтарлықтай деңгейде қаржыландырылса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi, Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметтен алынған сыйақыға немесе пайдаға қолданылмайды.

19-бап ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР ЖӘНЕ АННУИТЕТТЕР

      1. 20-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне өткерген еңбегi үшiн төленетiн зейнетақылар мен басқа ұқсас төлемдерге және мұндай резидентке төленетiн кез келген аннуитеттерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. "Аннуитеттер" терминi ақша немесе құны түрiнде балама және толық өтеу орнына төлем жүргiзу мiндеттемесiне сәйкес өмiр бойы немесе белгiлi бiр не белгiленетiн уақыт кезеңiнде мерзiмдi түрде белгiленген мерзiмде жеке тұлғаға төленетiн тiркелген соманы бiлдiредi.

20-бап МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ

      1. а) Жеке тұлғаға осы Мемлекет, оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергілiктi билiк органдары не уәкiлеттi органы үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн Уағдаласушы Мемлекет не оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергiлiктi билiк органдары не уәкiлеттi мемлекеттiк органы төлейтiн зейнетақыға қарағанда өзге қызметақыға, жал ақыға және басқа ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.

      b) Алайда мұндай қызметақыға, жалақыға немесе басқа ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және:

      (i) осы Мемлекеттiң ұлттық азаматы болып табылатын; немесе

      (ii) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның саяси бөлiмшелерi, орталық және жергiлiкті билiк органдары не уәкiлеттi органы үшiн жүзеге асырған қызметiне қатысты Уағдаласушы Мемлекет немесе Уағдаласушы Мемлекет не оның саяси бөлiмшелерi, орталық және жергiлiктi билiк органдары немесе уәкiлеттi органы құрған қорлардан төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.

      3. 16, 17 және 19-баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет, оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергiлiктi билiк органдары не уәкiлеттi органы жүзеге асыратын коммерциялық қызметке байланысты қызметке қатысты төленетiн қызметақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақы мен зейнетақыларға қолданылады.

21-бап СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАНТТАР

      Екiншi Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында тiкелей Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және екiншi Мемлекетте уақытша болатын жеке тұлғаға:

      а) осы екiншi Мемлекеттiң ресми танылған университетiнiң, колледжiнiң, мектебiнiң немесе өзге ұқсас танылған оқу орынының студентi ретiндегiнi;

      b) өндiрiстiк немесе техникалық стажер ретiндегiнi; немесе

      с) негiзiнен бiлiм алу, зерттеу жүргiзу немесе практикадан өту мақсаттары үшiн Мемлекет Үкiметінен немесе ғылыми, бiлiм беру, дiни немесе қайырымдылық ұйымынан немесе Мемлекет Үкiметi жүзеге асыратын техникалық жәрдем бағдарламасы бойынша грант, стипендия немесе сыйлық алушы ретiндегiнi қоспағанда, мыналарға:

      (i) оның тiршiлiк ету, оқу, бiлiм алу, зерттеу жүргiзу немесе практикадан өту мақсаттары үшiн шетелден аударылатын барлық ақша аударымдарына және;

      (ii) мұндай гранттар, стипендиялар немесе сыйлықтар сомасына, немесе оларға кез келген қолданатын сомаға осы екiншi Мемлекетте салық салынбайды.

22-бап БАСҚА ДА ТАБЫСТАР

      Осы Келiсiмнiң өткен баптарында айтылмаған Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi табыстарының түрлерiне, егер мұндай табыс осы екiншi Мемлекетте де салық салынуы мүмкiн екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынған жағдайды қоспағанда, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

23-бап ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ

      1. Қазақстан салығынан Қазақстаннан басқа кез келген eлде төлеуге тиiстi салық сомасын шегеруге рұқсатты көздейтін Қазақстан заңнамаларының ережелерiн ескере отырып, Малайзиядан алған табысына қатысты Қазақстан резидентi Малайзия заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Малайзия салығын осы табысқа қатысты төлеуге жататын Қазақстан салығынан шегеруге рұқсат етiледi. Алайда мұндай шегерiм көрсетiлген шегерiм берiлгенге дейiн мұндай табысқа есептелетiн Қазақстан салығының сол бөлiгiнен аспауы қажет.

      2. 1-тармақтың мақсаты үшiн "Төлеуге тиесiлi Малайзия салығы" терминi Малайзия заңнамаларына сәйкес және осы үйлесімге сәйкес Малайзиядағы көздерден алынатын кез келген табыстан төлеуге тиiстi Малайзия салығы, егер мұндай табысқа төмендетiлген ставка салынбаса немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Малайзия салығынан және осы Келiсiмге қол қойылған күнi күшiнде болған Малайзияның экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған Малайзия заңнамаларында немесе ұқсас сипаты бар ережелер ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген көрсетiлген заңнамаларға өзгерiс не оған толықтыру енгiзу үшiн Малайзияда кейін енгiзiлуi мүмкiн кез келген басқа ережелерде көзделген арнайы жеңiлдiктерден босатылса, негiзгі болып саналады.

      3. Малайзия салығынан Малайзиядан басқа кез келген елде төлеуге тиiсті салық сомасын шегеруге рұқсатты көздейтін Малайзия заңнамаларының ережелерiн ескере отырып, Қазақстанда алған табысына қатысты Малайзия резидентi Қазақстан заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан салығын осы табысқа қатысты төлеуге жататын Малайзия салығынан шегеруге рұқсат етіледi. Алайда мұндай шегерiм көрсетiлген шегерiм берiлгенге дейiн мұндай табысқа есептелетiн Малайзия салығының сол бөлiгiнен аспауы қажет.

      4. 3-тармақтың мақсаты үшiн "Төлеуге тиесiлі Қазақстан салығы" терминi Қазақстан заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Қазақстандағы көздерден алынатын кез келген табыстан төлеуге тиiстi Қазақстан салығы, егер мұндай табысқа төмендетілген ставка салынбаса немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қазақстан салығынан және осы Келiсiмге қол қойылған күнi күшiнде болған Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған Қазақстан заңнамаларында немесе ұқсас сипаты бар ережелер ретiнде Уағдаласушы Meмлекеттердің құзыреттi органдарымен келiсiлген көрсетiлген заңнамаға өзгерiс не оған толықтыру енгiзу үшiн Қазақстанда кейiн енгiзiлуi мүмкiн кез келген басқа ережелерде көзделген арнайы жеңiлдiктерден босатылса, негiзгi болып саналады.

24-бап КЕМСIТПЕУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттің ұлттық тұлғалары негiзiнен резиденттікке қатысты ұшырайтын салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.

      2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесiне салық салу ұқсас осындай қызметтi жүзеге асыратын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салуға қарағанда осы екiншi Мемлекетте неғұрлым қолайлы болуы тиiс.

      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн пайыздар, роялтилер және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне ұқсас кез келген берешегi осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын анықтау мақсатында бiрiншi айтылған Мемлекеттiң резидентiне берешектi нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс.

      4. Капитал екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны бiрiншi айтылған Мемлекетте салық салуға немесе бiрiншi айтылған Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу мен онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi айтылған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.

      5. Осы баптың ережелерi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне өз резиденттерiне беретiн олардың азаматтық мәртебесi немесе отбасылық мiндеттемелерi негiзiнде салық салу үшiн кез келген жеке салық жеңiлдiктерiн, жеңiлдiктердi және шегерiмдердi беру Уағдаласушы Мемлекеттi мiндеттейтiндей пайдаланылмауы қажет.

25-бап ӨЗАРА КЕЛIСУ РӘСIМI

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсi 24-баптың 1-тармағына түссе, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы бiрiншi хабарлама берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.

      2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi негіздi деп есептесе және егер өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, осы Келiсiмге сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында iстi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады.

      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнды өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ, осы Келiсiмде көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау үшiн де бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.

      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары өткен тармақтарды түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады.

26-бап АҚПАРАТ АЛМАСУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн немесе осы Келiсiм қолданылатын салықтарды төлеуден жалтаруға жол беру немесе оны анықтау не болдырмау үшiн қажеттi ақпараттарды алмасады. Мұндай алмасу арқылы алынған кез келген ақпарат құпия болып саналады және осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты шағым беру жөнiндегi шешiмдер себепті не оны қабылдау бойынша шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлі өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе қараумен байланысты тұлғаларға немесе органдарға (соттарды немесе бақылау органдарын қоса алғанда) ғана хабарланады.

      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы мемлекеттерге:

      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына немece әкiмшiлiк iс-тәжiрибесiне қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;

      b) осы немесе екiншi Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк iс-тәжiрибесi барысында алуға болмайтын ақпарат беру;

      с) қандай да болмасын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкiн ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа қайшы келуі мүмкiн ақпаратты беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайдаланылмайтын болады.

27-бап ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКIЛДIКТЕР МЕН КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

      Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретiн немесе арнайы халықаралық келiсiмдердiң epeжелеріне сәйкес берiлетiн артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап ҚАЙТА ҚАРАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУ

      Уағдаласушы Тұлғалардың кез келгенi жазбаша нысанда осы Келiсiмдi толық немесе iшiнара қайта қарау, өзгерту немесе оған толықтыру енгізуді сұрай алады. Кез келген қайта қарауға, өзгертуге және толықтыруға Уағдаласушы Мемлекеттер Хаттама арқылы келiседi және oл ocы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Кез келген қайта қарау, өзгерту немесе толықтыру осы Келiсiм қабылданған алдындағы күні немece мұндай қайта қарау, өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген күнi пайда болған немесе оған негiзделетiн құқықтар мен мiндеттемелерге зиянын тигiзбеуi тиiс. Мұндай қайта қарау, өзгерту және толықтыру олардың күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Уағдаласушы Мемлекеттердiң орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 30-шы күнi күшiне енедi.

29-бап КҮШIНЕ ЕНУI

      1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 30-шы күнi күшiне енедi.

      2. Осы Келiсiм:

      а) Қазақстанда:

      (i) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастан немесе одан кейiн алынған табыс көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;

      (іі) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiн басталатын салық жылына қатысты табысқа салынатын басқа да салықтарға қатысты;

      b) Малайзияда:

      (i) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгі кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қарағанда өзге Малайзия салығына қатысты;

      (ii) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қатысты қолданылады.

30-бап ӘРЕКЕТ ЕТУІН ТОҚТАТУ

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның әрекет етуін тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгі кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда әрекет етуiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жiбере отырып, Келiсiмнiң әрекет етуiн тоқтата алады. Мұндай жағдайда, Келiсім:

      а) Қазақстанда:

      (i) әрекет етуiн тоқтату туралы xабарлама берiлген жылдан кейінгі күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында немece одан кейiн алынған табыс көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;

      (ii) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгі екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейін басталатын салық кезеңдерi үшiн басқа да салықтарға қатысты;

      b) Малайзияда:

      (i) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiн күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейінгі кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қарағанда өзге Малайзия салығына қатысты;

      (ii) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi екiншi күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын нeмece одан кейiнгi кез келген жыл үшiн салық салуға жататын Мұнай табыс салығына қатысты өзiнiң әрекет етуiн тоқтатады.

      Осыны куәландыру ретiнде, тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берілген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.

      Куала-Лумпурде 2006 жылғы маусым айының 26 күні қазақ, малай, ағылшын және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Келісімнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi мәтiн айқындаушы болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МАЛАЙЗИЯ

ҮКIМЕТI YШIН

ҮКIМЕТI YШIН


ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Yкіметінің арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге қол қойған кезде екi Үкiмет мынадай ережелер осы Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатынына уағдаласты.

      2-баптың 3 (b) тармағына қатысты:

      Малайзия жағдайында, табыс салығы 3-баптың 1 (с) тармағында белгiленген кез келген тұлғалардан алынады.

      7-баптың 1-тармағына қатысты:

      осы Келiсiмде ештеңе Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекетте тауарларды немесе бұйымдарды сатудан, сондай немесе ұқсас сипатта тұрақты мекеме арқылы сатудан немесе осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметтен, сондай немесе ұқсас сипатта тұрақты, мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен, мұндай сатудың немece қызметтің мұндай тұрақты мекеменiң салық мiндеттемесiн анық азайту мақсатында тұрақты мекеме арқылы жүргiзiлмеуi шартымен, алынған пайдаға салық өндiрiп алуға кедергi болмайды.

      Осыны куәландыру ретiнде, тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      Куала-Лумпурде 2006 жылғы маусым айының 26 күні қазақ, малай, ағылшын және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, ағашын тiлiндегi мәтiн айқындаушы болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МАЛАЙЗИЯ

ҮКIМЕТI YШIН

ҮКIМЕТI YШIН


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады