Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1060 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб
Республикасының Үкiметi арасындағы Дипломатиялық
паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы
келiсiм (2007 жылғы 21 мамырда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты) 

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы Өзара қатынастар негiздерi және ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 14 ақпандағы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      екі мемлекет арасында дипломатиялық паспорттар иелерiнiң өзара сапарлары тәртiбiн реттеу ниетiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Дипломатиялық паспорттардың иелерi - бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады, сондай-ақ транзитпен өте алады. Бұл ретте олардың болу мерзiмi келген сәтiнен бастан отыз күнге тең болады, бiрақ бiр күнтiзбелiк жылдың iшiнде тоқсан күннен аспауы тиiс.

2-бап

      Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң қызметкерлерi, сол сияқты дипломатиялық паспорттардың иелерi - олардың отбасы мүшелерi, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына, аккредиттеудiң бүкiл мерзiмi iшiнде визасыз келуге құқылы.

3-бап

      Дипломатиялық паспорттардың иелерi - Тараптар мемлекеттерi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келуi, кетуi және транзитпен өтуi халықаралық қатынастар үшiн ашық екi мемлекеттiң ресми өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.

4-бап

      1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында немесе 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi екiншi Тарап мемлекетiнде иемденбейтiн дипломатиялық паспорттардың иелерi - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi азаматтары осы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өздерiнiң болуы кезiнде оның ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      Осы Келiсiм әрбiр Тараптың дипломатиялық паспорт иесi болып табылатын, келуiн "қажетсiз" деп санайтын екiншi Тараптың кез келген азаматының өз мемлекетiнiң аумағына келуiнен бас тарту немесе оның болу мерзiмiн қысқарту құқығын жоққа шығармайды.

5-бап

      Тараптар дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық паспорттардың үлгiлерiмен алмасады.
      Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық паспорттарға өзгерiстер енгiзген жағдайда, оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде алпыс күн бұрын екiншi Тарапқа осы туралы хабарлауға мiндеттi.

6-бап

      Тараптардың бiрiнiң мемлекетi дипломатиялық паспорттарының иелерi - азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында паспорттарын жоғалтқан немесе бүлдiрген жағдайда, осы туралы келген мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлауы тиiс, олар бұл адамдарға дипломатиялық паспорттың жоғалғаны немесе бүлiнгенi тiркелгендiгiн растайтын құжат бередi.

7-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.

8-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады. Әрбiр Тарап осындай келiссөздерге және консультацияларға қатысуға байланысты шығыстарды дербес көтередi.

9-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап екi ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      2006 жылғы 7 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       ҚАЗАҚСТАН                            ЕГИПЕТ АРАБ
   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                       РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
     YКIМЕТI YШІН                          ҮКIМЕТI YШІН

    Қасым-Жомарт Тоқаев                  Ахмед Абуль Гейт
   Сыртқы iстер министрi              Сыртқы iстер министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады