"Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1092 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшілігі етіп қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады