Аналарды мәңгi есте қалдыру, әйел-аналардың рөлiн асқақтату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi мен "Ана" қоғамдық қорының Алматы қаласында әйел-анаға арналған ескерткiш (бұдан әрi - ескерткiш) орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) ескерткiштiң құрылысына жер учаскесiн бөлiп берудi жүргiзсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Ескерткiштi орнату "Ана" қоғамдық қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатындығы назарға алынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі