Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 537 өкiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 537 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған өкiммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Мусин Аслан Есболайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi;
Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
"Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, хатшы";
"Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жол алынып тасталсын;
көрсетiлген Комиссияның құрамынан Қ.Н.Келiмбетов, Б.Ә.Палымбетов, Л.М.Кармазина шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi