Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1116 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:

      3-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Агенттер Орталықтан қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама ала алады.
      Агенттің қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, әлеуметтік жеке коды көрсетіледі. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, онда әлеуметтік жеке код беру үшін тіркеу карточкасына енгізілген бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты да көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады.
      Орталық агенттен қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке осы Ережеге 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.";

      14-тармақта:
      "Орталық мемлекеттік мұрағатқа" деген сөздер»"агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мұрағат мекемелерінде төлем құжаттары болмаған кезде салымшы (алушы) аударылған міндетті зейнетақы жарналары жөнінде тиісті мәліметтер алу үшін жазбаша өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен Орталыққа жүгінеді.";

      15-тармақтың бірінші абзацы "анықтама-растама" деген сөздерден кейін»"немесе салымшының (алушының) деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Міндетті зейнетақы жарналарының кейінгі аударымдарын және (немесе) өсімақыны реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді. Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды   есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
      "16-2. Орталық қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде бес банктік күн ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді қалыптастырады. Өтінімде Орталық: агент немесе банк қате жіберген төлем құжаттарының деректемелерін (төлем тапсырмасының нөмірі, күні мен референсі), жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелерін, қайтаруға жататын жеке сомалар мен қайтару себебін көрсетеді. Өтінімнің электронды түрі салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы өтінішінің электронды көшірмесімен бірге ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді алып, оны алған күннен бастап он банктік күн ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Орталыққа қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінішпен жинақтаушы зейнетақы қорына жүгінеді.
      19-2. Орталықтың қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы сомаларын қайтаруға арналған өтінішінде: Орталықтың атауы мен деректемелері (салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (N, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс.";

      20-тармақтағы "Орталықтың банктік шоты арқылы," деген сөздер "Орталықтың банктік шотына" деген сөздермен ауыстырылсын және»", төлемнің тағайындау коды "032"" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы "Төлем тапсырмасының жалпы сомасы" деген сөздер "Төлем тапсырмасының референсі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 1-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                               Қазақстан Республикасы  
                                                   Үкіметінің
                                            2006 жылғы 23 қарашадағы
                                                N 1116 қаулысына
                                                     қосымша

                               Міндетті зейнетақы жарналарын
                       есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің)
                            және жинақтаушы зейнетақы қорларына
                                   аударудың ережесіне
                                    1-2-қосымша

        Қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары
    есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы
            (болмауы) туралы растау анықтамасы

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы хабарлайды.

  N

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған күні ЖЖЖЖААКК

Әлеуметтік  жеке коды

Қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

  М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
бөлімшесінің бастығы____________________________
                        (Т.А.Ә., қолы)
 
  Берілген күні 200_ жылғы "__"___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады