Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1117 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Мусин Аслан Есболайұлы енгiзiлсiн;
"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары - Қазақстан Республикасының
                        Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                        министрi, жетекшiнiң орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары, жетекшiнiң орынбасары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады