"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 1185 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ӨKIMI Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң дербес құрамына мыналар енгiзілсiн:

Мусин                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Аслан Есболайұлы        бюджеттiк жоспарлау министрi,

Нұрашев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Тимур Бекболатұлы       министрлiгi Инвестиция комитетiнiң төрағасы;

      мына:

"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары - Экономика және бюджеттiк
                        жоспарлау министрi",

"Лакшми Миттал        - "Миттал Стил Кo." төрағасы және басқарушы
                        директоры"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары",

"Лакшми Миттал        - "Арселор Миттал" компаниясы директорлар
                        кеңесiнiң төрағасы";

      көрсетiлген Кеңес құрамынан Е.А.Арынов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады