Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 1190 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында:
      09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
      205 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Туризм және спорт саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
      001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасы бойынша "230843" деген сандар "225143" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасы бойынша "3110" деген сандар "8810" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  72-1-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "өнiмдерге iлесу" деген сөздер "өнiмдердi құру және сүйемелдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жергiлiктi жүйенi монтаждау және дәлдеп келтiру, спутниктiк байланыс жүйесi арқылы ақпараттық және мультимедиялық контенттi беру жөнiндегi қызметтер.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады