Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк бақылау туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1210 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк бақылау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк бақылау туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1210 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық
Республикасының Yкiметi арасындағы Қазақстан-қытай кеден
шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн
энергия ресурстарын кедендiк бақылау туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi,
      1997 жылғы 26 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы  келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      Тараптар арасындағы ынтымақтастық қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бередi деп пайымдай отырып, ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға ұмтыла отырып,
      энергия ресурстарын қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзу кезiнде бiрлескен кедендiк бақылаудың қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      сондай-ақ энергия ресурстарын қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзу кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден iсi саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
      кеден қызметтерi - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi, Қытай Халық Республикасында - Қытай Халық Республикасы Бас кедендiк басқармасы;
      энергия ресурстары - шикi мұнай және табиғи газ.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мәселелерi жөнiнде ынтымақтастықты жүзеге асырады.

3-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi ай сайын бiр-бiрiне қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлген энергия ресурстары туралы ақпарат бередi. Аталған ақпарат мынадай мәлiметтердi қамтиды: жөнелтушiнiң атауы; қабылдап алушының атауы; тауардың сипаттамасы; сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды; өткiзiлген тауардың көлемi; таза салмағы (килограмм); жалпы салмағы (килограмм); тауарды өткiзу жылы мен айы.

4-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлген энергия ресурстары туралы ақпарат алмасудың нәтижесiнде анықталған мәлiметтердiң сәйкессiздiктерi немесе дұрыс еместiгi туралы бiр-бiрiн хабардар етедi және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес олардың себептерiн анықтау үшiн бiрлескен шаралар қолданады.

5-бап

      Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн бiр ай iшiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң көшiрмесiн бiр-бiрiне бередi және одан әрi Тараптар мемлекеттерiнiң кеден iсi саласындағы ұлттық заңнамаларының энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау бөлiгiндегi барлық өзгерiстерi туралы бiр-бiрiн мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде хабардар етедi.

6-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi:
      - энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мәселелерiнде өз қызметiнiң тәжiрибесi туралы;
      - энергия ресурстарын өткiзу кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден iсi саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесудiң тәсiлдерi туралы;
      - егер бұл ақпарат Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi үшiн мүдденi бiлдiретiн болса, энергия ресурстарын өткiзу кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден iсi саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзудың анықталған фактiлерi туралы;
      - егер бұл Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына қарама-қайшы келмесе, Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi үшiн мүдденi бiлдiретiн басқа да мәселелер бойынша ақпарат алмасады.
      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң қызметкерлерiн энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мәселелерi жөнiнде оқыту мен дағдыларын жетiлдiрудi қоса алғанда, энергия ресурстарын кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мәселелерi жөнiнде бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

7-бап

      Бiрлескен кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн бiр Тарап басқа Тараптың кеден қызметiнiң уәкiлеттi қызметкерлерiне қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын есепке алу тораптарына қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.

8-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi тоқсан сайын осы Келiсiмнiң 7 және 9-баптарында айқындалған қызметтi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi қызметкерлерiнiң тiзiмдерiмен алмасады және осы тiзiмдегi барлық өзгерiстер туралы бiр-бiрiн мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде хабардар етедi.

9-бап

      Энергия ресурстарын қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзуге бiрлескен кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi:
      кедендiк сәйкестендiру құралдарын салады және алады;
      осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын оған 1-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша өткiзiлетiн энергия ресурстарын есепке алу құралдарына кедендiк сәйкестендiру құралдарын салу және алу туралы акт жасайды;
      ай сайын өткiзiлетiн энергия ресурстарын есепке алу құралдарынан көрсеткiштердi алуға қатысады, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын оған 2-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша өткiзiлетiн энергия ресурстарын есепке алу құралдарынан көрсеткiштердi алу туралы акт жасайды, оларға қол қояды және оларды мөрлермен куәландырады;
      энергия ресурстарын қабылдап алу-беру актiлерiнде қамтылған барлық мәлiметтер мен деректемелердiң дұрыстығын тексергеннен кейiн энергия ресурстарын тасымалдаушылар (өткiзушiлер) жасайтын энергия ресурстарын қабылдап алу-беру актiлерiне қол қояды және мөрлерiмен куәландырады.

10-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi осы Келiсiмнiң шеңберiнде алған ақпарат, құжаттар және басқа да мәлiметтер Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес тек осы Келiсiмде айқындалған мақсаттар үшiн пайдаланылады және алушы мемлекетте осы мемлекеттiң өз меншiктi аумағында алған осындай ақпаратты, құжаттарды немесе мәлiметтердi жариялаудан қорғаудың нақ сондай дәрежесi берiледi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi осы келiсiмнiң шеңберiнде алған ақпаратты, құжаттарды және басқа да мәлiметтердi сот немесе әкiмшiлiк талқылауларда дәлел ретiнде пайдалануды қоса алғанда, өзге де мақсаттарда пайдалану, тек оларды ұсынған Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiмен және осы кеден қызметi белгiлеген кез келген шектеулердi сақтаған кезде жүргiзiледi.

11-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмесе, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi.

12-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

13-бап

      Тараптар мiндеттемелерiн орындау, осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану және түсiндiру кезiнде туындайтын кез келген келiспеушiлiктер мен даулы мәселелер Тараптар мемлекеттерi кеден қызметтерiнiң өзара консультациялар мен келiссөздер өткiзу жолымен шешiлетiн болады.

14-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.

15-бап

      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiр де бiреуi тиiстi кезең аяқталардан кем дегенде 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе келесi бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылатын болады.
      Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбере алады.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi басқа Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты айдан соң өз қолданысын тоқтатады.
      200__ жылғы "__"_______ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей заңдық күшi бар.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

       Қазақстан Республикасының         Қытай Халық Республикасының
           Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн

                       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай
                         Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
                          Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы
                          құбыржол көлігімен өткізілетін энергия
                           ресурстарын кедендік бақылау туралы
                                        келісімге
                                        1-қосымша

               200___   жылғы»"___"__________
   кедендік сәйкестендіру құралдарын салу және алу туралы
                            акт

      Біз, төменде қол қоюшылар _________________________ кедендік сәйкестендіру құралдарын салу (алу) жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.

Өлшеу құралдарының атауы

Аспаптың түрі және дәлдік сыныбы

Пломбалау сәтіндегі аспап көрсеткіштері

Кеденнің алынған пломбаның бедері

Пломбаны алу сәтіндегі аспап көрсеткіші 

Кеден органы пломбаның бедері

Кеден пломбасының саны (алынған/салынған)

1

2

3

4

5

6

7

      Қазақстан Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
___________________________________________________________________
              (Т.А.Ә., қолы, мөр, қызметтік телефоны)

      Қытай Халық Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
         ________________________________________________________
            (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр, қызметтік телефоны)

                     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай
                       Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
                        Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы
                        құбыржол көлігімен өткізілетін энергия
                         ресурстарын кедендік бақылау туралы
                                     келісімге
                                     2-қосымша

           ______________  бойынша КБД-ның кеден пункті
                 (энергия ресурстарын) өткізу пункттерінен
        200___ жыл ішіндегі көрсеткіштерді алуы туралы
                 200__ жылғы "___"______________
                                акт

Р/с N

Өткізу пунктінің атауы

Айдың басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіші

Есепті кезеңнің соңындағы есептеу аспаптарының көрсеткіші

Өткізілген тауардың көлемі (мұнай - тоннамен, газ - мың м 3 )

2

3

4

5

      Есепке алу торабының өкілі ___________________________________
                                        (қолы, Т.А.Ә.)
      Қазақстан Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
   _________________________________________________________________
         (Қолы, Т.А.Ә., мөр, қызметтік телефоны)

      Қытай Халық Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
   _________________________________________________________________
               (Қолы. Т.А.Ә., мөр, қызметтік телефоны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады