Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1211 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келiсiмге қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1211 қаулысымен    
мақұлданған      

жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық
Республикасының Yкiметi арасындағы Бiлiм және ғылыми дәрежелер
туралы құжаттарды өзара тану туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi,
      бiлiм беру саласындағы екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамытуға және кеңейтуге ықпал етуге тiлек бiлдiре отырып,
      бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тануды жүзеге асыру мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес олардың бiлiм беру ұйымдары мен уәкiлеттi органдары берген бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тану тәртiбiн айқындайды.

  2-бап

      Бiлiмдi келесi деңгейде жалғастыру кезiнде қазақстан тарабы Қытай Халық Республикасында берiлетiн жалпы орта бiлiм туралы дипломды таниды, ал қытай тарабы Қазақстан Республикасында берiлетiн жалпы орта бiлiм туралы аттестатты таниды.

  3-бап

      Бiлiмдi келесi деңгейде жалғастыру кезiнде қазақстан тарабы Қытай Халық Республикасында берiлетiн техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы дипломды таниды, ал қытай тарабы Қазақстан Республикасында берiлетiн кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм туралы дипломды таниды.

  4-бап

      Бiлiмдi жалғастырған және оларда көрсетiлген мамандықтар мен бiлiктiлiкке сәйкес тағылымдамадан өткен кезде, егер олардағы оқу кезеңдерi салыстырмалы және мамандықтар ұқсас болған жағдайда қазақстан тарабы Қытай Халық Республикасында берiлген жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы дипломды таниды, ал қытай тарабы Қазақстан Республикасында берiлген кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы дипломды таниды.

  5-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң бiлiм беру ұйымдары немесе уәкiлеттi органдары берген ғылыми дәрежелер туралы дипломдарды Тараптар таниды.

  6-бап

      Егер Тараптар мемлекеттерiнiң бiлiм беру ұйымдары немесе уәкiлеттi органдары берген бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттары апостильдеуден өткiзiлген немесе алдын ала жария етiлген болса бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттар Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында танылады.

  7-бап

      Осы Келiсiмде көзделген бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тану көрсетiлген құжаттардың иегерлерiне Тараптар мемлекеттерi аумағында неғұрлым жоғары деңгейде бiлiмiн жалғастырған кезде тең құқықтар ұсынуды көздейдi, бiрақ олардың иегерлерiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумағындағы бiлiм беру ұйымдарына түсу, ғылыми дәреженi iздену кезiнде қойылатын екi мемлекеттiң заңнамаларымен белгiленген жалпы талаптарды орындаудан босатпайды.

  8-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн Тараптар бiр-бiрiне бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы мемлекеттiк құжаттардың үлгiлерiн, сондай-ақ өз мемлекеттерiнiң оларды ресiмдеу және беру ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бередi.

  9-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асыру мәселелерi бойынша консультация бередi, өз мемлекеттерiнiң бiлiм беру жүйесiндегi, бiлiм және ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың атаулары мен беру өлшемдерiндегi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi, сондай-ақ қажеттi жағдайларда бiр-бiрiне тиiстi ресми түсiнiктемелер жолдайды.

  10-бап

      Тараптар осы Келiсiмге өзара келiсiм бойынша Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн.

  11-бап

      Осы Келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  12-бап

      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi басқа Тарапты Келiсiмнiң кезектi қолданылу мерзiмi өткенге дейiн алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы өз ниетiн жазбаша нысанда хабарламаса, автоматты түрде келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.

  13-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысы оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап заңды күшiне енедi.
      _______ жылғы "____"________ _________ қаласында екi түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң заңдық күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң мәтiнiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

           Қазақстан                            Қытай
       Республикасының                  Халық Республикасының
        Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады