"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1226 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж, N 34, 332-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Мамин                   - Астана қаласының әкiмi, төрағаның
Асқар Ұзақбайұлы          орынбасары

Коржова                 -  Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна          министрi

Школьник                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич        және сауда министрi

Супрун                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Виктор Васильевич         және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Фомичев                 - Қазақстан Республикасының Президентi Іс
Сергей Васильевич         басқарушысының орынбасары

"Омаров          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қайсар Оспанұлы    және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi
                   жөнiндегi комитетiнiң төрағасы"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Омаров          - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қайсар Оспанұлы    сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-
                   коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң
                   төрағасы";
      көрсетiлген комиссияның құрамынан Ө.Е. Шөкеев, Ә.Р. Жақсыбеков, В.А. Лаптев, Б.А. Исаев, Б.М. Сапарбаев, A.F. Дунаев, Б.Ғ. Нұрпейiсов шығарылсын. 
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады