"Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2007 жылға арналған шектi шамасы есептi айда Қордың шотына келiп түскен активтер мөлшерiнiң 0,63 пайызынан асырылмай бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есептiден кейiнгi айдың бiрiншi бес жұмыс күнiнде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиiс.
3. Қордың шотына келiп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекiткен Қор қызметiн қамтамасыз етуге 2007 жылға арналған шығыстар шегiнде пайдаланылуға тиiс.
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі