Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі N 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1258 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының  23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
      реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;
      бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;
      жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі";

      реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында "дене шынықтыру және спорт жөніндегі" деген сөздер ", дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2)  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09.  N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады