"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының құрамына кiретiн ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1288 Қаулысы

      Қазақстандық қор нарығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының құрамына кiретiн ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                         2006 жылғы 26 желтоқсандағы
                                                1288 қаулысымен
                                                  бекітілген

       "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
      қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының құрамына
       кіретін ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын қор
          нарығына шығару жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с N Іс-шараның атауы Жауапты орындаушы Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі

1.

"Қазақтелеком" АҚ-ның 4,6% дауыс беруші акцияларын жеке тұлғалардың барынша көп саны ортасында қазақстандық қор нарығында іске асыру

"Самұрық" холдингі" АҚ

ЭБЖМ-ге ақпарат

2006 жылғы желтоқсан - 2007 жылғы қаңтар

2.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның акцияларын қор нарығына шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

"Самұрық" холдингі" АҚ

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

2007 жылғы мамыр

3.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның акцияларын қор нарығына шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

"Самұрық" холдингі" АҚ

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

2007 жылғы шілде

4.

"Самұрық" холдингі" АҚ-ның құрамына кіретін ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөніндегі ұсыныстарға талдау жасау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің талқылауына шығару

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2007 жылдың 4-тоқсаны

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
"Самұрық" холдингі" АҚ -»"Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады