Қазақстай Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1294 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 39, 556-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) өтiнiш берушiлерге нысаны осы қаулымен бекiтiлген, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтiнiш бланкiлерiнiң, сондай-ақ Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәлiметтердiң тегiн берiлуiн қамтамасыз етсiн;";
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнде:

      9-тармақтағы "құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады" деген сөздер "көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi," деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы бiрiншi абзацындағы "бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17-тармақтың бiрiншi абзацындағы "өткен" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерi өзгерген жағдайда, уәкiлеттi ұйым осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысандағы шешiмнiң жобасын дайындайды және тағайындалған жәрдемақылар мөлшерiнiң өзгергенiн ескере отырып, оны бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
      Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм жобаларын он жұмыс күнi iшiнде қарайды және бекiтедi әрi уәкiлеттi ұйымға жiбередi.";

      26-тармақтың екiншi абзацындағы "Құжаттарды қоса бере отырып," деген сөздер "Қажеттi барлық құжаттарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде iстi қалыптастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.";
      Ережеге 3-қосымшадағы "растауға" деген сөз "қол қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 4-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесiнде:

      12-тармақта:
      7) тармақшаның екiншi абзацындағы "пайдаланылмаса," деген сөзден кейiн "осы фактi анықталған тоқсандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "тегiн тамақтандыру мен бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;";
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi заңнамалық кесiмдермен оралмандарға:
      тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн жеткiзу (оның iшiнде малын) жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
      келген жерiнде тұрғын үй сатып алуға және бiржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.";

      24-тармақтың 2) тармақшасында:
      "туралы" деген сөзден кейiн "сот орындаушысының немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "түзеу мекемесiнiң" деген сөздерден кейiн "бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақтағы "растаған" деген сөз "қол қойған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесiне 4-қосымшада:
      "мал шаруашылығының өнiмi" деген кестеде:
      "Түйе (түйе етi)" деген жолдың 2-бағанында "1140" деген сандар "140" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау үшiн берiлетiн өтiнiштiң нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1294 қаулысына       
1-қосымша        

Балалы отбасыларға берілетiн  
мемлекеттiк жәрдемақыларды   
тағайындау және төлеу ережесiне
4-қосымша           

Бала туғанда берілетiн жәрдемақы, күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
ШЕШIМ

N ______                                     200__жылғы "___"_____

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң __________________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментi

Iстiң N _________

Азамат ___________________________________________________________
                   (тегi, аты, әкесiнiң аты )

Өтiнiш берілген күн ______________________________________________

Баланың туған күнi _________ баланың туу туралы куәлiгiнiң N _____
берілген күнi ____________ Баланың туу туралы куәлiгiн берген
органның атауы ___________________________________________________

Баланың ТАӘ _______________________________ баланың туу кезектiлiгi
_________________________________ (жазумен)

Тағайындалған сома:
бала туғанда берiлетiн жәрдемақы ________ теңге __________________
                                                    (жазумен)

күтiмi жөнiндегi жәрдемақы 200___ ж. ________бастап 200__ж.___ дейiн
________________ теңге сомасында _________________________________
                                            (жазумен)

Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты күтiмi жөнiндегi
жәрдемақыны тағайындау: __________________________________________
__________________________________________________________________

Баланың ТАӘ ______________________________________________________

күтiмi жөнiндегi жәрдемақы __________ бастап _______________ дейiн

_________________ теңге сомасында ________________________________
                                        (жазумен)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________ себеп бойынша тағайындаудан бас тартылды

M.O.
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
департаментiнiң директоры _____________           _______________
                            (қолы)                    (тегi)

зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау
жөнiндегi бөлiмнiң бастығы ______________         _______________
                             (қолы)                    (тегi)

тағайындау жөнiндегi маман ______________         _______________
                              (қолы)                  (тегi)

Шешiмнiң жобасы әзiрлендi:

M.O.

ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы _________________       _______________
                             (қолы)                   (тегi)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы _________________        _______________
                             (қолы)                   (тегi)

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 27 желтоқсандағы  
N 1294 қаулысына       
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 2 қарашадағы  
N 1092 қаулысымен   
бекітiлген       

Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш нысаны

                                      ____________________________ 
                                     Еңбек және халықты әлеуметтiк
                                     қорғау департаментiнiң
                                     директоры ___________________

ӨТIНIШ

______________________________ (баланың тегi, аты, туған күнi) бала
тууға байланысты берiлетiн жәрдемақы және (немесе) 1 жасқа толғанға
дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындауды өтiнемiн
Тегi _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінiң аты _____________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Отбасының құрамында ______ адам, отбасы құрамы туралы мәлiметтердi
қоса берiп отырмын
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________________
Сериясы ________ нөмiрi _________ кiм берген _____________________
ӘЖК ___________________________ СТН ______________________________
Жеке шотының нөмiрi ___________________ Банктiң атауы ____________

      Өзгерiстер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

200__жылғы "____"___________ _________________________________
                                     (өтiнiш иесiнiң қолы)

Өтiнiш қабылданды:
200__жылғы "____"___________ _________________________________
                     (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

------------------------------------------------------------------
                          (қию сызығы)

      Өзгерiстер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертілдi.
Қоса берiлген құжаттармен азамат _________________ өтiнiшi
______ данада 200____ж. "____"_________ қабылданды.
_____________ ____________________________________________________
    қолы         (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады