"Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

  Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы

Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм
конвенциясын ратификациялау туралы

      2001 жылғы 22 мамырда Стокгольм қаласында жасалған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
            Президентi  

ОРНЫҚТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ЛАСТАҒЫШТАР ТУРАЛЫ СТОКГОЛЬМ КОНВЕНЦИЯСЫ

      Осы Конвенцияның тараптары,
      орнықты органикалық ластағыштардың уытты қасиеттерi болатынын, ыдырауға берiктiк көрсететiнiн, биологиялық жинақталыммен сипатталатынын және ауа, су және көші-қон түрлерi бойынша трансшекаралық тасымал объектiсi болып табылатынын, сондай-ақ құрылықтағы экожүйелер мен су экожүйелерiнде жинақтала келiп, олардың шығарылу көздерiнен үлкен қашықтықта шөгетiнiн  тани   отырып,
      адам денсаулығының жай-күйiне, әсiресе дамушы елдерде алаңдаушылық туғызатынын, жергiлiктi халықтың орнықты органикалық ластағыштар әсерiне ұшырайтынына байланысты, атап айтқанда әйелдер жағдайында кездесiп, олар арқылы келесi ұрпаққа берiлетiнiн  сезiне   отырып ,
      арктикалық экожүйелер мен байырғы қауымдардың орнықты органикалық ластағыштар әсерiнiң биологиялық күшеюi салдарынан ерекше қауіпте тұрғанын, сондай-ақ олар пайдаланатын дәстүрлi тағам өнiмдерiнiң зақымдануы халық денсаулығын қорғау мәселесi болып табылатынын  тани отырып ,
      орнықты органикалық ластағыштарға қатысты ғаламдық шаралар қабылдау қажет екенiн  сезiне отырып ,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуға және/немесе жоюға мүмкiндiк беретiн жүзеге асырылатын шаралар негiзiнде адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi халықаралық iс-қимылдарға бастамашы болуы туралы 19/13 С шешiмiн  назарға ала отырып ,
      осы мәселеге жататын тиiстi халықаралық табиғат қорғау әсiресе Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келісiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясының, сондай-ақ Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының, оның 11-бабының шеңберiнде әзiрленген аймақтық келiсiмдердi қоса алғанда, тиiстi халықаралық табиғат қорғау конвенцияларының ережелерiне  сүйене отырып ,
      сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының тиiстi ережелерiне және XXI ғасырға арналған Күн тәртiбiне  сүйене отырып ,
      сақтандыру шараларының барлық Тараптар алаңдаушылығының негiзiне алынатынын және осы Конвенцияда бекiтiлетiнiн  тани отырып,
      осы Конвенцияның және сауда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да халықаралық келiсiмдердiң өзара толықтырып тұратын сипат алатынын  тани отырып ,
      мемлекеттердiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық құқық принциптерiне сәйкес өздерiнiң қоршаған ортаны қорғау және дамыту саласындағы жүргiзетiн саясатына сай өзiнiң жеке ресурстарын әзiрлеуге егемендi құқығы болатынын және өздерiнiң юрисдикциясы шеңберiнде немесе өздерiнiң бақылауымен жүзеге асырылатын iс-шаралар нәтижесiнiң өздерiнiң ұлттық юрисдикциясына жатпайтын басқа мемлекеттердiң немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтiрмеуiн қамтамасыз етуде жауапты болатынын  тағы да   қуаттай отырып ,
      дамушы елдердiң және әсiресе олардың iшiнен аз дамыған елдердiң, сондай-ақ өтпелi экономикасы бар елдердiң жағдайларын және ерекше қажеттерiн, атап айтқанда химиялық заттарды реттеу саласындағы өздерiнiң ұлттық мүмкiндiктерiн, оның iшiнде Тараптар арасында технологиялар беру, қаржы және техникалық көмегiн ұсыну және ынтымақтастыққа жәрдемдесу арқылы кеңейтулерi қажет екенiн  назарға ала отырып,
      шағын аралдардағы дамушы елдердiң тұрақты дамуы үшiн iс-қимылдарды қамтамасыз етуi жөнiнде 1994 жылғы 6 мамырда Барбадоста қабылданған Бағдарламаны толық дәрежеде  назарға ала   отырып ,
      дамыған және дамушы елдердiң тиістi мүмкiндiктерiн, сондай-ақ мемлекеттердiң қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 7-принципiнде бекiтiлген ортақ, бiрақ әр түрлi жауапкершiлiктерiн  атап өте отырып,
      жеке сектор мен үкiметтiк емес ұйымдардың орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуды және/немесе жоюды қамтамасыз ету iсiне маңызды үлес қоса алатынын  тани отырып,
      орнықты органикалық ластағыштар өндiрушiлердiң өздерiнiң өнiмдерiмен келтiретiн зиянды зардаптарды азайтуы және тұтынушыларға, үкiметтерге және жұртшылыққа осындай химиялық заттардың зиянды қасиеттерiне қатысты ақпарат ұсынуы үшiн өздерiне жауапкершiлiк қабылдауының маңызды екенiн  атап көрсете отырып ,
      орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерлерiн олардың өмiрлiк циклының барлық кезеңдерiнде болдырмау үшiн шаралар қабылдау қажеттiгiн  тани отырып ,
      ұлттық өкiметтердiң ластағыштың, принципiнде ластауға байланысты шығындарды қоғамдық мүдделердi тиiстi түрде ескере отырып және халықаралық сауда мен инвестициялауды бұзбай жабуға тиiс болатын көзқарасты назарға ала отырып, экологиялық шығындарды интернализациялауға және экономикалық қаражаттарды пайдалануға жәрдемдесуге ұмтылуға тиiс деп жариялаған қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 16-принципiн  тағы да қуаттай отырып ,
      пестицидтер мен өнеркәсiптiк химиялық заттарды реттеу мен бағалау бағдарламалары жоқ Тараптарды осындай бағдарламалар әзiрлеуге  көтермелей отырып ,
      экологиялық қауiпсiз балама процестер мен химиялық заттарды әзiрлеудiң және пайдаланудың маңызды мәнiн  тани отырып ,
      адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерiнен қорғауды қамтамасыз етуде  қатаң   шешiмге келе отырып ,
      төмендегiлер туралы Уағдаласты:

1-бап
Мақсат

      Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципiнде бекiтiлген сақтық шараларын қабылдау принципiн ескере отырып, осы Конвенцияның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардан қорғау болып табылады.

2-бап
Анықтамалар

      Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
      а) "Тарап" осы Конвенцияның мiндеттемелерiмен байланысты болуға келiсiмiн берген және олар үшiн бұл Конвенция күшiне енгiзілген мемлекеттi немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымын бiлдiредi;
      b) "экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы" қайсыбiр аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, оның мүше мемлекеттерi осы Конвенциямен реттелетiн мәселелермен айналысуды тапсырған және өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға немесе мақұлдауға немесе оған қосылуға тиiстi түрде уәкiлеттiк берген ұйымды бiлдiредi;
      с) "Дауыс беруге қатысушы және қатысқан Тараптар" қатысушы және "жақтап" немесе "қарсы" дауыс берген тараптарды бiлдiредi.

3-бап
Бiле тұра өндiру немесе пайдалану нәтижесiнде шығаруды қысқарту немесе жою жөнiндегi шаралар

      1. Әрбiр Тарап:
      а) жою үшiн қажеттi:
      І) А қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелерiне сәйкес өндiруге және пайдалануға; және
      ІІ) А қосымшасында аталған химиялық заттардың, 2-тармақтың ережелерiне сәйкес өз импортына және экспортына құқықтық және әкiмшiлiк шараларға тыйым салады және/немесе оларды қабылдайды; және
      b) В қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелерiне сәйкес өзiнiң өндiруiн және пайдалануын шектейдi.
      2. Әрбiр Тарап мыналарды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды:
      а) А немесе В қосымшаларына енгiзiлген химиялық заттарды:
      І) 3-баптың I d) тармағында көрсетiлгендей экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн; немесе
      ІІ) А немесе В қосымшаларына сәйкес Тараптардың рұқсатымен пайдаланылуы немесе осы мақсаттар үшiн ғана импортталуын;
      b) А қосымшасына енгiзiлген, оған қатысты кез келген өндiруге немесе пайдалануға нақты алып тастау қолданылатын немесе оны пайдалануға қатысты В қосымшасына енгiзiлген химиялық заттарды кез келген өндiру немесе нақты алып тастау алдын ала негiзделген келiсiмнiң қазiргi кез келген халықаралық рәсiмдердi ескере отырып, ыңғайлы экспортталатын химиялық заттарды ғана:
      І) 6-баптың I d) тармағында көрсетiлгендей экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн;
      ІІ) А немесе В қосымшаларына сәйкес осы химиялық затты пайдалануға рұқсат берiлген Тарапқа; немесе
      ІІІ) экспортталатын Тарапқа жылдық сертификат ұсынған осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын мемлекетке. Мұндай сертификат химиялық заттарды көзделетiн пайдалануды айқындайды және импорттайтын мемлекеттiң:
      а. шығару минимумына немесе болдырмауға дейiн апаратын қажеттi шараларды қабылдау арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға;
      b. 6-баптың 1-тармағының ережелерiн сақтауға; және
      с. тиiстi жағдайларда В қосымшасы ІІ бөлiгi 2-тармағының
         ережелерiн орындауға осындай химиялық заттарға
         қатысты мiндеттенетiнi туралы мәлiмдемесiн қамтиды;
         Сондай-ақ мұндай сертификат кез келген тиiстi көмекшi
         құжаттаманы, мысалы заң актiлерiн, нормативтiк
         құжаттарды немесе әкiмшiлiк немесе директивалық
         нұсқауларды қамтиды. Экспорттаушы Тарап бұл
         сертификатты оны алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде
         хатшылыққа жiбередi;
      с) А қосымшасына енгiзiлген, оған қатысты кез келген өндiруге немесе пайдалануға нақты алып тастау барлық Тараптар үшiн химиялық заттарды, 6-баптың 1 d) тармағында көрсетiлгендей, экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн экспорттаудан басқа, ендi қолданылмайды;
      d) осы тармақтың мақсаты үшiн "осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын мемлекет" осы химиялық заттарға қатысты осы Конвенцияның ережелерiне байланысты өз келiсiмiн бермеген нақты химиялық заттарға қатысты мемлекеттi немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымын қамтиды.
      3. Жаңа пестицидтерге немесе жаңа өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бiр немесе бiрнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетiн әрбiр Тарап D қосымшасының 1-тармағында аталған критерийлердi ескере отырып, жаңа пестицидтердi немесе жаңа өнеркәсiптiк химиялық заттарды өндiру мен пайдаланудың алдын алу мақсатында реттеу шараларын қабылдайды, орнықты органикалық ластағыштар сипаттамасын көрсетедi.
      4. Пестицидтерге немесе өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бiр немесе бiрнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетiн әрбiр Тарап қазiргi кезде пайдаланылатын пестицидтерге немесе өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бағалау жүргiзу кезiнде қажет болған жерде D) қосымшасының 1-тармағында аталған осы бағдарламалар шеңберiндегi критерийлердi назарға алады.
      5. Егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, 1 және 2-тармақтар зертханалық ауқымда зерттеуге, сондай-ақ эталондық стандарт ретiнде пайдалануға жататын химиялық заттар көлемiне қолданылмайды.
      6. Оған қатысты А қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе В қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе ыңғайлы мақсат қолданылатын кез келген Тарап осындай алып тастау шеңберiнде кез келген өндiру немесе пайдалану немесе оның мақсаты адамға және қоршаған ортаға шығару әсерiнiң алдын алатын немесе ең аз болатын түрде жүзеге асырылатындай қамтамасыз етiлуi үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Алып тастау немесе ыңғайлы мақсатта қамтылатын және қалыпты пайдалану жағдайларында қоршаған ортаға бiле тұра шығаруға байланысты пайдалануға қатысты шығарулар кез келген қолданылатын нормалар мен басшылыққа алатын принциптердi ескере отырып, мүмкiндiгiнше барынша аз болуға тиiс.

4-бап
Нақты алып тастаулар тізілімі

      1. А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулары болатын Тараптарды анықтау мақсаттары үшiн осы Тiзiлiм құрылады. Ол барлық Тараптар жүзеге асыратын А немесе В қосымшаларының ережелерiн пайдаланатын Тараптарды айқындамайды. Тiзiлiмдi хатшылық жүргiзедi және жұртшылық үшiн ашық болады.
      2. Тiзiлiм:
      а) А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулар түрлерiнiң тiзбесiн;
      b) А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулар болатын Тараптар тiзбесiн;
      с) әрбiр нақты алып тастау тiркелген iс-қимылдар мерзiмiнiң тiзбесiн қамтиды.
      3. Кез келген мемлекет Тарапқа айнала отырып, хатшылықты жазбаша хабарлау арқылы А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулардың бiр немесе бiрнеше түрiн тiркей алады.
      4. Егер Тарап тiзiлiмде неғұрлым ерте күндi көрсетпесе немесе қолданылу мерзiмi 7-тармаққа сай ұзартылмаған болса, нақты алып тастауларды кез келген тiркеу нақты химиялық затқа қатысты осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен күннен кейiн бес жыл өткен соң мерзiмi бiтедi.
      5. Өзiнiң бiрiншi Конференциясында Тараптар Тiзiлiмге енгiзiлген деректердi қайта қарау процесi туралы шешiм қабылдайды.
      6. Тiзiлiмге енгiзiлген қандай бiр деректерге шолу жүргiзгенге дейiн тиiстi Тарап осы алып тастау тiркелiмiнде сақталған қажеттiктердi негiздей отырып, баяндаманы хатшылыққа ұсынады. Бұл баяндаманы хатшылық барлық Тараптарға жiбередi. Тiркеудi шолу барлық қолда бар ақпарат негiзiнде жүргiзiледi. Содан Тараптар Конференциясы тиісті Тарапқа қатысты өзi қажет деп тапқан ұсынымдарды енгiзе алады.
      7. Тиiстi Тараптың өтiнiшi бойынша Тараптар Конференциясы нақты алып тастаудың қолданылу мерзiмiн бес жылға дейiнгi кезеңге ұзарту туралы шешiм қабылдай алады. Өз шешiмiн назарға ала отырып, Тараптар Конференциясы дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың ерекше мән-жайларын тиiстi түрде ескеруге тиiс.
      8. Кез келген Тарап кез келген cәтті елдегi нақты алып тастауға қатысты енгiзiлген деректердi хатшылықты жазбаша хабарлау арқылы Тiзiлiмнен қайтарып ала алады.
      9. Нақты алып тастаудың осы түрiне қатысты тiркелген бiрде-бiр Тарап қалмағанда оған қатысты ешқандай жаңа тiркеудi жүзеге асыруға болмайды.

5-бап
Бiле тұра өндiру нәтижесiндегi шығарындыларды
қысқарту немесе жою жөнiндегi шаралар

      Әрбiр Тарап С қосымшасында аталған әрбiр химиялық заттардың антропогендiк көздерiнен жиынтық шығарындыларды қысқартуға бағытталған оларды бiржола жоюды жүзеге асыруға болатындай барынша тұрақты түрде барынша азайту мақсатында минимум ретiнде мынадай шараларды қабылдайды:
      а) iс-қимыл жоспарын немесе, егер бұл қажет болса, осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн екi жыл iшiнде осы Тарап үшiн аймақтық немесе аймақтық қосалқы iс-қимыл жоспарын әзiрлейдi және кейiннен оны С қосымшасында аталған, сондай-ақ b)-e) тармақшаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшiн химиялық заттардың қасиеттерiн айқындауға және шығару мәселелерiн сәйкестендiруге арналған оны 7-бапта көрсетiлген жүзеге асыру жоспарының құрамдас бөлiгi ретiнде жүзеге асырады, іс-қимыл жоспары мынадай элементтердi:
            І)   көздер кадастрын әзiрлеу мен жүргiзудi және С
                 қосымшасында аталған көздер санаттарын ескере
                 отырып, шығаруды бағалауды қоса, қазiргi бар және
                 болжамданатын шығаруды бағалауды;
            ІІ)  осындай шығаруды реттеуге бағытталған заңдардың
                 тиiмдiлiгiн және Тараптар саясатын бағалауды;
            ІІІ) І) және ІІ) тармақшаларында айтылған
                 бағалауларды ескере отырып, мiндеттемелердi
                 орындауға бағытталған стратегияны;
            ІV)  осы стратегияларға қатысты мәселелер бойынша
                 сипаттауға жәрдемдесу, кадрлар әзiрлеу және
                 хабардарлықты арттыру шараларын;
            V)   стратегияларды iске асыру барысында әрбiр бес
                 жылда шолу жүргiзудi және осы тармақтың шеңберiнде
                 көзделген мiндеттемелердi орындау iсiнiң арқасында
                 қол жеткiзген табысты қамтиды; мұндай шолулар
                 15-бапқа сәйкес ұсынылған баяндамаға енгiзiледi;
            VІ)  iс-қимылдар жоспарын орындау кестесiн, оның iшiнде
                 белгiленген стратегиялар мен шараларды қамтиды;
      b) шығару деңгейiн жедел түрде қамтамасыз етуi не жоюы, не нақты және елеулi қысқартуы мүмкiн қазiргi бар жүзеге асырылатын және практикалық шараларды қолдануға жәрдемдеседi;
      с) егер бұл қажет деп есептесе, әзiрлеуге жәрдемдеседi, С қосымшасында аталған химиялық заттардың түзiлуiн және шығарылуын болдырмау мақсатында С қосымшасында жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөнiндегi шараларға, сондай-ақ Тараптар Конференциясының шешiмiне сәйкес қабылданатын басшылыққа алынатын принциптерге қатысты жалпы нұсқауларды ескере отырып, алмастыратын немесе түрi өзгертiлген материалдарды, өнiмдер мен процестердi пайдалануды қажет етедi;
      d) өзiнiң iс-қимыл жоспарын жүзеге асыру кестесiне сәйкес жәрдемдеседi, Тарап бастапқы кезеңде С қосымшасының II бөлiгiнде аталған көздер санаттарына ерекше назар аудара отырып, өзiнiң iс-қимыл жоспарының шеңберiнде осындай шараларды қажет ету ретiнде айқындаған көздер санаттарының шеңберiндегi жаңа көздер үшiн қазiргi бар ең үздiк әдiстердi пайдалануды талап етедi. Осы қосымшаның II бөлiгiнде аталған санаттар шеңберiнiң жаңа көздерiне қатысты қазiргi бар ең үздiк әдiстердi пайдалану тұрғысындағы кез келген жағдайдағы талап ету мүмкiндiгіне қарай бiртiндеп енгiзiлуге тиiс, бiрақ осы Тарап үшiн Конвенцияны күшiне енгiзуге байланысты төрт жылдан кешiктiрiлмей енгiзiлуге тиiс. Аталған санаттарға қатысты Тараптар осы қосымшада жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөнiндегi шаралар тұрғысында жалпы нұсқауларды және Тараптар Конференциясының шешiмiне сәйкес қабылданатын табиғат қорғау қызметiнiң қазiргi бар ең үздiк әдiстерi мен үздiк түрлерi тұрғысында басшылыққа алынатын принциптердi ескерiп отырады;
      e) қазiргi бар ең үздiк әдiстердi және табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерiн қолданудағы өзiнiң iс-қимыл жоспарына сәйкес:
            І)  С қосымшасының ІІ бөлiгiнде аталған және осы
                қосымшаның ІІІ бөлiгiнде келтiрiлетiн көздерге
                қатысты көздер санаттарының шеңберiндегi қазiргi
                бар көздерге; және
            ІІ) С қосымшасының ІІІ бөлiгiнде аталған, Тарап d)
                тармақшасының шеңберiнде қарастырмаған санаттар
                көздерiнiң жаңа көздерiне қатысты жәрдемдеседi.
      Қазiргi бар ең үздiк әдiстердi және табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерiн пайдалануда Тараптар С қосымшасында жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөнiндегi шараларды және Тараптар Конференциясының шешiмiне сәйкес қабылданатын қазiргi бар ең үздiк әдiстер және табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерi жөнiнде басшылыққа алатын шараларды қабылдауға қатысты жалпы нұсқауларды ескеруге тиiс;
      f) осы тармақтың және С қосымшасының мақсаты үшiн:
            І)  "қазiргi бар ең үздiк әдiстер" тұтас алғанда С
                қосымшасының I бөлiгiнде аталған химиялық заттарды
                шығаруды және тұтас алғанда қоршаған ортаға олардың
                әсерiн қысқартуды қамтамасыз етудi жүзеге
                асырылатын сақтандыруға тиiс шығаруды шектеу үшiн
                негiздер принципiнде қамтамасыз етудiң нақты
                әдiстерiн практикалық қолдануды көрсететiн оларды
                қолданудың iс-шаралары мен әдiстерiн әзiрлеудiң ең
                бiр тиiмдi және алға қойылған кезеңiн бiлдiредi.
                Бұл тұрғыда:
            ІІ) "әдiстер" қабылданатын технологияны да, қондырғының
                қандай түрде жобаланатынын, салынатынын,
                пайдаланылатынын, жұмыс iстейтiнiн және пайдаланудан
                шығарылатынын да қамтиды;
           ІІІ) "қазiргi бар әдiстер" оператор үшiн жетiмдi,
                сондай-ақ тиiстi өнеркәсiп секторында шығындар мен
                артықшылықтарды ескере отырып, экономикалық және
                техникалық тұрғыдан жүзеге асырылатын жағдайлар
                кезiнде қолдануға жол берiлетiн ауқымда әзiрленген
                әдiстердi бiлдiредi;
            ІV) "ең үздiк" тұтас алғанда қоршаған ортаның жалпы
                жоғары, деңгейiне ең бiр тиiмдi қол жеткiзудi
                бiлдiредi;
            V)  "табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерi"
                табиғат қорғау қызметiн реттеу шаралары мен
                стратегиясын ең бiр ыңғайлы ұштастыра қолдануды
                бiлдiредi;
            VІ) "жаңа көз" кем дегенде:
                а. осы Тарап үшiн күшiне енгiзiлу; немесе
                b. осы Тарап үшiн осы көз осы түзетуге байланысты
                ғана осы Конвенцияның ережелерiне тура келетiн С
                қосымшасына түзетулердiң күшiне енгiзiлу күнiнен
                кейiн бiр жылдан соң басталған кез келген көздi,
                салуды немесе едәуiр түрлендiрудi бiлдiредi;
      g) шектi шығару немесе тиiмдiлiк стандарттарының мәнiн Тарап 3-тармақ шеңберiндегi қазiргi бар ең үздiк әдiстер мiндеттемелерiн орындау үшiн пайдалануы мүмкiн.

6-бап
Запастар мен қалдықтарға байланысты шығаруды қысқарту
немесе жою жөнiндегi шаралар

      1. Не А қосымшасында, не В қосымшасында аталған химиялық заттардан тұратын запастарды немесе олар құрамында болатын А, В немесе С қосымшаларына енгiзiлген химиялық заттардан тұратын, құрамында ол бар немесе оны жұқтырған қалдықтарға айналған өнiмдер мен бұйымдарды қоса, қамтамасыз ету үшiн, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды реттеудi осындай түрде қамтамасыз ету үшiн, әрбiр Тарап:
      а) мыналарды:
      І)  А немесе В қосымшаларында аталған немесе олар құрамында
          болатын химиялық заттардан тұратын запастарды; және
      ІІ) А, В немесе С қосымшаларына енгiзiлген химиялық заттардан
          тұратын, құрамында ол бар немесе оларды жұқтырған
          қолданылуда болатын өнiмдер мен бұйымдарды және
          қалдықтарды анықтау үшiн тиісті стратегияларды әзiрлейдi;
      b) А немесе В қосымшаларында аталған химиялық заттардан тұратын немесе олар құрамында болатын запастарды a) тармақшасында аталған стратегия негiзiнде мүмкiндiк дәрежесiне қарай анықтайды;
      с) запастарды қауiпсiз, тиiмдi және экологиялық ұтымды реттеудi тиiстi түрде қамтамасыз етедi. А немесе В қосымшаларында аталған химиялық заттар запастарын оларды А қосымшасындағы қандай бiр нақты алып тастауға немесе В қосымшасында бар нақты алып тастауға немесе қолайлы мақсатқа сәйкес пайдалануға рұқсат бермегеннен кейiн, 3-баптың 2-тармағы негiзiнде экспортқа рұқсат берiлген запастарды қоспағанда, қалдықтар деп есептеледi және d) тармақшасының ережелерiне сәйкес реттелуге тиiс;
      d) қалдықтарға айналған өнiмдер мен бұйымдарды қоса, осындай қалдықтарды;
      і) экологиялық қауiпсiз түрде өңделуiн, жиналуын,
         тасымалдануын және сақталуын;
      іі) олардың құрамында бар орнықты органикалық ластағыштардың
          осындай түрде жойылуын немесе қайтарымсыз қайта
          жаңғыртылуын және орнықты органикалық ластағыштар
          қасиеттерiн көрсетпеуiн немесе, егер жою немесе
          қайтарымсыз қайта жаңғыртылу 2-тармаққа сәйкес әзiрленуi
          мүмкiн және қауiптi қалдықтарды реттеудi айқындайтын
          тиiстi ғаламдық және аймақтық режимдердi қоса, халықаралық
          ережелердi, стандарттарды және басшылыққа алатын
          принциптердi ескере отырып, экологиялық тұрғыдан
          артықшылық нұсқа болмаған немесе орнықты органикалық
          ластағыштар құрамы төмен болған жағдайда өзге де
          экологиялық қауiпсiз түрде жойылуын;
      iii) рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, орнықты
           органикалық ластағыштарды тiкелей қайта пайдалануға
           немесе пайдаланудың балама түрлерiне әкеп соғуы мүмкiн
           түрде жоюға рұқсат берiлмеуiн; және
      iv) халықаралық ережелердi, стандарттарды және басшылыққа
          алатын принциптердi ескерусiз халықаралық шекаралар арқылы
          алып өтiлмеуiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар
          қабылдайды;
      e) А, В немесе С қосымшаларында аталған химиялық заттар жұқтырылған учаскелерді анықтау жөнiнде тиiстi стратегиялар әзiрлеу үшiн күш-жiгерлерiн қолданады; осы учаскелердi қалпына келтiру жөнiнде жұмыстар жүргiзiлген жағдайда мұндай жұмыстар экологиялық қауiпсiз түрде жүргiзiлуге тиiс.
      2. Тараптар Конференциясы Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының тиiстi органдарымен тығыз ынтымақтастықта болады, атап айтқанда:
      а) D қосымшасының 1-тармағында көрсетiлгендей, орнықты органикалық ластағыштар қасиеттерiн көрсетпеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жою және қайтарымсыз қайта жаңғырту деңгейiн белгiлейдi;
      b) ол жоғарыда айтылған, экологиялық қауiпсiз жою әдiсi деп есептеген әдiстердi айқындайды; және
      с) 1-тармақтың 4) іі) тармақшасына сәйкес орнықты органикалық ластағыштардың төмен құрамын айқындау үшiн А, В және С қосымшаларында аталған химиялық заттар шоғырланымының деңгейiн белгiлеуде тиiстi түрде жұмыс iстейдi.

7-бап
Орындау жоспары

      1. Әрбiр Тарап:
      а) осы Конвенцияда көзделген өз мiндеттемелерiн орындау жоспарын әзiрлейдi және жүзеге асыруға ұмтылады;
      b) ол үшiн осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiнгi екi жыл iшiнде Тараптар Конференциясының орындауы үшiн өз жоспарын жiбередi; және
      с) өзiнiң орындау жоспарын және Тараптар Конференциясының шешiмiмен айқындалатын рәсiмге сәйкес тиiстi түрде дүркiн-дүркiн қайта қарайды және жаңартады.
      2. Тараптар дұрыс болған жағдайда тiкелей арналар бойынша немесе ғаламдық, аймақтық және қосалқы аймақтық ұйымдар арқылы ынтымақтасады және әйелдер ұйымдары мен балалар денсаулығын қорғаумен айналысатын топтарды қоса, өздерiнiң орындау жоспарларын әзiрлеу, жүзеге асыру және жаңарту мақсатымен өздерiнiң ұлттық мүдделi тараптарымен консультациялар өткiзедi.
      3. Тараптар дұрыс болатын жерде өздерiнiң тұрақты даму стратегиясына орнықты органикалық ластағыштар бойынша орындауға ұлттық жоспарларын енгiзу үшiн қаражат пайдалануға, қажет жағдайда, жасауды ұмтылады.

8-бап
А, В және С қосымшаларына химиялық заттарды енгізу

      1. Тарап А, В және/немесе С қосымшаларына қандай бiр химиялық заттарды енгiзу үшiн хатшылыққа ұсыныс бере алады. Ұсыныста D қосымшасында аталған ақпарат болуға тиiс. Ұсынысты берген кезде Тарапқа басқа Тараптар немесе хатшылық көмек көрсете алады.
      2. Хатшылық D) қосымшасында аталған осы ұсыныста ақпарат бар ма дегендi тексередi. Егер хатшылық ұсыныста аталған ақпарат бар деп есептесе, ол оны орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөнiндегi Комитетке жiбередi.
      3. Комитет ұсынысты қарайды және D қосымшасында жазылған iрiктеу критерийiн икемдi және транспаренттiк әдiс негiзiнде, барлық ұсынылған ақпаратты тексере отырып, кешендi және теңдестiрiлген түрде пайдаланады.
      3. Егер Комитет, ол:
      а) iрiктеу критерийiнiң орындалуына қанағаттандық деп есептесе, ол хатшылық арқылы ол Комитеттiң осы ұсынысы мен бағалауын барлық Тараптар мен байқаушыларға жiбередi және E қосымшасында аталған ақпаратты берудi ұсынады; немесе
      b) iрiктеу критерийiнiң сақталуына ол қанағаттанбаған жағдайда хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларды хабардар етедi және Комитеттiң ұсынысы мен бағалауын барлық Тараптарға табыс етедi де, ұсыныс қабылданбайды.
      5. Кез келген Тарап ол 4-тармаққа сәйкес қабылдамаған ұсынысты Комитетке қайта ұсынуы мүмкiн. Ұсынысқа қайта ұсынылған жағдайда осы Тараптың кез келген алаңдаушылығы, сондай-ақ оны Комитетте қосымша қарау үшiн негiздеме енгiзiлуi мүмкiн. Егер осы рәсiмдi пайдаланғаннан кейiн Комитет ұсынысты тағы да қабылдамаса, Тарап Комитеттiң бұл шешiмiмен дауласа алады, ал Тараптар Конференциясы бұл мәселенi өзiнiң келесi сессиясында қарайды. Тараптар Конференциясы D қосымшасында бар iрiктеу критерийiн негiзге ала отырып және Комитеттiң бағалауы мен кез келген Тарап немесе ұсынысқа бағыт беру керек екендiгi туралы байқаушы ұсынған кез келген қосымша ақпаратты ескере отырып шешiм қабылдай алады.
      6. Егер Комитет iрiктеу критерийiнiң сақталғандығы туралы шешiм қабылдаса немесе Тараптар Конференциясы ұсынысқа бағыт берiлуге тиiс деп қаулы қабылдаса, Комитет кез келген тиiстi алынған қосымша ақпаратты ескере отырып, ұсынысты қарауды жалғастырады және Е қосымшасына сәйкес тәуекелдер сипаттамасының жобасын әзiрлейдi. Ол осы жобаны хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларға табыс етедi, олардың техникалық ескертпелерiн жинап, осы ескертпелердi ескере отырып, тәуекелдер сипаттамасын әзiрлеудi аяқтайды.
      7. Егер E қосымшасына сәйкес әзiрленген тәуекелдер сипаттамасы негiзiнде Комитет:
      а) осы химиялық зат оның қоршаған ортаға үлкен қашықтыққа көшуi нәтижесiнде адам денсаулығы және/немесе қоршаған орта үшiн ғаламдық iс-қимылды қажет ететiн елеулi қолайсыз салдарлар туғызуы мүмкiн деген тұжырымға келсе, ұсынысқа бағыт берiлуi тиiс. Толық ғылыми анықтылықтың болмауы тәуекелдердi реттеудi бағалауды әзiрлеуге кедергi келтiрмеуге тиiс. Комитет хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушылардан F қосымшасында аталған пайымдауларға қатысты ақпаратты сұратып алады. Содан соң ол тәуекелдердi реттеудi бағалауды әзiрлеп, осы қосымшаға сәйкес осы химиялық заттарды реттеудiң мүмкiн болатын шараларын талдауды қамтиды; немесе
      b) ұсынысқа бағыт берiлуi тиiстi емес, ол хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларға тәуекелдер сипаттамасын табыс етедi және осы ұсынысты қабылдамайды.
      8. Тарап 7 b) тармағына сәйкес қабылданбаған кез келген ұсынысқа қатысты Комитетке ұсынған Тарап пен басқа да Тараптардан бiр жылдан аспайтын мерзiм iшiнде қосымша ақпаратты сұратып aлу үшiн тапсырма беру үшiн мәселенi қарау өтiнiшiмен жүгiне алады. Осы кезең өтуi бойына және алынған кез келген ақпарат негiзiнде Комитет Тараптар Конференциясы айқындаған басым тәртiппен жоғарыдағы 6-тармаққа сәйкес ұсынысты қайта қарайды. Егер осы рәсiмдi пайдаланғаннан кейiн Комитет ұсынысты тағы қабылдамаса, Тарап Комитеттiң осы ұсынысына дауласа алады, ал Тараптар Конференциясы бұл мәселенi өзiнiң келесi сессиясында қарайды. Тараптар Конференциясы E қосымшасына сәйкес әзiрленген тәуекелдер сипаттамасын негiзге ала отырып және Комитеттiң бағалауы мен Тарап немесе байқаушы ұсынған ұсынысқа бағыт берiлуi тиiс екенi туралы кез келген қосымша ақпаратты ескере отырып шешiм қабылдай алады. Егер Тараптар Конференциясы ұсынысты қарауды жалғастырған жөн деп есептесе, онда Комитет тәуекелдердi реттеудi бағалауды әзiрлейдi.
      9. 6-тармақта аталған тәуекелдер сипаттамасы және 7 а) тармағында немесе 8-тармақта аталған тәуекелдердi реттеудi бағалау негiзiнде Комитет Тараптар Конференциясы осы химиялық заттарды А, В және/немесе С қосымшаларына енгiзу туралы мәселенi қарауға қатысты ұсыным шығарады. Тараптар Конференциясы Комитет ұсынымдарын тиiстi түрде ескере отырып, ғылыми анықтықтың болмауын қоса алғанда, сақтық негiзiнде осы химиялық заттарды А, В және/немесе С қосымшаларына енгiзу жөн екендiгi туралы шешiм қабылдайды және ол бойынша тиiстi реттеу шараларын айқындайды.

9-бап
Ақпараттар алмасу

      1. Әрбiр Тарап:
      а) өндiрiстi қысқартуға немесе жоюға, орнықты органикалық ластағыштарды пайдалану мен шығаруға; және
      b) орнықты органикалық ластағыштарға, олармен байланысты тәуекелдерге қатысты ақпаратты, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтiк шығындарды қоса, баламаларға қатысты ақпараттар алмасуды жеңiлдетедi немесе жүзеге асырады.
      2. Тараптар 1-тармақта аталған ақпараттар алмасуды тiкелей бiр-бiрiмен немесе хатшылық арқылы жүзеге асырады.
      3. Әрбiр Тарап осындай ақпараттар алмасу мақсаты үшiн ұлттық үйлестiру орталығын тағайындайды.
      4. Хатшылық үкiмет аралық ұйымдар мен үкiметтiк емес ұйымдар Тараптарға ұсынатын ақпаратты қоса, орнықты органикалық ластағыштар туралы ақпаратқа қатысты делдалдық тетiгiнiң функциясын орындайды.
      5. Осы Конвенцияның мақсаты үшiн адам денсаулығы мен қоршаған орта қауiпсiздiгi мәселелерiне қатысты ақпарат құпия ретiнде қаралмайды. Осы Конвенцияға сәйкес өзге де ақпарат алмасуды жүзеге асыратын Тараптар өзара уағдаластықтар негiзiнде кез келген құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етедi.

10-бап
Жұртшылықты хабардар ету, хабардарлықты және ағартушылықты арттыру

      1. Әрбiр Тарап өз мүмкiндiктерiнiң шеңберiнде:
      а) орнықты органикалық ластағыштар мәселелерi бойынша өздерiнiң директивалық және басшылық органдарының хабардарлығын арттыруға;
      b) 9-баптың 5-тармағын ескере отырып, жұртшылыққа қазiргi бар ақпараттарды ұсынуға;
      с) әсiресе әйелдер, балалар және бiлiмдерi кемiрек адамдар үшiн - орнықты органикалық ластағыштар мәселелерi бойынша, сондай-ақ адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн олардың зардаптары және олардың баламалары бойынша оқу және қоғамдық-ағарту бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыруға;
      d) орнықты органикалық ластағыштарға және олардың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн зардаптарына қатысты, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға ұлттық деңгейде үлес қосуды қамтамасыз ету үшiн мүмкiндiктер жасауды қоса, жауап берудiң тиiстi шараларын әзiрлеу мәселелерiн шешуге жұртшылықтың қатысуына;
      e) жұмысшы, ғылыми, оқытушылық, техникалық және басқару кадрларын даярлауға;
      f) жұртшылықты ағарту және хабардар ету және олардың алмасуы үшiн ұлттық және халықаралық деңгейлерде материалдар әзiрлеуге; және
      g) ұлттық және халықаралық деңгейлерде ағарту және оқу бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруға жәрдемдеседi және ықпал етедi.
      2. Әрбiр Тарап өз мүмкiндiктерi шеңберiнде 1-тармақта аталған қоғамдық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткiзуiн, сондай-ақ бұл ақпараттың ұдайы жаңартылып тұруын қамтамасыз етедi.
      3. Әрбiр Тарап өз мүмкiндiктерi шеңберiнде 1-тармақта аталған ақпаратты ұлттық, ал бұл қажет болған жерде қосалқы аймақтық, аймақтық және ғаламдық деңгейлерде ұсынуға өнеркәсiптiк және кәсiби пайдаланушыларды жәрдемдесуге және ықпал етуге шақырады.
      4. Орнықты органикалық ластағыштар және олардың баламалары туралы ақпаратты қамтамасыз ете отырып, Тараптар қауiпсiздiк жөнiндегi деректер, баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдары мүмкiндiктерi және басқа да байланыс құралдары нысандарын пайдалана алады және ұлттық және аймақтық деңгейлерде ақпарат орталықтарын құра алады.
      5. Әрбiр Тарап А, В немесе С қосымшаларында аталған, шығарылатын немесе жойылатын химиялық заттардың жыл сайынғы көлемдерiнiң есептiк көрсеткiштерiне қатысты ақпараттарды жинау және тарату үшiн ластағыштарды шығару және көшу тiркелiмi сияқты тетiктер құру туралы мәселеге оң қарайды.

11-бап
Ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және мониторинг

      1. Әрбiр Тарап өз мүмкiндiктерi шеңберiнде орнықты органикалық ластағыштарға және бұл қажет болған жағдайда олардың баламалары мен әлеуеттi орнықты органикалық ластағыштарға қатысты тиiстi ғылыми зерттеулердi, әзiрлемелердi, мониторинг пен ынтымақтастықты, атап айтқанда:
      а) қоршаған ортаға тасталатын көздер және шығарулар;
      b) адамдар ағзалары мен қоршаған ортаға қатысуы, олардың деңгейлерi және тиiстi бағыттар;
      с) қоршаған ортаға көшуi, "тағдыры" және қайта жаңғыртылуы;
      d) адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсерi;
      e) әлеуметтiк-экономикалық және мәдени зардаптары;
      f) шығаруды қысқарту және/немесе жою; және
      g) шығу көздерiн есепке алудың бiрiздендiру әдiстемесi және шығаруды өлшеудiң талдамалы әдiстерi сияқты мәселелер бойынша ұлттық және халықаралық деңгейлерде көтермелейдi және/немесе жүзеге асырады.
      2. 1-тармақты орындау шараларын назарға ала отырып, Тараптар өз мүмкiндiктерi шеңберiнде:
      а) қонымды жағдайда халықаралық бағдарламаларды, желiлер мен ұйымдарды қолдауды және одан әрi дамытуды қамтамасыз етедi, олардың мiндеттерi ғылыми зерттеулердi жүргiзудi, бағалауды және қаржыландыруды, күш-жiгерлердi қайталауды барынша азайтуға апаратын қажеттiлiктi ескере отырып, деректердi және мониторингтi жинауды айқындау болып табылады;
      b) ғылыми-техникалық зерттеулердi жүргiзу, әсiресе дамушы елдер мен өтпелi экономикасы бар елдерде жүргiзу, сондай-ақ талдау деректерi мен нәтижелерiне және оларды алмасуға қол жеткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi ұлттық мүмкiндiктердi кеңейтуге бағытталған ұлттық және халықаралық күш-жiгерлердi қолдайды;
      с) дамушы елдер мен өтпелi экономикасы бар елдердiң, атап айтқанда қаржылық және техникалық құралдарға мұқтаждығы мен қажеттiлiгiн ескередi және а) және b) тармақшаларда жоғарыда аталған күш-жiгерлердi iске асыруға қатысу үшiн өздерiнiң мүмкiндiктерiн кеңейту iсiнде ынтымақтасады;
      d) орнықты органикалық ластағыштардың өнiмдi қызметке әсер ету зардаптарын жұмсартуға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргiзедi;
      e) осы тармақта аталған зерттеу, әзiрлеу және мониторинг саласындағы өздерiнiң iс-шараларының нәтижелерiн жұртшылықтың кеңiнен қол жеткiзуiне тұрақты және дер кезiнде ұсынып отырады; және
      f) ғылыми зерттеулер, әзiрлеу және мониторинг нәтижесiнде алынған ақпараттық деректердi сақтау және қолдау саласындағы ынтымақтастықты көтермелейдi және/немесе жүзеге асырады.

12-бап
Техникалық көмек

      1. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың өтiнiштерiне жауап ретiнде дер кезiнде және тиiстi техникалық көмек көрсетудiң осы Конвенцияны табысты жүзеге асырудың аса маңызды шарты болып табылатынын таниды.
      2. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға дер кезiнде және тиiстi көмек көрсетуге осы Конвенцияның шеңберiнде өз мiндеттемелерiн орындау саласындағы олардың ерекше қажеттiлiктерiн, олардың әлеуетiн әзiрлеу мен нығайтуға назар аудара отырып, оларға жәрдемдесу үшiн ынтымақтасады.
      3. Осы тұрғыдан алғанда дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және олардың мүмкiндiктерiн ескере отырып, басқа да Тараптардың техникалық көмегi осы Конвенция шеңберiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты әлеуетiн құру үшiн тиiсiнше өзара уағдаластық негiзiндегi де техникалық көмегiн қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда қосымша нұсқауларды Тараптар Конференциясы ұсынады.
      4. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты техникалық көмек көрсету және технологиялар берудi кеңейту мақсатында тиiсiнше тетiктер жасайды. Бұл тетiктер дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға олардың осы Конвенция шеңберiндегі өз мiндеттемелерiн орындауына жәрдемдесу үшiн әлеуетті және технологиялар берудi нығайту жөнiндегi аймақтық және қосалқы аймақтық орталықтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда қосымша нұсқауларды Тараптар Конференциясы ұсынады.
      5. Осы баптың мәтiнiнде Тараптар техникалық көмек көрсетуге қатысты азырақ дамыған елдердiң және дамушы шағын аралдық мемлекеттердiң нақты қажеттiлiктерi мен ерекше жағдайын толық дәрежеде назарға алады.

13-бап
Қаржы ресурстары мен қаржыландыру тетiктерi

      1. Әрбiр Тарап өздерiнiң ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес осы Конвенцияның мақсатына жетуiне бағытталған ұлттық iс-шараларға қатысты өз мүмкiндiктерiнiң шеңберiнде қаржылық қолдау көрсетуге және жәрдемдесуге мiндеттенедi.
      2. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға Тарап-реципиенттың және 6-тармақта айтылған тетiк қызметiне қатысатын құрылымның арасындағы уағдаластыққа сәйкес осы Конвенция шеңберiндегi өз мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты өздерi келiскен барлық қосымша шығындарды жабу үшiн қажеттi мүмкiндiктер ұсыну мақсатында жаңа және қосымша қаржылық ресурстарды ұсынады. Басқа Тараптар өздерiнiң мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, осындай қаржылық ресурстарды ерiктi негiзде ұсынуы мүмкiн. Сонымен бiрге, басқа көздерден жарналарды көтермелеп отырған жөн. Осы мiндеттемелердi орындау кезiнде жарналар енгiзген Тараптардың қаражат тасқынын барабар, анық, дер кезiнде қамтамасыз ету қажеттiлiгi мен қаржы ауыртпалығын бiрлесiп енгiзуiнiң маңыздылығы ескерiледi.
      3. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар мен басқа да Тараптар өз мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып және өздерiнiң ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес ұсынуы мүмкiн, ал дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптар осы Конвенцияны басқа екi жақты, аймақтық және көп жақты көздер немесе арналар арқылы жүзеге асыруға оларға жәрдем көрсетуге арналған қаржылық ресурстарды алуы мүмкін.
      4. Дамушы елдер болып табылатын Тараптардың осы Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн қаншалықты дәрежеде тиiмдi орындауы дамыған елдер болып табылатын Тараптардың қаржылық ресурстарға, техникалық көмек пен технологияларды беруге қатысты осы Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн тиiмдi орындауына байланысты. Тұрақты экономикалық және әлеуметтiк даму және қайыршылықты жою дамушы елдер болып табылатын Тараптардың негiзгi және ең бiр өзектi басымдықтары болып табылады, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттiлiгiне тиiстi назар аударумен қатар толық дәрежеде ескерiлуге тиiс.
      5. Тараптар толық дәрежеде қаржыландыру саласында шаралар қабылдау кезiнде азырақ дамыған елдердiң және дамушы шағын аралдық мемлекеттердiң нақты қажеттiлiктерi мен ерекше жағдайын толық дәрежеде ескерiп отырады.
      6. Дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға Конвенцияны жүзеге асыруға оларға жәрдем көрсету үшiн өтемсiз немесе жеңiлдiктi негiзде барабар және тұрақты негiзде қаржылық ресурстар ұсыну үшiн осы арқылы тетiк құрылады. Осы Конвенцияның мақсаты үшiн осы тетiк Тараптар Конференциясының басқаруымен және тиiсiнше басшылығымен жұмыс iстейдi және оған есеп берiп отырады. Оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету Тараптар Конференциясы қабылдауы мүмкiн шешiмге сәйкес елеулi халықаралық құрылымдарды қоса, бiр немесе бiрнеше құрылымға тапсырылады. Осы тетiк көп жақты, аймақтық және екi жақты негiзде қаржылық және техникалық көмек көрсетумен айналысатын басқа құрылымдарды қамтуы да мүмкiн. Осы тетiкке жарналар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға 2-тармаққа сәйкес жiберiлетiн басқа да қаржылық қаражатқа қатысты алғанда қосымша болып табылады.
      7. Осы Конвенцияның мақсаттарына және жоғарыдағы 6-тармақтың ережелерiне сәйкес Тараптар Конференциясы өздерiнiң алғашқы кеңесiнде тетiк үшiн арналған тиiстi басшылыққа алатын нұсқауларды қабылдайды және қаржыландыру тетiгi қызметiне, оларды орындау шараларына қатысатын құрылыммен немесе құрылымдармен келiседi. Басшылыққа алатын нұсқаулар:
      а) саясат, стратегия және бағдарламалық қызмет саласындағы басымдықтарды, сондай-ақ қаржылық ресурстарға және оларды пайдалануға қол жеткiзу құқықтарын ұсынуға қатысты, тұрақты негiзде осы ресурстарды пайдалануға мониторинг пен бағалауды қоса, кең құлашты айқын критерийлер мен басшылыққа алатын принциптердi айқындау;
      b) Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты барабар және тұрақты іс-шараларды қаржыландыру туралы құрылымның немесе құрылымдардың Тараптар Конференциясының тұрақты баяндамаларын ұсынуы;
      с) әр түрлi көздерден қаржыландыруды пайдалануға негiзделген әдiстердi, тетiктер мен уағдаластықтарды қолдануға жәрдемдесу;
      d) осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн қажеттi және қазiргi бар қаржыландыру қаражатының болжамдалған және айқындалған көлемiн орнықты органикалық ластағыштардан бас тартудың осы көлемдi ұзақ уақыт қаржыландыруды және оқтын-оқтын қайта қарау жағдайларын талап ететiнiн ескере отырып, айқындауға мүмкiндiк беретiн схемалар; және
      e) мүдделi Тараптардың өздерiнiң күш-жiгерлерiн үйлестiру мақсатында қазiргi бар қаржыландыру көздерi мен жүйелерi туралы тұтынушыларды бағалау, ақпаратпен қамтамасыз ету iсiнде көмек көрсету нысандары сияқты қырларға қатысты.
      8. Тараптар Конференциясы өзiнiң екiншi кеңесiнен кешiктiрмей, содан соң осы бапқа сәйкес құрылған тетiктiң тиiмдiлiгiне, дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың өзгерiп отырған қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға оның қабiлетiне, 7-тармақта жоғарыда аталған критерийлер мен басшылыққа алатын нұсқауларды, қаржыландыру деңгейлерiне, сондай-ақ қаржыландыру тетiгiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету тапсырылған ұйымдық құрылымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне тұрақты негiзде шолу жүргiзедi. Осындай шолу нәтижелерiнiң негiзiнде ол қажет жағдайда, Тараптар қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүдделерiн барабар және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға қатысты ұсынымдар мен басшылыққа алатын нұсқауларды қоса алғанда, тетiк қызметiнiң тиiмділiгiн арттыру үшiн тиiстi шараларды қабылдайды.

14-бап
Қаржыландырудың уақытша көздерi

      Ғаламдық қоршаған орта қорын уақытша негiзде құрылымдық қайта құруды жүргiзу туралы Құжатқа сәйкес қолданылатын Ғаламдық қоршаған орта қорын ұйымдастыру құрылымы осы Конвенцияның күшiне енгiзiлуi және Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесi аралығындағы кезеңде 13-бапта аталған қаржыландыру тетiгi қызметiн жүзеге асыру тапсырылған негiзгi құрылым ретiнде немесе Тараптар Конференциясы әзiрше 13-бапқа сәйкес қандай ұйымдық құрылымның тағайындалғаны туралы шешiм қабылдамағанға дейiн болады. Ғаламдық қоршаған орта қорын ұйымдастыру құрылымы нақты орнықты органикалық ластағыштарға қатысты осы салада жаңа шаралардың қажет болуы мүмкiн екенiн назарға алып, жедел шараларды жүзеге асыра отырып, осы қызметтердi орындайды.

15-бап
Ақпаратты ұсыну

      1. Әрбiр Тарап Тараптар Конференциясына осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi өзi қабылдайтын шаралар туралы және осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу тұрғысынан мұндай шаралардың тиiмдiлiгi туралы ақпаратты ұсынады.
      2. Әрбiр Тарап хатшылыққа:
      а) А және В қосымшаларында аталған химиялық заттардың әрқайсысын оны өндiру, импорты мен экспортының жиынтық көлемдерi туралы статистикалық деректердi немесе осындай деректердiң нақты бағасын; және
      b) бұл практикалық жағынан қаншалық мүмкiн болғанынша, ол осы заттардың әрқайсысын импорттаған мемлекеттер және оған осы заттардың әрқайсысы экспортталған мемлекеттер тiзiлiмiн ұсынады.
      3. Мұндай ақпаратты ұсыну Тараптар Конференциясы өзiнiң алғашқы кеңесiнде айқындайтын осындай кезең-кезеңiмен және осындай нысанда жүзеге асырылады.

16-бап
Тиiмдiлiктi бағалау

      1. Осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн төрт жыл өткеннен бастап, содан соң Тараптар Конференциясы айқындайтын кезеңдiлiкпен осы Конвенцияның тиiмдiлiгiн бағалау жүргiзiледi.
      2. Осындай бағалауға жәрдемдесу мақсатында Тараптар Конференциясы өзiнiң алғашқы кеңесiнде А, В және С қосымшаларына енгiзiлген химиялық заттардың қатысуын және қоршаған ортаға аймақтық және ғаламдық араласуын бағалау туралы салыстыру деректерiмен өзiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға кiрiседi. Бұл шараларды:
      а) Тараптар аймақтық негiзде, егер бұл қажет болса, өздерiнiң техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiне сәйкес аймақтық негiзде қазiргi бар бағдарламалар мен мониторинг тетiктерiн барынша пайдалану кезiнде және келiсiлген көзқарастарды қамтамасыз етудi көтермелеу кезiнде жүзеге асырады;
      b) қажет жағдайда аймақтар арасында қазiргi бар айырмашылықтарды және мониторинг бойынша iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiктерiн ескере отырып, толықтыруы мүмкiн; және
      с) Тараптар Конференциясы кезеңдiлiкпен айқындайтын аймақтық және ғаламдық негiздегi мониторинг бойынша шаралар нәтижелерi туралы ұсынуды Тараптар Конференциясының баяндамасына енгiзедi.
      3. 1-тармақта айтылған бағалау:
      а) 2-тармақтың ережелерiне сәйкес ұсынылатын баяндама мен мониторинг туралы басқа да ақпаратты;
      b) 15-бапқа сәйкес ұсынылатын ұлттық баяндамаларды; және
      с) 17-бапқа сәйкес белгiленген рәсiмге сай алынған ақпаратты сақтамау туралы ақпаратты қамтитын қазiргi бар ғылыми, экологиялық, техникалық және экономикалық ақпарат негізiнде жүргiзiледi.

17-бап
Сақтамау

      Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның ережелерiн сақтамау фактiсiн және Конвенцияны сақтамау ретiнде танылуға тиiстi Тараптардың өтiнiштерiн айқындау үшiн рәсiмiн және ұйымдастыру тетiктерiн мүмкiн болғанынша аса қысқа мерзiмдерде әзiрлейдi және бекiтедi.

18-бап
Дауларды реттеу

      1. Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында дау болған жағдайда олар келiссөздер немесе өз қалауынша өзге де бейбiт әдiс арқылы оны реттеуге ұмтылады.
      2. Осы Конвенцияны бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде немесе осыдан кейiнгi кез келген уақытта экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы болып табылмайтын кез келген Тарап осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау төңiрегiнде Депозитарийге жазбаша өтiнiш жiберуi мүмкiн, ол осындай мiндеттемелердi өзiне қабылдаған кез келген Тарапқа қатысты мiндеттiлiк ретiнде дауды реттеудiң бiр немесе екi мынадай құралын:
      а) Тараптар Конференциясы мүмкiндiгiнше тезiрек қабылдауға және рәсiмдерге сәйкес қосымшаға енгiзiлуге тиiс төрелiктi;
      b) дауды Халықаралық Сотқа берудi таниды.
      3. Экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы болып табылатын Тарап 2 а) тармағында аталған тәртiппен төрелiкке қатысты осындай өтiнiш жасай алады.
      4. 2 немесе 3-тармаққа сәйкес жасалған өтiнiш оның шарттарына сәйкес қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның күшiн жою туралы жазбаша хабарламаны Депозитарийге сақтауға тапсырғаннан кейiн үш ай iшiнде күшiнде қалады.
      5. Күшiн жою туралы өтiнiштiң, хабарламаның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы немесе жаңа өтiнiш, егер тараптар бұл туралы өзгеше уағдаласпаса, төрелiк немесе Халықаралық Сотта iс қарау барысындағы iс жүргiзуге ешқандай түрде ықпал етпейдi.
      6. Егер дау тараптары 2-тармаққа сәйкес осыны немесе рәсiмдердiң кез келгенiн қабылдамаса немесе тараптардың бiрi олардың арасында даудың бар екендiгi туралы басқа тарапқа хабарлама жiбергеннен кейiн он екi ай iшiнде олар өз дауын реттей алмаса, бұл дау оның тараптарының кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша келiсiм комиссиясының қарауына берiледi. Келiсiм комиссиясы ұсыныстарымен бiрге баяндаманы айқындайды. Келiсiм комиссиясына қатысты қосымша рәсiмдер Тараптар Конференциясы оны екiншi кеңесiнен кешiктiрмей бекiтетiн қосымшаға енгiзедi.

19-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Осымен Тараптар Конференциясы құрылады.
      2. Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасының Атқарушы директоры осы Конвенция күшiне енгiзiлгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Кейiннен Тараптар Конференциясының кезектi кеңестерi Конференция белгiлейтiн кезеңдiлiкпен шақырылады.
      3. Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңестерi Конференция мұны қажет деп тапқан жағдайда немесе Тараптардың бiрiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша бұл өтiнiштi кемiнде Тараптардың үштен бiрi қолдаған жағдайда шақырылады.
      4. Тараптар Конференциясы өзiнiң алғашқы кеңесiнде өзi және кез келген көмекшi органдар үшiн рәсiм ережелерi мен қаржылық ережелердi, сондай-ақ хатшылық жұмысын реттейтiн қаржылық ережелердi бәтуәаластықпен келiседi және қабылдайды.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның орындалуын тұрақты бақылайды және бағалайды. Ол Конвенцияға сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердi орындайды және осы мақсатпен:
      а) осы Конвенцияны орындау үшiн өздерi қажет деп тапқан 6-тармақта айқындалған талаптарды толықтырып, көмекшi органдарды құрады;
      b) тиiстi жағдайларда бiлiктi халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ үкіметаралық және үкiметтiк емес органдармен ынтымақтасады; және
      с) 3-баптың 2 b) iii) тармағы тиiмдiлiгiн қарауды қоса алғанда, 15-бапқа сәйкес Тараптарға ұсынылатын барлық ақпаратқа тұрақты шолу жүргiзедi;
      d) осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшiн қажет болуы мүмкiн кез келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.
      6. Тараптар Конференциясы өзiнiң алғашқы кеңесiнде осы Конвенцияның Комитетiне тапсырылған мiндеттердi орындау мақсатында "Орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөнiндегi комитет" деген атаумен көмекшi орган құрады. Осы тұрғыда:
      а) Орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөнiндегi комитеттi Тараптар Конференциясы тағайындайды. Комитеттiң мүшелiк құрамы химиялық заттарды бағалау және рeттeу саласында тағайындалатын үкiметтiк сарапшыларды қамтиды. Комитет мүшелерi әдiлеттi географиялық бөлу негiзiнде тағайындалады;
      b) Тараптар Конференциясы Комитеттiң қарауы, ұйымдастыру және жұмыс iстеу шеңберi туралы шешiм қабылдайды; және
      с) Комитет өз ұсыныстарын бәтуаластық негiзiнде қабылдауға барлық күш-жiгерiн жұмсайды. Егер бәтуаластыққа қол жеткiзу үшiн барлық құралдар сарқылып, ал келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда соңғы шара ретiнде дауыс беруге қатысушы және қатысып отырған мүшелердiң үштен екi көпшiлiк даусымен осындай ұсыныс қабылданады.
      7. Тараптар Конференциясы өзiнiң үшiншi кеңесiнде 3-баптың 2 b) тармағында бар рәсiмде қажеттiлiк сақталды ма дегенге, оның тиiмдiлiгiн қарауды қоса алғанда, баға бередi.
      8. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемесi және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк, сондай-ақ осы Конвенцияның Тарапы болып табылмайтын кез келген мемлекет Тараптар Конференциясының кеңестерiнде байқаушылар ретiнде өкiл болуы мүмкiн. Осы Конвенция қамтитын мәселелерде құзыреттiлiгi болатын, Тараптар Конференциясының кеңесiнде байқаушылар ретiнде өкiл болуға өзiнiң тiлегi туралы хатшылыққа хабарлаған кез келген басқа органдар немесе ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе үкiметтiк емес мекемелер, егер бұған Тараптар кеңесiне қатысушылардың аз дегенде үштен бiрi қарсылық бiлдiрмесе, оған қатысуға жiберiлуi мүмкiн. Байқаушыларды жiберу және олардың қатысуы Тараптар Конференциясы қабылдаған рәсiм ережелерiмен реттеледi.

20-бап
Хатшылық

      1. Осымен хатшылық құрылады.
      2. Хатшылыққа мынадай мiндеттер:
      а) Тараптар Конференциясының кеңестерiн және оның көмекшi органдарын ұйымдастыру және қажет жағдайларда оларға қызмет көрсету;
      b) Тараптарға, әсiресе дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға жәрдемдесу, олардың өтiнiшi бойынша осы Конвенцияны жүзеге асыруға көмек көрсету;
      с) басқа да тиiстi халықаралық органдардың хатшылықтарымен қызметтi қажеттi үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      d) Тараптарға 15-бапқа сәйкес алынған ақпаратқа және басқа да қазiргi бар ақпаратқа негiзделген кезеңдiк баяндамаларды әзiрлеу және ұсыну;
      e) Тараптар Конференциясының жалпы басшылығымен оның мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қажет болуы мүмкiн осындай әкiмшiлiк және шарттық келiсiмдер жасасу;
      f) хатшылықтың осы Конвенцияда айқындалған басқа да мiндеттерiн және Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкiн осындай басқа да мiндеттердi орындау жүктеледі.
      3. Осы Конвенция хатшылығының мiндеттерiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасының Атқарушы директоры, егер Тараптар Конференциясы хатшылық мiндетiн орындауды қандай бiр халықаралық ұйымға немесе бiрнеше басқа да осындай ұйымдарға тапсыру шешiмi Тараптардың дауыс беруiне қатысушылардың және қатысып отырғандардың төрттен үшiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен қабылданбаса, орындайды.

21-бап
Конвенцияға түзетулер

      1. Тараптардың кез келгенi осы Конвенцияға түзетулердi ұсына алады.
      2. Осы Конвенцияға түзетулер Тараптар Конференциясының кеңесiнде қабылданады. Кез келген ұсынылатын түзетулердiң мәтiнiн оны қабылдауға ұсынылатын кеңес өткiзiлгенге дейiн алты айдан кешiктiрмей хатшылық Тараптарға жiбередi. Хатшылық сондай-ақ ұсынылған түзетулер мәтiнiн осы Конвенцияға қол қойған Тараптарға және оның мәлiмет алуы үшiн Депозитарийге жiбередi.
      3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылатын кез келген түзетулерге қатысты келiсiмге бәтуаластық арқылы қол жеткiзуге барлық күш-жiгерлерiн салады. Егер бәтуаластыққа қол жеткiзудiң барлық мүмкiндiктерi сарқылса, ал келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда соңғы құрал ретiнде түзету Тараптардың дауыс беруiне қатысушылардың және қатысып отырғандардың төрттен үшiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен қабылданады.
      4. Түзетудi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау үшiн барлық Тараптарға Депозитарий жiбередi.
      5. Депозитарийге түзетулердi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жазбаша хабарлама жiберiледi. 3-тармаққа сәйкес қабылданған түзету оны аз дегенде Тараптардың төрттен үшiн бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарды тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi оны қабылдаған Тараптар үшiн күшiне енедi. Бұдан кейiн түзету осы Тарап осы түзетулердi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарды тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi кез келген басқа Тарап үшiн күшiне енедi. 

22-бап
Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгiзу

      1. Осы Конвенцияға қосымшалар, егер тiкелей өзгеше көзделмесе, оның ажырамас бөлiгi болып табылады, осы Конвенцияға сiлтемелер сонымен бiрге оған кез келген қосымшаларға сiлтеме болып табылады.
      2. Кез келген қосымша қосымшалар рәсiмдiк, ғылыми, техникалық немесе әкiмшiлiк мәселелермен шектеледi.
      3. Осы Конвенцияға қосымша қосымшалардың қабылдануына немесе күшiне енгiзiлуiне байланысты ұсыныстарға қатысты мынадай рәсiм қолданылады:
      а) қосымша қосымшалар 21-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында ескертiлген рәсiмге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) қосымша қосымшаны қабылдай алмайтын кез келген Тарап Депозитарийдiң қосымша қосымшаны қабылдағаны туралы хабарламасы түскен күннен бастап бiр жыл iшiнде бұл туралы Депозитарийге жазбаша хабарлайды. Депозитарий осындай кез келген хабарландыруды алғаны туралы барлық Тараптарға кiдiрiссiз хабарлайды. Кез келген Тарап кез келген қосымша ұсынысты қабылдамағаны туралы бұрын жiберiлген хабарландырудың кез келген уақытта күшiн жоюы мүмкiн, бұдан кейiн бұл қосымша с) тармақтарының қосымшаларын сақтаған жағдайда осы Тарап үшiн күшiне енгiзiледi; және
      с) Депозитарийдiң қосымша қосымшаны қабылдағаны туралы хабарламасы түскен күннен бастап бiр жыл өту бойына b) тармақшасының ережелерiне сәйкес хабарландыру ұсынбаған барлық Тараптар үшiн күшiне енгiзiледi.
      4. А, В немесе С қосымшаларына түзетулерге ұсыныстар, қабылдау және күшiне енгiзу, 25-баптың 4-тармағына сәйкес осы қосымшаларға түзетулерге қатысты мәлiмдеме жасаған кез келген Тарап үшiн күшiне енгiзiлмейтiн А, В немесе С қосымшаларына түзетулердi қоспағанда, осы Конвенцияға қосымша қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшiне енгiзудiң сол рәсiмiмен реттеледi, бұл орайда осындай Тарап үшiн кез келген түзету Депозитарийге сақтауға осы түзетулердi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      5. D, Е немесе F қосымшаларына түзетулерге ұсыныстарды, қабылдауға және күшiне енгiзуге қатысты мынадай рәсiм қолданылады:
      а) түзетулер 21-баптың 1 және 2-тармақтарында жазылған рәсiмге сәйкес ұсынылады;
      b) Тараптар D), Е немесе Ғ қосымшаларына түзетулер енгiзу туралы бәтуаластық шешiм қабылдайды; және
      с) D, E немесе F қосымшаларына түзетулер енгiзу туралы шешiмдi Депозитарий Тараптарға кiдiрiссiз жiбередi. Түзету барлық Тараптар үшiн шешiмде аталған мерзiмдерде енгiзiледi.
      6. Егер қосымшаға қосымша ұсыныс немесе түзету осы Конвенцияға түзету енгiзуге байланысты болса, онда мұндай қосымша ұсыныс немесе түзету осы Конвенцияға түзетулер күшiне енгiзiлгеннен кейiн ғана күшiне енгiзiледi.  

23-бап
Дауыс беру құқығы

      1. 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияның әрбiр Тарапы бiр дауысқа ие болады.
      2. Экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелерде осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын оның мүше мемлекеттерiнiң санына тең дауысқа ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйым, егер оның мүше мемлекеттерi өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырса және керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.

24-бап
Қол қою

      Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымдары үшiн 2001 жылғы 23 мамырда Стокгольмде, сондай-ақ Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 2001 жылғы 24 мамыр - 2002 жылғы 22 мамыр аралығында қол қою үшiн ашық.

25-бап
Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу

      1. Осы Конвенция мемлекеттер мен экономикалық кiрiгу аймақтық ұйымдарының бекiтуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Ол мемлекеттер мен экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымдарының қосылуы үшiн Конвенция қол қою үшiн жабылғаннан кейiнгi келесi күннен бастап ашық. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      2. Осы Конвенцияның Тарапы болып табылатын экономикалық кiрiгудiң кез келген ұйымы, сонымен бiрге оның мүше мемлекеттерiнiң бiрде-бipeуi Конвенциядан туындайтын барлық мiндеттемелерге байланысты оның Тарапы болмайды. Осындай ұйымның мүшесi - бiр немесе бiрнеше мемлекет осы Конвенцияның Тараптары болған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше мемлекеттерi Конвенциядан туындайтын өз мiндеттемелерiн орындау жөнiнде тиiстi мiндеттерге қатысты шешiм қабылдайды.
      3. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымдары осы Конвенция реттейтiн мәселелерге қатысты өз құзыретi саласында мәлiмдейдi. Кез келген осындай ұйым өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiстер туралы да Депозитарийге хабардар етедi, ол өз кезегiнде бұл туралы Тараптарды хабардар етедi.
      4. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатында кез келген Тарап ол үшiн А, В немесе С қосымшаларына кез келген түзету бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырғаннан кейiн ғана күшiне енетiнiн мәлiмдей алады.

26-бап
Күшiне енгiзу

      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсаныншы күнi күшiне енгiзiледi.
      2. Осы Конвенцияны бекiткен, қабылдаған немесе мақұлдаған не оған бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжатты сақтауға тапсырған әрбiр мемлекет немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы үшiн Конвенция осындай мемлекет немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырған күннен кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енгiзiледi.
      3. 1 және 2-тармақтардың мақсаты үшiн экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген құжат осындай ұйымның мүше мемлекеттерi сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды.

27-бап
Ескертпелер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берiлмейдi.

28-бап
Шығу

      1. Тараптар үшiн осы Конвенция күшiне енгiзілген күннен бастап үш жыл өту бойына кез келген уақытта осы Тараптар Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенциядан шыға алады.
      2. Кез келген осындай шығу Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап бiр жыл өту бойына немесе шығу туралы хабарламада көрсетiлуi мүмкiн неғұрлым осындай кешiрек мерзiмде күшiне енгiзiледi.

29-бап
Депозитарий

      Осы Конвенция Депозитарийiнiң функциясын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы орындайды.

30-бап
Бiрдей мәтiндер

      Осы Конвенцияның мәтiндерiнiң ағылшын, apaб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiнде бiрдейге тең болатын түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қойғандар осыған уәкiлеттi тиiстi түрде осы Конвенцияға қол қойды.
      Екi мың бiрiншi жылғы жиырма екiншi мамырда Cтокгольмде жасалды. 

А қосымшасы
ЖОЮ
I бөлiм

Химиялық заттар

Қызметi

Нақты алып тастау

Альдрин*
N КАС: 309-00-2

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Жергiлiктi эктопаразитицидтер Инсектицидтер

Хлордан*
N КАС: 57-74-9

Өндiру

Тiзiлiмде аталған Тараптар рұқсаты бойынша

Пайдалану

Жергiлiктi эктопаразитицидтер
Инсектицидтер
Термицидтер
Ғимараттар мен тоғандардағы термицидтер
Жол құрылыстарындағы термицидтер
Фанерлерді желiмдеу үшiн құралдарды дайындауға қосымшалар

Дильдрин*
N КАС: 60-57-1

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Ауылшаруашылық жұмыстарында

Эндрин*
N КАС: 72-20-8

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Жоқ

Гептахлор*
N КАС: 76-44-8

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Термицидтер
Тұрғын үйлердiң құрылыс  конструкцияларындағы термицидтер
Термицидтер (жерасты)
Сүректердi өңдеу
Жер асты кабель муфталарында қолдану

Гексахлорбензол
No. KAC: 118-74-1

Өндiру

Тiзiлiмде аталған Тараптар рұқсаты бойынша

Пайдалану

Аралық бұйымдар
Пестицидтердегi ерiтiндiлер
Жабық жүйедегi оқшаулау әсерi бар аралық заттар

Мирекс*
N КАС: 2385-85-5

Өндiру

Тiзiлiмде аталған Тараптар рұқсаты бойынша

Пайдалану

Термицидтер

Токсафен*
No. KAC 8001-35-2

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Жоқ

Полихлорланған
дифенилдер (ПХД)*

Өндiру

Жоқ

Пайдалану

Осы қосымшаның ІІ бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес қолдануда болатын бұйымдар

      Ескерту:
      i) әдейi болмайтын микроластағыш ретiнде өнiмдер мен бұйымдарда бар химиялық заттар мөлшерi, осы Конвенцияда өзгеше ескертiлген жағдайларды қоспағанда, осы қосымшада аталуға тиiс ретте қарастырылмайды;
      іі) осы ескерту 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн өндiру мен пайдалануға қатысты нақты алып тастау болып есептелмейдi. Осы химиялық затқа қатысты тиiстi мiндеттемелер күшiне енгiзiлгенге дейiн немесе күшiне енгiзiлген күнi өндiруде немесе қолдануда болған бұйымның бiр бөлiгi болып табылатын химиялық заттардың мөлшерi Тарап бұйымның нақты түрi осы Тарапта қолдануда болуын жалғастырып жатқаны туралы хатшылықты хабарландырған жағдайда осы қосымшада аталған ретте қарастырылмайды. Хатшылық мұндай хабарламаға жариялылық бередi;
      iii) осы қосымшаның 1 бөлiгiндегi "Химиялық заттар" бағанасында сiлтеме белгiсi бар химиялық затқа жатпайтын осы ескерту 3-баптың 2-тармағының мақсаты үшiн өндiру мен пайдалану тұрғысындағы нақты алып тастау болып есептелмейдi. Оқшаулайтын әсерi бар жабық жүйедегi аралық заттарды өндiру мен пайдалану барысында адамдармен және қоршаған ортамен химиялық заттардың елеулi мөлшерiнiң байланыста болуы күтiлмейтiнiн ескере отырып, хатшылықты хабардар еткеннен кейiн Тарап осы қосымшада аталған басқа химиялық заттарды өндiру кезiнде химиялық тұрғыдан жаңғыртылмайтын оқшаулайтын әсерi бар жабық жүйедегi аралық заттар ретiндегi химиялық заттардың белгiлi бiр мөлшерiн өндiру мен пайдалануға D қосымшасындағы 1-тармақта аталған орнықты органикалық ластағыштар сипаттамасын көрсетпейтiн критерийлердi ескере отырып, өндiру мен пайдалануға рұқсат бере алады. Осындай хабарландыру осындай химиялық заттарды өндiру мен тұтынудың жалпы көлемi немесе осындай ақпаратты және ол толық емес жаңғыртылу нәтижесiнде орнықты органикалық ластағыштар болып табылмайтын бастапқы материалдың түпкi бұйымының кез келген әдейi емес микроластану көлемiн қоса, өз жүйесi бойынша жабық пайдалануға негiзделген және процестiң шектеулi жерiнде өтiп жататын сипатқа қатысты ақылға қонымды ақпаратты қамтуға тиiс. Осындай рәсiм осы қосымшада өзгеше көзделмеген жағдайларда қолданылады. Хатшылық осындай хабарландыруды Тараптар Конференциясының назарына жеткiзедi және оларға жариялылық бередi. Осындай өндiру немесе пайдалану өндiру немесе пайдалануға қатысты қандай бiр елдер үшiн нақты алып тастау ретiнде қаралмайды. Осындай өндiру мен пайдалану, егер тиiстi Тарап хатшылыққа жаңа хабарландыруды ұсынбаса, он жылдық кезең аяқталу бойына тоқтатылады, бұл жағдайда, егер Тараптар Конференциясы өндiру мен пайдаланудың осы түрiн қарағаннан кейiн өзге шешiм қабылдамаса, осы кезең тағы да он жылға ұзартылады. Хабарландыру рәсiмi қайталануы мүмкiн;
      іv) осы қосымшаға енгiзiлген заттарға қатысты барлық нақты алып тастауларды өздерiне қатысты 4-бапқа сәйкес алып тастауларды тiркеген Тараптар, барлық Тараптар пайдалануы мүмкiн осы қосымшаның II бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес қолдануда болатын бұйымдардағы полихлорланған дефинилдердi пайдалануды қоспағанда, пайдалануы мүмкiн.

II бөлiм
Полихлорланған дифенилдер

      Әрбiр Тарап:
      а) Тараптар Конференциясы қайта қарау мүмкiн болған жағдайда жабдықтардағы полихлорланған дифенилдердi пайдалануды тоқтатуға қатысты (яғни трансформаторлар, конденсаторлар немесе заттардың сұйық қалдықтары бар басқа да қабылдағыштар) 2025 жылға қарай мынадай басымдықтарға сәйкес:
       i) шоғырланымында 10 проценттен астам және 5 литрден астам
          көлемде полихлорланған дифенилдер бар жабдықтарды
          айқындау, таңбалау және пайдалануды тоқтату жөнiнде
          белсендi күш-жiгерлерiн жұмсауға;
       іі) 0,05 проценттен астам және 5 литрден астам көлемде
          полихлорланған дифенилдер бар жабдықтарды айқындау,
          таңбалау және пайдалануды тоқтату жөнiнде белсендi күш-
          жiгерлерiн жұмсауға;
      iii) 0,005 проценттен астам және 0,05 литрден астам көлемде
          полихлорланған дифенилдер бар жабдықтардың болуын
          айқындауға және пайдалануды тоқтатуға тырысуға шаралар
          қабылдайды;
      b) а) тармақшасында аталған басымдықтарға сәйкес осындай полихлорланған дифенилдердi пайдалануды жүзеге асыру және бақылау мақсатымен әсерлер мен тәуекелдердiң қаупiн азайту жөнiнде мынадай шараларды қабылдауға:
      i) зақымдалмаған және герметикалық жабдықтарда ғана және
         қоршаған ортаға шығару тәуекелi барынша аз болуы мүмкiн, ал
         осындай шығарудың зардаптары жедел түрде жойылатын жерлерде
         ғана пайдалануға
      іі) азық-түлiктердi немесе мал азықтарын өндiру мен ұқсатуға
          байланысты жерлерде қолданбауға;
      iii) елдi аудандарда пайдалану кезiнде өрт пайда болуына әкеп
           соғуы мүмкiн электр жолсыздықтарының алдын алу және
           жабдықтардың герметикалығына тұрақты тексерулер жүргiзу
           үшiн ақылға қонымды шаралар қабылдауға жәрдем көрсетедi;
      с) 3-баптың 2-тармағының ережелерiне қатыссыз а) тармақшасында сипатталған полихлорланған дифенилдер бар жабдықтардың, қалдықтарды экологиялық ұтымды жоюдан басқа қандай бiр басқа мақсаттар үшiн экспортталмауын және импортталмауын қамтамасыз етедi;
      d) жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, басқа жабдықта қайтадан пайдалану үшiн құрамында 0,005 проценттен астам полихлорланған дифенилдер бар сұйық заттарды рекуперациялауға жол берiлмейдi;
      e) полихлорланған дифенилдер бар сұйықты және полихлорланған дифенилдермен ластанған жабдықтарды полихлорланған дифенилдер 0,005 проценттен жоғары шоғырланған кезде 6-баптың 1-тармағына сәйкес, барынша қысқа мерзiмде, бiрақ 2028 жылдан кешiктiрмей, Tapаптap Конференциясының мерзiмдердi қайта қарауы мүмкiн болған жағдайда экологиялық қауiпсiз жоюды қамтамасыз етуге бағытталған белсендi күш-жiгерлерiн жұмсайды;
      f) І бөлiмнiң ii) ескертулерiне қарамастан, 0,005 проценттен астам полихлорланған дифенилдер бар басқа да тауарларды анықтауға (мысалы, кабельдiң қабығы, қатып қалған тығыздағыш құрамдар мен боялған бұйымдар) және оларды 6-баптың 1-тармағына сәйкес реттеуге ұмтылады;
      g) полихлорланған дифенилдердi өндiру мен пайдалануды тоқтату жөнiндегi қызметтiң барысы туралы әрбiр бес жыл сайын баяндама ұсынады және оларды 15-бапқа сәйкес ұсынады;
      h) Тараптар Конференциясы полихлорланған дифенилдерге қатысты g) тармақшасында сипатталған баяндамаларды өзiнiң шолуларында тиiстi түрде қарайды. Тараптар Конференциясы полихлорланған дифенилдердi жою барысына бес жыл аралығында немесе қажет болған жағдайда осындай баяндамаларды назарға ала отырып, басқа да аралықтарда шолу өткiзедi.

В қосымшасы
ШЕКТЕУ
І бөлiм

Химиялық заттар

Қызметі

Қолданылу мақсаты немесе нақты алып тастау

ДДТ 
(1-1-1 трихлор-2,2-бис(n-хлорфенил) этан)
N. КАС: 50-29-3

Өндіру

Қолданылу мақсаты:
Осы қосымшаның ІІ бөлімінің ережелеріне сәйкес ауру жұқтырғыштарға күрес үшін қолданылады
Нақты алып тастау:
Дикофол өндірісінде аралық материал
Аралық материалдар

Пайдалану

Қолданылу мақсаты:
Осы қосымшаның ІІ бөлімінің ережелерін сәйкес ауру жұқтырғыштармен күрес
Нақты алып тастау:
Дикофол өндірісінде аралық материал
Аралық материалдар

      Ескерту:
      i) Конвенцияда әдейi микроластағыштар ретiнде өнiмдерде бар
         химиялық заттардың өзгеше мөлшерi көрсетiлген жағдайларды
         қоспағанда, осы қосымшада аталуға тиiстi peттe қаралмайды;
      іі) осы қосымша 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн өндiру
         мен пайдалануға қатысты ыңғайлы мақсат немесе нақты алып
         тастау ретiнде қаралмайды. Бұйымның бiр бөлiгi болып
         табылатын, осы химиялық заттарға қатысты тиiстi мiндеттеме
         күшiне енгiзiлген күнi немесе енгiзiлгенге дейiн
         шығарылған немесе қолдануда болған химиялық заттардың
         мөлшерi Тарап бұйымның нақты түрiнiң қолданысты болуын осы
         Тараптың жалғастырып келе жатқаны туралы
         хатшылыққа хабарлаған жағдайда осы қосымшада аталған ретте
         қаралмайды;
      iii) осы қосымша 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн өндiру
         мен пайдалануға қатысты нақты алып тастау ретiнде
         қаралмайды. Оқшау әсер ететiн аралық заттардың жабық
         жүйесiндегi болатын өндiру мен пайдалану барысында
         адамдармен және қоршаған ортамен химиялық заттардың едәуiр
         мөлшерiнiң байланыста болуы күтiлмейтiнiн ескере отырып,
         кез келген Тарап D қосымшасының 1-тармағында аталған
         орнықты ластағыш заттар сипаттамасы болып көрiнбейтiн
         критерийлердi ескере отырып, басқа химиялық заттарды
         өңдеу кезiнде химиялық тұрғыдан жаңғыртылған оқшау әсер
         ететiн аралық заттардың жабық жүйесiнде болатын ретте осы
         қосымшада аталған химиялық заттар мөлшерiнiң хатшылық
         хабарлағаннан кейiн өндiрiлуi мен пайдаланылуын шеше
         алады. Мұндай хабарландыру осындай химиялық заттарды
         өндiрудiң немесе тұтынудың жалпы көлемi туралы ақпаратты
         немесе осындай ақпаратты және оны толық емес жаңғырту
         нәтижесiнде орнықты ластағыш заттар болып табылатын
         бастапқы материалдың түпкi бұйымының кез келген әдейi
         микроластағышын қоса, жабық жүйенi және оқшаулағыш
         процестi пайдалануға негiзделген ақпаратты ақылға қонымды
         бағалауды қамтуға тиiс. Мұндай рәсiм осы қосымшада өзгеше
         көзделмеген жағдайларда қолданылады. Хатшылық мұндай
         хабарландыруды Тараптар Конференциясының назарына
         жеткiзiп, оларға жариялылық бередi. Осындай
         өндiру немесе пайдалану өндiруге немесе пайдалануға
         қатысты қандай бiр елде нақты алып тастау ретiнде
         қаралмайды. Осындай өндiру мен пайдалану, егер
         тиiстi Тарап хатшылыққа жаңа хабарландыру ұсынбаса, он
         жылдық мерзiм өту бойына тоқтатылады, мұндай жағдайда,
         егер Тараптар Конференциясы өндiру мен пайдаланудың осы
         түрiн қарағаннан кейiн өзгеше шешiм қабылдамаса, қажет
         жағдайда бұл кезең тағы да он жылға ұзартылады.
         Хабарландыру рәсiмi қайталануы мүмкiн;
     iv) өздерiне қатысты 4-бапқа сәйкес алып тастауларды тiркеген
         Тараптар осы қосымшадағы барлық нақты алып тастауларды
         пайдалана алады.

II бөлiм
ДДТ (1,1,1-трихлор-2,2-бис(n-хлорфенил)этан)

      1. ДДТ өндiру мен қолдану ДДТ өндiру және/немесе қолдану ниетi туралы хатшылыққа хабарлаған Тараптарды қоспағанда, тоқтатылуға тиiс. Осы арқылы жұртшылыққа кеңiнен ашық ДДТ Тiзiлiмi жасалады. Хатшылық ДДТ Тiзiлiмiн жүргiзедi.
      2. ДДТ өндiретiн және/немесе қолданатын әрбiр Тарап осы Тарап үшiн ДДТ қауiпсiз және тиiмдi және жеткiлiктi балама құралдар болмаған жағдайда Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының оны қолдану жөнiндегi ұсыныстарына және басшылыққа алынатын принциптерге сәйкес ауру жұқтырғыштарға қарсы күресте осындай өндiрудi және/немесе қолдануды шектейдi.
      3. ДДТ Тiзiлiмiне енгiзiлмеген Тарап қандай бiр ауруларға қарсы күрес үшiн ДДТ қолдануға мұқтаждық жөнiнде тұжырымға келген жағдайда ол осы кезден бастап ДДТ Тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс екенiн хатшылыққа қысқа мерзiмде хабарлауға тиiс. Сонымен бiр мезгiлде ол Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымына бұл туралы хабарлауға тиiс.
      4. Әрбiр үш жыл сайын ДДТ қолданатын Тарап хатшылыққа және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымына осындай қолданудың көлемдерi, жағдайлары және Тараптар Конференциясы бекiткен және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы консультациясындағы форматқа сәйкес ауруларға қарсы күрес жөнiндегi осы Тарап жүргiзетiн стратегия үшiн оның қажеттiгі туралы ақпаратты ұсынды.
      5. ДДТ-тi қысқарту және түпкi қорытындысында тоқтату мақсатында Тараптар Конференциясы:
      а) ДДТ қолданатын әрбiр Тараптың 7-бапта ескертiлген жүзеге асыру жоспарының бiр бөлiгi ретiнде iс-қимыл жоспарын әзiрлеуiне және жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Мұндай iс-қимыл жоспары:
      i) ДДТ-тi ауру жұқтырғыштарға қарсы күресте қолдануды шектеу
         болуын қамтамасыз ету үшiн нормативтiк және басқа да
         тетiктердi әзiрлеудi;
      іі) тиiстi балама өнiмдердi, әдiстердi және стратегияларды,
         осы баламаларды одан әрi пайдалануды және тиiмдiлiгiн
         қамтамасыз ету үшiн қарсы қолданылатын факторларды жеңу
         жөнiндегi стратегияны қоса, енгiзудi;
     ііі) адам денсаулығын нығайту және ауруларды қысқарту жөнiндегi
         шараларды қамтуға тиiс;
      b) Тараптар өз мүмкiндiктерi шектерiнде ДДТ қолданатын Тараптар үшiн ғылыми зерттеулерге және қауiпсiз балама химиялық және химиялық емес өнiмдердi, әдiстер мен стратегияларды осы елдердiң жағдайларын ескере отырып әзiрлеуге және халық үшiн аурулар және экономика туғызатын ауыртпалықтарды жеңiлдету мақсатында жәрдемдеседi. Баламаларды немесе баламалар құрамдастықтарын қарау кезiнде ерекше назар аударылатын факторлар қатарына осындай баламаларды енгiзуге байланысты адам денсаулығы үшiн тәуекелдер мен экологиялық зардаптар жатады. ДДТ қолданылатын баламалар адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн тәуекелдердi аз туғызады, осы елдердегi жағдайларды ескере отырып, ауруларға қарсы күрес үшiн ең ыңғайлысы болып табылады және мониторинг деректерiне негiзделедi.
      6. Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесiнен бастап, содан соң Тараптар Конференциясы кемiнде үш жылда бiр рет Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы консультациясында қазiргi бар ғылыми, техникалық, экологиялық және экономикалық ақпарат негiзiнде, мыналарды:
      а) 2-тармақта жазылған жағдайларда ДДТ өндiрудi және
         қолдануды;
      b) ДДТ болуын, қолданылуын және енгiзiлуiн; және
      с) ел әлеуетiн нығайтуға осындай баламаларды қолдануға қандай
         бiр тәуекелсiз көшуге мүмкiндiк беретiн прогрестi қоса, ауру жұқтырғыштарға қарсы күрес мақсаттары үшiн ДДТ-ке сақталып отырған қажеттiлiктi бағалауды жүргiзедi.
      7. Хатшылықты жазбаша хабарландырғаннан кейiн кез келген Тарап кез келген уақытта өзiн ДДТ Тiзiлiмiнен шығара алады. Алып тастау хабарландырудағы аталған күнi күшiне енгiзiледi.

С қосымшасы
ӘДЕЙI ЕМЕС ӨНДIРУ

      І бөлiм: Оларға қатысты 5-бапта көзделген талаптар
      сақталуы тиiс орнықты органикалық ластағыштар

      Осы қосымша олар әдейi пайда болған және антропогендiк көздер шығарылған жағдайда төменде аталған орнықты органикалық ластағыштарға қатысты:

Химиялық заттар

Полихлорланған дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандар (ПХДД/ПХДФ)
Гексахлорбензол (ГХБ) (N. КАС: 118-74-1)
Полихлорланған дифенилдер (ПХД)

IІ бөлiм: Көздер санаты

      Дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандардың, гексахлорбензол мен полихлорланған дифенилдердiң әдейi емес пайда болуы немесе оларды шығару химиялық реакциялардың толық немесе жануы немесе өтуi нәтижесiнде органикалық заттардың және хлордың қатысуымен термиялық процестер жүзеге асырылған кезде өтедi. Төменде келтiрiлген санатқа осындай химиялық заттардың пайда болуының және олардың қоршаған ортаға шығарылуының салыстырмалы жоғары деңгейiне әкелуге қабiлеттi өнеркәсiп көздерi:
      а) тұрмыстық, қауiптi немесе медициналық қалдықтарды немесе сарқынды сулар шөгiндiсiн бiрлесiп жағу үшiн қондырғыны қоса алғанда, қалдықтарды өртеу үшiн қондырғылар;
      b) қауiптi қалдықтарды жағу үшiн цемент пештер;
      с) қарапайым хлорды немесе әктеу үшiн қарапайым хлор құрайтын химиялық заттарды пайдаланып, целлюлоза өндiру;
      d) металлургиялық өндiрiстегi мынадай термиялық процестер:
      i) қайталама мыс өндiрiсi;
      іі) шүген және болат өнеркәсiбi кәсiпорындарындағы
         агломерациялық қондырғылар;
      ііі) қайталама алюминий өндiрiсi;
      iv) қайталама мырыш өндiрiсi енгiзiлген.

IІI бөлiм: Көздер нысаны

      Полихлорланған дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандарды, гексахлорбензол мен полихлорланған дифенилдердi әдейi емес өндiру мынадай санаттарға тура келетiн:
      а) қоқыс үйiндiлерiн қоса, қалдықтарды ашық жағуды;
      b) ІІ бөлiмде аталмаған металлургиялық өнеркәсiп кәсiпорындарындағы термиялық процестердi;
      с) үй шаруашылықтарындағы жағу процестерiне байланысты көздердi;
      d) коммуналдық жүйе қазандықтары мен өнеркәсiп қазандықтарындағы отынның қазбалы түрлерiн жағуды;
      e) ағаш сүректерi мен биомассадағы отынның өзге де түрлерiн жағуды;
      f) әдейi құрайтын орнықты органикалық ластағыштарды шығарумен қоса жүретiн химиялық заттар өндiрiсiнiң, ең алдымен хлорфенолдар мен хлоранил өндiрiсiнiң нақты процестерiн;
      g) крематорийдi;
      h) ең алдымен этилдi бензинде жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын;
      i) жануарлардың кесек еттерiн жоюды;
      j) тоқыма және былғары өнеркәсiбiнде бояуды (хлоранилдi пайдалана отырып) және әшекейлеудi (сiлтiнi экстрактiлеу көмегiмен);
      k) өзiнiң қызмет мерзiмiн өтеген автомобильдердi өңдеу үшiн қондырғыларды;
      l) ұшқындата от шашатын мыс кабелдерiн өңдеудi;
      m) пайдаланып бiткен майларды өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды қамтитын көздер жағдайында да орын алуы мүмкiн.

IV бөлiм: Анықтамалар

      1. Осы қосымшаның мақсаты үшiн:
      а) "полихлорланған дифенилдер" дифенил молекуласындағы сутегi атомдары (бiр көмiртегi-көмiртегi байланысының орнына екi бензол сақинасы қосылған) саны онға дейiн жететiн хлор атомымен араласуы мүмкiн ароматтық қосылыстарды бiлдiредi;
      b) "полихлорланған дибензо-п-диоксиндар" мен "полихлорланған дибензофурандар" полихлорланған дибензо-п-диоксиндар жағдайында оттегiнiң екi атомымен және полихлорланған дибензофурандар жағдайында оттегiнiң бiр және бiр көмiртегi-көмiртегi байланысымен қосылған екi бензол сақинасынан құралған және сутегi атомдары саны сегiзге дейiн жететiн хлор атомымен алмасуы мүмкiн ароматтық қосылыстарды болып келедi.
      2. Осы қосымшада полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандардың уыттылығы балама уыттылық көмегiмен берiлiп, ол диоксиндар сияқты тектес полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандардың және планарлы полихлорланған дифенилдердiң 2,3,7,8-тетрахлордибензо-п-диоксиндарға қатысы жағынан салыстырмалы түрдегi уыттылық белсендiлiгiн өлшеуге мүмкiндiк бередi. Осы Конвенцияның мақсаты үшiн пайдаланылатын уыттылық баламасы факторының маңызы Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы 1998 жылы қабылдағаннан бастап полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандарға және планарлық полихлорланған дифенилдерге қатысты сүтқоректiлер үшiн уыттылық баламасы факторының маңызының белгiленген халықаралық стандарттарымен сәйкес келедi. Шоғырланым уыттылық баламаларымен берiледi.

V бөлiм: Ең үздiк қазiргi бар әдiстерге және табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерiне қатысты жалпы басшылыққа алатын нұсқаулар  

      Осы бөлiмде І бөлiмде аталған химиялық заттарды болдырмауға немесе қысқартуға қатысты Тараптар үшiн арналған жалпы басшылыққа алатын нұсқаулар келтiрiледi.

  А. Ең үздiк әдiстерге де және табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерiне де қатысты болдырмау жөнiндегi жалпы шаралар

      І бөлiмде аталған химиялық заттардың пайда болуын және шығарылуын болдырмауға әдiстердi қарауға басым назар аударылуға тиiс. Тиiмдi шараларға мыналар:
      а) аз қалдықты технологияларды пайдалану;
      b) қаупi азырақ химиялық заттарды пайдалану;
      с) қандай бiр процесс шеңберiнде құралатын және пайда болатын қалдықтар мен заттар рекуперациясының және рециркуляциясының практикасы қолданылуына жәрдемдесу;
      d) бастапқы материалдарды олар орнықты ластағыш заттар болып табылатын немесе көздерден орнықты ластағыш заттар материалдары мен шығарулары арасындағы тiкелей байланысы болатын жағдайларда ауыстыру;
      e) профилактикалық жөндеу саласындағы ұтымды шаруашылық жүргiзу және бағдарламалар;
      f) қоқыс үйiндiлерiн жағуды қoca, қалдықтарды ашық немесе өзге де бақылаусыз жағуды тоқтату мақсатында қалдықтарды реттеу әдiстерiн жетiлдiру. Қалдықтарды жою жөнiндегi жаңа қондырғыларды салу туралы ұсыныстарды қарау кезiнде, қалдықтардың аз көлемiнiң пайда болуына әкеп соғатын ресурстарды қалпына келтiрудi, қайталап пайдалануды, рециркуляцияны, қалдықтарды бөлудi және өнiмдердi пайдалануға жәрдемдесудi қоса, тұрмыстық және медициналық қалдықтардың пайда болуын барынша қысқарту жөнiндегi шаралар ретiндегi осындай баламаларға назар аударған жөн. Осы көзқарас негiзiнде адам денсаулығын қорғау мәселелерi мұқият қаралуға тиiс;
      g) өнiмдерде ластағыштар түрiнде қатысатын осы заттардың барынша қысқаруы;
      h) қарапайым хлор пайда болатын әктейтiн агент ретiнде қатысатын қарапайым хлорды немесе химиялық заттарды пайдаланудан қашу қажеттiгi жатуы мүмкiн.

В. Ең үздiк бар әдiстер

      Ең үздiк бар әдiстер тұжырымдамасы қандай бiр нақты әдiстердi немесе технологияларды көздемейдi, керiсiнше тиiстi қондырғының техникалық сипаттамаларын, оның географиялық орнын және жергiлiктi табиғат жағдайларын есепке алуды қамтамасыз етуге бағытталған. І бөлiмде аталған химиялық заттар шығарылуын азайтуға бағытталған тиiстi реттеу шаралары жалпы алғанда бiрдей. Ең үздiк бар әдiстердi айқындау кезiнде тұтас алғанда да және нақты жағдайларда да, бұл орайда қандай бiр шарамен байланысты ықтимал шығыстар мен пайдалар туралы ұмытпай және сақтандыру мен профилактика пайымдауларын есепке алу туралы келесi факторларға ерекше назар аударған жөн:
      а) жалпы пайымдаулар;
      i) тиiстi шығарулар зардаптары мен массасы: әдiстер көздердiң
         мөлшерiне қатысты түрленуi мүмкiн;
      ii) жаңа немесе бұрыннан бар қондырғыларды пайдалануға қосу
         мерзiмi;
      iii) ең үздiк бар әдiстi енгiзу үшiн қажет уақыт;
      iv) нақты процесте пайдаланылатын шикiзат материалдарын тұтыну
         көлемi және сипаты және оның энергиялық тиiмдiлiгi;
      v) қоршаған ортаға шығарудың және ол үшiн тәуекелдердiң
         жиынтық әсерлерiнiң алдын алу немесе барынша азайту
         қажеттiгi;
      vi) авариялардан сақтану және қоршаған орта үшiн олардың
          зардаптарын барынша азайту қажеттiгi;
      vii) жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық талаптарды және
          техника қауiпсiздiгi ережелерiн қамтамасыз ету қажеттiгi;
      viii) өнеркәсiптiк кәсiпорындар деңгейiнде табысты сыналған
          салыстыруға болатын процестер, қондырғылар немесе
          пайдалану әдiстерi;
      ix) ғылыми бiлiмдер саласындағы техникалық жаңалықтар мен
          өзгерiстер және қандай бiр мәселелердi түсiну;
      b) шығаруларды азайту жөнiндегi жалпы сипаттағы шаралар: осы қосымшада аталған химиялық заттар шығарылуы болатын кездегi жаңа қондырғыларды салу немесе бұрыннан бар қондырғыларды пайдалана отырып, түрлендiру кезiнде ұқсас пайдалылығы болатын, бiрақ олардың кезiнде осындай химиялық заттардың пайда болуы мен шығарылуын болдырмайтын балама процестерге, әдiстер мен практикаға бiрiншi кезекте назар аударған жөн. Осындай қондырғыларды салу немесе елеулi түрлендiру жүргiзу жағдайларында А бөлiмiнiң Y бөлiгiнде жазылған шығарулардың алдын алу жөнiндегi шараларға толықтыруға шығаруларды қысқарту жөнiндегi мынадай шаралар да ең үздiк бар әдiстер айқындау кезiнде ескерiлуi мүмкiн:
      i) түтiндiк газды тазалаудың жетiлдiрiлген әдiстерiн, мысалы
         термиялық және каталиттiк жағу немесе қышқылдандыру,
         шаңның шөгу немесе сорып алу әдiстерiн пайдалану;
      ii) қалдықтарды, сарқынды суларды, сарқынды сулар қалдықтары
         мен шөгiндiлерiн, мысалы, термиялық әсер ету немесе оларды
         инерттi жүйеге ауыстыру арқылы немесе оларды
         детоксификациялау жөнiндегi химиялық процестердi қолдана
         отырып, өңдеу;
      iii) шығаруларды қысқартуға немесе жоюға апаратын процестер
         сипатындағы өзгерiстер, мысалы тұйық жүйелерге ауысу;
      iv) толық жануды қамтамасыз ету үшiн технологиялық
         процестердi түрлендiру, мұның өзi осы қосымшада аталған
         химиялық заттардың пайда болуын, жану температурасы немесе
         сақтау кезеңi сияқты бақылау негiзiнде болдырмауға
         мүмкiндiк бередi.

С. Табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерi

      Тараптар Конференциясы табиғат қорғау қызметiнiң ең үздiк түрлерiне қатысты нұсқаулар әзiрлей алады.

D) қосымшасы
АҚПАРАТҚА ЖӘНЕ IРIКТЕУ КРИТЕРИЙIНЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

      1. А, В және/немесе С қосымшаларына қандай бiр химиялық заттарды енгiзу туралы ұсыныс бiлдiрген Тарап химиялық заттарды а) тармақшасында көрсетiлген әдiспен сәйкестендiредi және осы химиялық заттар, егер бұл қажет болса, b)-e) тармақшаларында жазылған iрiктеу критерийлерiне сәйкес, оның өтпелi өнiмдерi туралы ақпаратты ұсынады:
      а) осы химиялық заттарды сәйкестендiру деректерi:
      i) саудалық атын немесе атауларын, коммерциялық атауын немесе
         атауларын, және синонимдiк атауларын, Химия жөнiндегi
         талдау шолуларды әзiрлеу қызметiнiң тiзiлiмiндегi нөмiрiн
         (KAC), Теориялық және қолданбалы химия халықаралық одағы
         (ТҚХХО) берген атауды қоса алғанда, атаулары; және
      іі) құрылымы, оның iшiнде онда осы қолданылатын өлшем
         шамаларының сипаттамасы және химиялық сынып құрылымы;
      b) орнықтылығы:
      i) химиялық заттардың суда жартылай ыдырау кезеңi екi айдан
         асатынын немесе оның топырақта жартылай ыдырау кезеңi алты
         айдан асатынын немесе оның шөгiндiлердегi жартылай ыдырауы
         алты айдан аспайтынын көрсететiн нақты деректер; немесе
      ii) осы химиялық заттардың қалған параметрлер бойынша
         осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберiнде оны қарау
         негiздi деп есептеу үшiн жеткiлiктi дәрежеде орнықты
         болатынын көрсететiн нақты деректер;
      с) биожиналым:
      i) химиялық заттардың су түрлерi жағдайында биошоғырланым
         факторы (БШФ) немесе биожиналым факторы (БЖФ) 5 000-нан
         асатынын көрсететiн нақты деректер немесе log Kow
         көрсеткiшi кемiнде 5-тен астам болатын БШФ және БЖФ-тi
         сипаттайтын деректердiң болмауы;
      ii) химиялық заттардың мазасыздық туғызатын басқа қасиеттерге
         ие болатынын, мысалы, басқа түрлер биожиналымының жоғары
         деңгейiн, жоғары уыттылығын немесе эқоуыттылығын
         көрсететiн нақты деректер; немесе
      iii) биот мониторингiнiң деректерi химиялық заттар
         биожиналымының әлеуетi осы Конвенцияның қолданылу саласы
         шеңберiнде оны қарау негiздi деп есептеу үшiн жеткiлiктi
         дәрежеде елеулi болып табылатынын көрсетедi;
      d) қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшу қабiлетi:
      i) оның босатылу көздерiнен алыста болатын аудандардағы
         химиялық заттардың өлшенген деңгейлерi әлеуеттi мазасыздық
         туғызады;
      ii) химиялық заттардың қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуiн
         көрсететiн мониторинг деректерi қабылдайтын ортаға көшу
         мүмкiндiгi кезiнде ауада, суда немесе көшi-қон түрлерi
         арқылы жүруi мүмкiн; немесе
      iii) химиялық заттардың ауада, суда немесе көшi-қон түрлерi
         арқылы қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуiн көрсететiн
         экологиялық "тағдырын" және/немесе моделдеу нәтижелерiн
         және оның босатылу көздерiнен алыста болатын аудандардағы
         қабылдайтын ортаға көшуге әлеуеттiк қабiлетiн сипаттайтын
         факторлар. Ауада елеулi қашықтыққа көшетiн химиялық заттар
         жағдайында ауа ортасындағы жартылай ыдырау кезеңi екi
         күннен асуға тиiс; және
      e) қолайсыз зардаптар:
      i) осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберiнде бұл химиялық
         заттарды қарау негiздi деп есептеуге негiз беретiн адам
         денсаулығына немесе қоршаған ортаға қолайсыз әсерiн
         көрсететiн нақты деректер; немесе
      іі) адам денсаулығы немесе қоршаған орта үшiн әлеуеттi залалды
         көрсететiн уыттылық немесе экоуыттылық туралы деректер.
      2. Ұсынушы Тарап, осы жерде мүмкiн болғанынша, оның қоршаған ортада үлкен қашықтыққа нақты немесе көзделетiн көшуi нәтижесiндегi қандай бiр химиялық заттардың айқындалған және болжамданған деңгейлерiмен бiрге уыттылығы немесе экоуыттылығы туралы деректердi салыстыруды қоса, мазасыздық туғызатын себептердi баяндауды, сондай-ақ ғаламдық бақылау қажеттiгi туралы қысқаша мәлiмдеменi ұсынады.
      3. Ұсынушы Тарап мүмкiн болғанынша және жеке әлеуетiн ескере отырып, 8-баптың 6-тармағында аталған ұсыныстарды қарауды қолдауға қосымша ақпарат ұсынады. Тарап мұндай ұсынысты әзiрлеу кезiнде кез келген көздiң техникалық сарапшылық көмегiн пайдалана алады.

E қосымшасы
ТӘУЕКЕЛДЕР СИПАТТАМАСЫ ҮШIН ҚАЖЕТТI АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      Шолудың мақсаты қаралатын химиялық зат ғаламдық шаралар қабылдауды ақтайтындай оның қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуi нәтижесiнде адам денсаулығы және/немесе қоршаған орта үшiн елеулi қолайсыз зардаптар туғызады ма дегендi бағалау болып табылады. Бұл үшiн тәуекелдер сипаттамасы әзiрленiп, онда D қосымшасында аталған ақпарат егжей-тегжейлi қаралады және бағаланады әрi қаншалықты мүмкiн болғанынша, мынадай ақпарат келтiрiледi:
      а) қажет жағдайда, қоса, мына көздер:
      i) өндiру туралы деректер, оның iшiнде мөлшерi және
         тұрған жерi;
      іі) пайдаланылу түрлерi; және
      ііі) шығарулар, мысалы, тастаулар, ағулар мен газ тәрiздi
          қалдықтар;
      b) бiрнеше химиялық заттардың қатысуымен уытты өзара әсерлердi қоса тиiстi соңғы тармақ немесе тармақтар үшiн тәуекелдердi бағалау;
      с) химиялық заттардың химиялық және физикалық қасиеттерi мен орнықтылығы туралы және олардың оның қоршаған ортаға көшуiмен, табиғи орталар шегiнде және олардың арасында араласуымен, құрылымы бұзылуымен және басқа химиялық заттарға айналуымен қалай байланысатыны туралы деректер мен ақпаратты қоса, экологиялық "тағдыры". Өлшенген шамаларға негiзделген биожиналым факторының және биошоғырланым факторының мәнi мониторинг деректерi жеткiлiктi болып есептелетiн жағдайларды қоспағанда, мiндеттi түрде ұсынылуға тиiс;
      d) мониторинг деректерi;
      e) жергiлiктi аудандардағы әсерлер туралы, атап айтқанда, биологиялық ортада болуына қатысты ақпаратты қоса, қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуi нәтижесiндегi әсерлер туралы деректер;
      f) тәуекелдердi ұлттық және халықаралық бағалаулар, талдаулар және олардың сипаттамалары, егер олар бар болса, тәуекелдердi таңбалау ақпараты және сыныптау; және
      g) халықаралық конвенцияларға сәйкес химиялық заттар мәртебесi.

Ғ қосымшасы
ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙЫМДАУЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Осы Конвенцияға енгiзу үшiн қарауда болатын химиялық заттарға қатысты өтiнiштi және жоюды қоса, нұсқалардың толық жиынтығын көздейтiн мүмкiн болатын реттеу шараларын жүргiзген жөн. Бұл мақсаттар үшiн мүмкiн болатын реттеу шараларымен байланысты әлеуметтiк-экономикалық пайымдауларға қатысты тиiстi ақпаратты қамтамасыз ету қажет, мұның өзi Тараптар Конференцияларына тиiстi шешiм қабылдауға мүмкiндiк берген болар едi. Осындай ақпаратта Тараптардың мүмкiндiктерi мен жағдайларындағы айырмашылықтар тиiстi түрде ескерiлуге, сондай-ақ мәселелердiң мынадай үлгi тiзбесi бойынша пайымдаулар келтiрiлуге тиiс:
      а) мiндеттердi шешудi реттеудiң тәуекелдердi азайту жөнiндегi мүмкiн болатын шараларының пәрмендiлiгi мен тиiмдiлiгi;
      i) техникалық жүзеге асырылуы; және
      іі) қоршаған ортаны қорғауға және денсаулық сақтауға
         шығындарды қoca, шығындар;
      b) баламалар (өнiмдер мен процестер):
      і) техникалық жүзеге асырылуы;
      іі) қоршаған ортаны қорғауға және денсаулық сақтауға
         шығындарды қоса, шығындар;
      iii) тиiмдiлiгi;
      iv) тәуекелдер;
      v) бар болуы; және
      vi) қол жетiмдiлiгi;
      с) қоғам үшiн реттеудiң мүмкiн болатын шараларын жүзеге асыруға байланысты оң және/немесе жағымсыз салдарлар:
      i) денсаулық сақтау, оның iшiнде қоғамдық денсаулық сақтау, қоршаған орта санитариясы және еңбек гигиенасы;
      ii) ауыл шаруашылығы, оның iшiнде aквa мәдениетi мен орман шаруашылығы;
      iii) биота (биологиялық алуан түрлiлiк);
      iv) экономикалық аспектiлер;
      v) тұрақты дамуға қол жеткiзу iсiндегi прогресс; және
      vi) әлеуметтiк шығындар;
      d) қалдықтарға және оларды жоюға байланысты салдарлар (атап айтқанда, пестицидтердiң ескiрген запастары және ластанған жерлердi тазарту);
      i) техникалық жүзеге асырылуы; және
      ii) шығындар;
      e) ақпаратқа қол жетiмдiлiк және жұртшылықты ағарту;
      f) реттеу және мониторинг жай-күйi; және
      g) тәуекелдердi басқару туралы балама және басқа да кез келген тиiстi ақпаратты қоса, ұлттық және аймақтық деңгейлерде қабылданатын кез келген peттеу шаралары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады