Шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн ұзарту және аккредитивтердi ашу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1304 Қаулысы

      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Республикалық бюджет комиссиясының осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркелген 2006 жылғы бюджетте көзделген бюджеттiк бағдарламалар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн ұзарту және олар бойынша аккредитивтердi ашу туралы, сондай-ақ 2005 жылы ашылған аккредитивтер бойынша шарттардың орындалу мерзімiн ұзарту туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi және қосымшада көрсетілген бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2006 жылғы 28 желтоқсандағы 
N 1304 қаулысына      
қосымша          

       Ескерту. Тақырыбына және тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28.  N 742 Қаулысымен.

  Орындалу мерзiмi ұзартылатын мемлекеттік мекемелер шарттарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мен "Құрылысинвест-СК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 50 шарт.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi мен "АЙДАР ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 наурыздағы N 26 шарт.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен "Ғаламдық технологиялар" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 12 шiлдедегi N 744 шарт.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы күрес қызметi комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi мен АИС-Астана компаниясы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 16 ақпандағы N 12 шарт.   
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "КАРО" өнеркәсіп-құрылыс тобы жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 14 ақпандағы N 135 шарт.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Қытай геоинженерлік корпорациясы" өкілдігі арасында жасалған 2006 жылғы 22 ақпандағы N 139 шарт.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "МИСИ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 25 ақпандағы N 1 шарт.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Юста-ХХI" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 19 сәуiрдегi N 179 шарт.
      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Қостанайауылшарсуқұбырқұрылыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 31 тамыздағы N 216 шарт.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетiнiң "Солтүстiксуқұрылыс" Қазақстанның солтүстiк өңiрлерiнде және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөнiндегi дирекциясы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған 2006 жылғы 20 қыркүйектегi N 222 шарт.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Оралсуқұрылыс" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 28 қыркүйектегi N 214 шарт.
      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Көкшетаугидрогеология" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 28 қыркүйектегi N 235 шарт.
      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "МИСИ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 19 қазандағы N 241 шарт.
      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "МИСИ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 19 қазандағы N 242 шарт.
      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен "Инсект" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 қазандағы N 243 шарт.
      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi мен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ "АРАЛ" САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БІРІККЕН ДИРЕКЦИЯСЫ" ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ арасында жасалған 2006 жылғы 24 қарашадағы N 246 шарт.
      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "Қаржылық жүйелердi ақпараттандыру орталығы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 12 сәуiрдегi N 170 шарт.
      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң "Электронды коммерция орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны арасында жасалған 2006 жылғы 12 сәуiрдегi N 172 шарт.
      19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "GLOTUR" (ГЛОТУР) акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 27 қазандағы N 483 шарт.
      20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "Corporate Business Systems" (Корпоративтi бизнес жyйелерi) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 565 шарт.
      21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "Corporate Business Systems" (Корпоративтi бизнес жүйелерi) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 571 шарт.
      22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "VК Жоба" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 қазандағы N 484 шарт.
      23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен "ПЛЮСМИКРО" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 5 қыркүйектегi N УИТ-20 шарт.
      24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "New Age Technologies" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 2 қарашадағы N УИТ-44 шарт.
      25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "GLOTUR" (ГЛОТУР) акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N УИТ-57 шарт.
      26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "GLOTUR" (ГЛОТУР) акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N УИТ-58 шарт.
      27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "GLOTUR" (ГЛОТУР) акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N УИТ-59 шарт.
      28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "ТАМУР" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N УИТ-60 шарт.
      29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "BiMash" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 8 қыркүйектегi N УИТ-23 шарт.
      30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "NVision Central Asia" (Энвижн Централ Эйжа) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N УИТ-53 шарт.
      31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен "VK Жоба" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 13 қазандағы N 441 шарт.
      32. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен "Астанақалажобалау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 227 шарт.
      33. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 371 шарт.
      34. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Алматы Үй құрылысы Компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 5 қыркүйектегi N 876 шарт.
      35. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "ҚҰРЫЛЫС КАмпаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 1013 шарт.
      36. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 21 шарт.
      37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Мотив-Елiм" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 5 шарт.
      38. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Самсара" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 4 қыркүйектегi N 297 шарт.
      39. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "МЕХҚҰРЫЛЫСТРАНС" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 шарт.
      40. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Байтур Иншаат Тааххют А.Ш." Акционерлік компаниясының Филиалы арасында жасалған 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 4 шарт.
      41. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "New Age Technologies" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 21 наурыздағы N 158 шарт.
      42. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "New Age Technologies" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 21 наурыздағы N 159 шарт.
      43. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "СофтИнженер" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 167 шарт.
      44. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "Теңiз-Көпiр-Ақмола" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 169 шарт.
      45. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "Қазақпараттелеком" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 25 тамыздағы N 132 шарт.
      46. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "IT Research Center (Ай Ти Рисеч Центер)" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 173 шарт.
      47. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "VK Жоба" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 маусымдағы N 102 шарт.
      48. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "ADK-HC" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 маусымдағы N 103 шарт.
      49. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Company "TATA CONSULTANCY SERVICES LIMITED" арасында жасалған 2006 жылғы 16 маусымдағы N 98 шарт.
      50. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "LLC "USP Compulink" ("УСП Компьюлинк") жауапкершiлiгi шектеулi қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 18 шiлдедегi N 117 шарт.
      51. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "NEWTECH DISTRIBUTION" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 19 қазандағы N 145 шарт.
      52. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "INFOSISTEMI JET" (Джет Инфожүйесi) жабық акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 17 тамыздағы N 130 шарт.
      53. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы мен "KUAT" Корпорациясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 3-KC шарт.
      54. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Mabco сonstruktions s. a.(Мабко констракшнз с. а.)" фирмасының Астана филиалы арасында жасалған 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 5 шарт.
      55. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Mabco сonstruktions s. a.(Мабко констракшнз с. а.)" фирмасының Астана филиалы арасында жасалған 2005 жылғы 21 қазандағы N 334 шарт.
      56. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Самсара" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 24 қарашадағы N 361 шарт.
      57. Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi мен "КЭДІР" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 58 шарт.
      58. Ақмола облысының Құрылыс департаменті мен "Бөбетай" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 11 сәуiрдегi N 6 шарт.
      59. Щучье ауданының құрылыс бөлімі мен "КӨКШЕТАУҚҰРЫЛЫС" жобалық-құрылыс компаниясы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 наурыздағы N 7/2 шарт.
      60. Зеренді ауданының "Құрылыс бөлімі мен "Құрылысшы Плюс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 2 тамыздағы N 26 шарт.
      61. Есіл ауданының құрылыс бөлімі мен "ФасадСантехҚұрылыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 9 шарт.
      62. Батыс Қазақстан облысының Құрылыс департаментi мен "Оралқұрылыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 3 наурыздағы N 5 шарт.
      63. Батыс Қазақстан облысының Құрылыс департаментi мен "ОРАЛТЕХЖОБА ЖСК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 14 сәуiрдегi N 34 шарт.
      64. Орал қаласының құрылыс бөлiмi мен "Униқұрылыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 шiлдедегi N 167 шарт.
      65. "Орал қаласының құрылыс бөлімі" мен Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Орал Су Арнасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасында жасалған 2006 жылғы 15 шілдедегі N 158 шарт.
      66. Бөкейорда ауданының құрылыс бөлімі мен Бөкейорда ауданы әкімдігінің "Орда" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) арасында жасалған 2006 жылғы 24 шiлдедегi N 1 шарт.
      67. Бөкейорда ауданының құрылыс бөлімі мен Бөкейорда ауданы әкімдігінің "Орда" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) арасында жасалған 2006 жылғы 24 шiлдедегi N 3 шарт.
      68. Бөкейорда ауданының құрылыс бөлімі мен Бөкейорда ауданы әкімдігінің "Орда" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) арасында жасалған 2006 жылғы 24 шiлдедегi N 4 шарт.
      69. Қызылорда облысының Құрылыс басқармасы мен "Бiрiккен құрылыс корпорациясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 02-27 шарт.
      70. Қызылорда облысының құрылыс басқармасы" мен "Қызылорда облысы құрылыс басқармасының салынып жатқан газдандыру объектілерінің дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында жасалған 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 02-24/И шарт.
      71. Қызылорда қаласының қалалық құрылыс бөлiмi мен "Интегроқұрылысы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 13 сәуiрдегi N 48 шарт.
      72. Қызылорда қаласының қалалық құрылыс бөлiмi мен "Құрылыстехножоба KZ A және K" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 12 мамырдағы N 62 шарт.
      73. Қызылорда қаласының қалалық құрылыс бөлiмi мен "KZ Құрылыссарапшы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 57 шарт.
      74. ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ мен "Қызылорда Даму" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 ақпандағы N 5 шарт.
      75. Қызылорда қаласының қалалық құрылыс бөлiмi мен "Ырыс НГ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 17 маусымдағы N 82 шарт.
      76. Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі мен "АТА" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 9 желтоқсандағы N 33 шарт.
      77. Алматы облысының Құрылыс басқармасы мен "АсарҚұрылысСервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 185/12-06 шарт.
      78. Талғар ауданының "Құрылыс бөлімі мен "Есікагроөнеркәсіпқұрылыс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 17 сәуiрдегi N 16 шарт.
      79. Текелi қаласының құрылыс бөлiмi мен "МОНОЛИТ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 14 сәуiрдегi N 1 шарт.
      80. Талдықорған қаласының құрылыс бөлiмi мен "ЖЕҢІС" фирмасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 24 мамырдағы N 21 шарт.
      81. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "ВЭН" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 6/1 шарт.
      82. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Астанақұрылыссервис-1" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 24 сәуiрдегi N 6/30 шарт.
      83. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Мотив-Елiм" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 29 сәуiрдегi N 5/61 шарт.
      84. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Билдмаркет - HC" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 17 мамырдағы N 6/32 шарт.
      85. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi мен "ҚҰРЫЛЫС-КЕЛІСІМ-ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ" акционерлік қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 1 қыркүйектегi N 6/103 шарт.
      86. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Альянсқұрылысинвест" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 28 наурыздағы N 6/17 шарт.
      87. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Қазақстан жолдары" акционерлік компаниясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 28 наурыздағы N 6/16 шарт.
      88. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Құлагер" құрылыс корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 30 мамырдағы N 6/41 шарт.
      89. Астана қаласының Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi мен "К-Жолқұрылыс" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 28 ақпандағы N 167 шарт.
      90. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Негіз-Ақмола" құрылыс компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 3138 шарт.
      91. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Астана Қалакоммуншар" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 10 наурыздағы N 5/6 шарт.
      92. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Астана Қалакоммуншар" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 6/129 шарт.
      93. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Kruger Hoch-& Tietbau GmbH"/Крюгер Хох унд Тифбау ГмбХ/ фирмасының Астана филиалы арасында жасалған 2005 жылғы 14 мамырдағы N 1 шарт.
      94. Астана қаласының Құрылыс департаменті мен профессор сәулетші Манфреди Николетти (Prof. Architetto Manfredi Nikoletti) арасында жасалған 2004 жылғы 14 шiлдедегi N 1 шарт.
      95. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi комитетiнiң "Мемлекеттiк ведомстводан тыс жобаларды сараптау" ("Мемсараптама" РМК) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны арасында жасалған 2005 жылғы 28 қыркүйектегi N 459 шарт.
      96. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Найза-Құрылыс" концерні" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 31 мамырдағы N 5/234 шарт.
      97. Астана қаласының Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi мен "Поиск-1" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 27 наурыздағы N 179 шарт.
      98. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Альянсқұрылысинвест" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 6/128 шарт.
      99. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Астана-Көктем С" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 6/127 шарт.
      100. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi мен "Астана Қалакоммуншар" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2006 жылғы 10 сәуiрдегi N 6136 шарт.
      101. Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі мен "Фариза 7" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 10 сәуiрдегi N 5 шарт (2006 жылғы 31 тамыздағы N 1 қосымша келiсiм).
      102. Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі мен "Парасат" өндiрiстiк кооперативi арасында жасалған 2006 жылғы 28 қыркүйектегi N 12 шарт.
      103. Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі мен "Вячеслав Петрович Салабаев" жеке кәсiпкерi арасында жасалған 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 9 шарт.
      104. Шымкент қаласының құрылыс бөлiмi мен "ТемірБетон НС" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 69 шарт.
      105. Ордабасы аудандық құрылыс бөлімі мен "Салқын - 2001" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 2 наурыздағы N 5 шарт.
      106. "Шемонаиха ауданының құрылыс бөлімі" мен "ҚұрылысСервисИнфро+" ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ арасында жасалған 2006 жылғы 9 қарашадағы N 6 шарт.
      107. Өскемен қаласының құрылыс бөлiмi мен "ШЫҒЫС-РОСС-ЖИНАҚ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 7 қазандағы N 135 шарт (2006 жылғы 1 наурыздағы N 3 қосымша келiсiм).
      108. Өскемен қаласының құрылыс бөлiмi мен "Шығыс Қазақстан облысы Құрылыс департаменті" ММ-нің "Облтұрғынүйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасында жасалған 2005 жылғы 15 қарашадағы N 150 шарт.
      109. Өскемен қаласының құрылыс бөлiмi мен "Назар" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 23 мамырдағы N 52 шарт.
      110. Өскемен қаласының құрылыс бөлiмi мен Шығыс Қазақстан облысы Құрылыс департаменті" ММ-нің "Облтұрғынүйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасында жасалған 2006 жылғы 30 мамырдағы N 71 шарт.
      111. Тараз қаласы әкiмдiгiнiң құрылыс бөлiмi мен "Қасым Өмірханұлы Керімбаев" жеке кәсiпкер арасында жасалған 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 74 шарт.
      112. Шу ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі мен "Жүйе Плюс К" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2006 жылғы 20 қыркүйектегi N 6 шарт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады