"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1330 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2006 жылғы 30 желтоқсанға дейiн Ресей Тарапына дипломатиялық арналар арқылы Қорытындыны жiберсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1330 қаулысымен    
бекiтiлген    

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмнiң 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресей Тарабы ұсынған Ресей федералдық ғарыштық бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық бағдарламалар шеңберiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарын, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарын, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2007 жылға арналған жоспарын мынадай шартты сақтай отырып келiседi.
      Зымыран-тасығыштардың және құрлықаралық баллистикалық зымырандардың бұрын пайдаланылған түрлерiн түрлендiрудi танытатын ғарыштық мақсаттағы зымырандарды "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына әсер ету бөлiгiнде (2005 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоныр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағында экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi келiсiмнiң 3-бабына сәйкес) Қазақстан Тарабымен келiсудi талап ететiндiгiн ескере отырып, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшырудың экологиялық қауiпсiздiгi саласында қазiргi бар мәселелердi 2007 жыл iшiнде Тараптармен келiсудi қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта тиiстi жұмыс жоспарын әзiрлеген орынды. 
      Көрсетiлген Келiсiмде "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзудiң кезектi жылға арналған жоспары, сондай-ақ ағымдағы жылдың осындай жоспарының орындалуы туралы есебiн Ресей Тарапының келiсуге ұсынуы көзделмеген. Осыған байланысты ұсынылған 2007 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу жоспары және 2006 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға алынған мүлкiне ажырамас жақсартулар енгiзу есебi қарауға қабынданған жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады