Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 470о Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. » "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға  72-19-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      Тікелей нәтижеде:
      он бесінші абзац»"экспонаттар" деген сөзден кейін»", жиһаз" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 72-23-қосымшада:
      6-тармақ кестесінің 5-бағанының бірінші абзацы»"Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу:" деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Есеп комитетінің 10 жылдығы;
      Шетелдік мемлекет басшылары делегацияларының ресми сапарлары шеңберінде концерттік бағдарламалар өткізу;
      Көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қазіргі заманғы өнерінің шығармашылық жетістіктерін насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу;";
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      Тікелей нәтижеде:
      "10" деген сандар»"14" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулыға 72-26-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      Тікелей нәтижеде:
      отызыншы абзац»"компьютерлер-" деген сөзден кейін "кемінде" деген сөзбен толықтырылсын;
      отыз бірінші абзацтағы»"көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтар үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар."»деген сөздер»"4 аудиокітаптарды оқуға орналған СD плеер, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасау мақсатында көздері көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін оқитын машиналар, рояль, пианино." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады