Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 54 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 288-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi белгiленсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар ведомстволық нормативтік құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтіру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң       
2007 жылғы 24 қаңтардағы
N 54 қаулысына   
қосымша    

Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi

      Пайдалы қазбалардың көлемiн және кен орнының экономикалық құндылығын ескере отырып, есепке алу негiзiнде қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi, мұнда:
      С - Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - ҚМК) бекiткен А, В, С 1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны;
      мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн:
      С п - алдын ала бағаланған C 2 санатты қорлардың және С 3 болжамды ресурстардың ҚМК бекiткен және (немесе) әлеуеттi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау үшiн мәлiметке алынған жиынтық құны;
      тау-кен келiсiм-шарттары үшiн:
      C п - алдын ала бағаланған С 2 санатты қорлардың және болжамды ресурстардың ҚМК бекiткен және (немесе) әлеуеттi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау үшiн мәлiметке алынған жиынтық құны.
      1. Барлауға арналған келiсiм-шарттар үшiн:
      1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 2 800 (екi мың сегiз жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
      2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 280 (екi жүз сексен) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
      3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
      2. Барлауға және өндiруге арналған бiрiктiрiлген келiсiм-шарттар үшiн:
      1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн:
      егер қорлар бекiтiлмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
      егер қорлар бекiтiлсе, онда (С х 0,02%) + (С п х 0,005%) формуласы бойынша,
      бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;
      2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн:
      егер қорлар бекiтiлмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бec жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi;
      егер қорлар бекiтiлсе, онда (С x 0,005%) + (С п x 0,001%) формуласы бойынша,
      бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;
      3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 80 (сексен) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
      3. Өндiруге арналған келiсiм-шарттар үшiн:
      1) мұнай, мұнай-газ және газ келiсiм-шарттары үшiн (С х 0,04%) + (C п x 0,01%) формуласы бойынша,
      бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 3 000 (үш мың) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;
      2) техногендi минералдық түзiлiмдерге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келiсiм-шарттары үшiн (С x 0,01%) + (C п x 0,005%) формуласы бойынша,
      бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 500 (бес жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс;
      3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 120 (бiр жүз жиырма) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
      4. Техногендi минералдық түзiлiмдердi қайта өңдеуге арналған келiсiм-шарттар үшiн С 1 х 0,01% формуласы бойынша,
      бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 300 (үш жүз) айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы тиiс.
      5. Сарқынды суларды ағызуға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге қатысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн жер қойнауын барлауға арналған келiсiм-шарттар үшiн қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi 400 (төрт жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
      6. Пайдалы қазбалар қорларының құны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салықтық сараптама жүргiзу сәтiнде Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық бағамен есептеледi.
      Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда алынатын және болжамдалатын қорлардың құны белгiленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламасында көрсетiлген бүкiл кезеңде өндiруге жұмсалған, 1,2 коэффициентiне көбейту жолымен түзетiлген жалпы шығындар сомасынан белгiленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады