Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 72 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстандағы дiни ахуалдың даму үдерiстерiн зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттiк-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметiн ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдiснамалық қамтамасыз ету, дiнтану сараптамасын жүргiзу болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы  1120  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 7-жолмен толықтырылсын:
      "7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесi";

      2)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады