"Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделi ұйымдар:
1) Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын, 10 шiлдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жыл сайын, 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 13 ақпандағы
N 102 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
6. Қаржыландыру көлемi мен көздерi
7. Күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
атауы кардиохирургиялық көмектi дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнде
негiздемелер өткен кеңестiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N
24-5/007-437 хаттамалық шешiмi;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнде
өткен кеңестiң 2006 жылғы 14 қазандағы N
24-5/007-469 хаттамалық шешiмi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мәжiлiсiнiң 2006 жылғы 28 қарашадағы N 17
хаттамалық шешiмi
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгi
Мақсаты Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын
өлiм-жетiмдi төмендету
Мiндеттерi Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
кардиохирургиялық көмектiң ұйымдық құрылымын
дамыту және жетiлдiру.
Алдын алудың, қан айналымы жүйесiнiң ауруларымен
ауыратын сырқаттар мен мүгедектердi ерте
диагностикалаудың, емдеу мен медициналық
оңалтудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу.
Кардиологиялық және кардиохирургиялық бейiн
мамандарын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру.
Iске асыру 2007 - 2009 жылдар
мерзiмi
Қаржыландыру Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
көлемi мен кардиохирургиялық көмектi дамыту бағдарламасын
көздерi iске асыруға республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және
кардиохирургиялық көмектi дамыту бағдарламасын
iске асыруға арналған жалпы шығындар 25 527
021,0 мың теңгенi, оның iшiнде республикалық
бюджет қаражатынан 31 962 754,0 мың теңгенi,
жергiлiктi бюджеттер қаражатынан
3 564 267,0 мың теңгенi құрайды.
Жылдар бойынша |
Барлығы (мың теңге) |
Республикалық бюджет (мың теңге) |
Жергiлiктi бюджет (мың теңге) |
2007 ж. |
5 844 599,0 |
5 367 961,0 |
0,0 |
2008 ж. |
8 003 392,0 |
6 277 733,0 |
1 725 659,0 |
2009 ж. |
11 679 030,0 |
9 840 422,0 |
1 838 607,0 |
Жиыны |
25 527 021,0 |
21 962 754,0 |
3 564 267,0 |
2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемi
Республикалық бюджет комиссиясының 2006 жылғы
11 желтоқсандағы N 19 шешiмiне сәйкес көзделген
және тиiстi қаржы жылына арналған
"Республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын
(нақтыланатын) болады.
Күтiлетiн 2010 жылға қарай Астана, Алматы және Павлодар
нәтижелер қалаларында 3 өңiрлiк кардиохирургиялық
орталықтың құрылысын аяқтау; 2007 жылы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгiнiң "Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы"
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
базасында қажеттi жабдықтармен толық
жарақтандыра отырып, өңiрлiк кардиохирургиялық
орталық ашу; 2007 жылы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
"Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнын қазiргi заманғы жабдықтармен
жарақтандыру; 2007-2009 жылдары
кардиохирургиялық көмек көрсететiн республикалық
клиникаларды кардиохирургиялық әрекеттер
жүргiзуге арналған шығыс материалдарымен
қамтамасыз ету; 2007 жылы - 6, 2008 жылы - 4
және 2009 жылы - 3 облыс орталығында оларды
кардиохирургиялық әрекеттердi жүзеге асыруға
арналған қажеттi жабдықтармен жарақтандыру
арқылы облыстық (қалалық) ауруханалар мен
кардиологиялық диспансерлердiң
базасында кезең-кезеңмен кардиохирургиялық
бөлiмшелер ашу; 2007-2009 жылдары жеңiлдiктi
жағдайда амбулаториялық кардиологиялық
сырқаттарды дәрiлiк препараттармен қамтамасыз
ету есебiнен тиiмдi кардиологиялық және
кардиохирургиялық қызмет құрылатын болады.
Кардиохирургиялық төсектердi 2005 жылғы
101 төсектен 2007 жылы 271 төсекке дейiн, 2008
жылы 351-ге дейiн, 2009 жылы 411-гe дейiн және
2010 жылға қарай 660 төсекке дейiн ұлғайту
есебiнен халыққа кардиохирургиялық көмектiң
көлемi мен қол жетiмдiлiгi ұлғайтылатын болады.
Кардиохирургиялық операциялардың санын 2005
жылғы 838-ден 2007 жылы 2126-ға, 2008 жылы
3476-ға, 2009 жылы 5000-ға және 2010 жылы
16200-ге дейiн ұлғайту есебiнен халықтың
кардиохирургиялық көмектiң барлық түрлерiне
сұранысы қанағаттандырылатын болады.
Шетелдiк кардиохирургиялық клиникаларда
кардиохирургиялық бейiндi 168 маманды, оның
iшiнде 2007 жылы 100 маман, 2008 жылы 34 маман
және 2009 жылы 34 маман даярлау, жұмыс iстеп
тұрған кардиохирургиялық клиникалар базасында
2007 және 2008 жылдарда кардиохирургиялық
бейiндi мамандарды даярлау және қайта даярлау
үшiн алдыңғы қатарлы шетелдiк кардиохирургиялық
бейiндi мамандарды (кардиологиялық
бригадаларды) шақыру, сондай-ақ аудандық және
қалалық емханаларды 2007 жылы 300 кардиолог
дәрiгермен толық жинақтау есебiнен
кардиологиялық қызметтi кадрлармен қамтамасыз
ету проблемасы шешiлетiн болады.
Халықтың ҚЖА-дан өлiм-жітiмiнiң көрсеткiшi
100 мың халыққа шаққанда 2005 жылғы 535,0-тен
2007 жылы 524,3-кe, 2008 жылы 497,6-ға, 2009
жылы 470,8-ге дейiн және 2010 жылы 100 мың
халыққа шаққанда 454,7-ге дейiн төмендейтiн
болады.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының "Қазақстан - 2030" даму стратегиясымен мемлекет негiзгi ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi ретiнде азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығы айқындады.
Қанайналым жүйесiнiң аурулары (бұдан әрi - ҚЖА) соңғы ширек ғасырда Қазақстан Республикасы халқының мүгедектiгi мен өлiм-жетiмi себептерiнiң арасында бiрiншi орын алып отыр, бұл республикада кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi жетiлдiру жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдаудың қажеттiлiгiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнде өткен кеңестердiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 24-5/007-437, 2006 жылғы 14 қазандағы N 24-5/007-469 және Қазақстан Республикасының Yкiметi мәжiлiсiнiң 2006 жылғы 28 қарашадағы N 17 хаттамалық шешiмдерiн iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамыту жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауға бағытталған.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1354 Қаулысымен.
Қанайналым жүйесiнiң негiзгi ауруларының салдарынан халықтың аурушаңдық, мүгедектiк пен өлiм-жiтiм көрсеткiштерi бүкiл әлемде, оның iшiнде Қазақстанда да тоқтаусыз өсу үрдiсi болып отыр.
Осыған байланысты бұл тек өзектi ғана емес, сонымен қатар әлеуметтiк мәнi бар проблема болып отыр.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрi - ДДҰ) деректерi бойынша ҚЖА салдарынан болатын Қазақстан Республикасының халқы өлiм-жітiмiнiң стандартталған көрсеткiшi Еуропа өңiрi елдерiндегi мұндай көрсеткiштен 2 есе жоғары (100 мың халыққа шаққанда тиiсiнше 867,9 және 448,0).
Соңғы 10 жылдағы Қазақстан Республикасы халқының ҚЖА-мен аурушаңдығы тоқтаусыз өсу үрдiсiне ие және ол 1,7 еседен астам өскен. 1996 жылы ол 100 мың халыққа шаққанда 1038,1-дi құраса, 2001 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1396,4-тi, 2002 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1984,4-тi, 2003 жылы 1754,3-тi, 2004 жылы 1845,1-дi, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 1749,1 адамды құрады.
Тиiсiнше осы кезеңде ҚЖА-мен ауыратындардың жалпы саны да өскен. Республиканың емдеу ұйымдарында тiркелген ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың жалпы саны 1996 жылы 923 830 адамды, 2001 жылы 1 004 966 адамды құраса, 2005 жылы 1 301 603 адамды құрады.
2005 жылы ҚЖА-мен тiркелген сырқаттардың жалпы саны Қазақстан Республикасының барлық халқы санының 8,6%-ын құрағанын атап өткен жөн.
Соңғы 10 жылда ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың және халықтың аурушаңдығының абсолюттiк санының ұлғаюымен қатар Қазақстан Республикасы халқының ҚЖА-дан өлiм-жітiмi де ұлғаюда. Егер 1996 жылы ол 100 мың халыққа шаққанда 484,2-нi, 2001 жылы 100 мың халыққа шаққанда 494,6-ны, 2002 жылы 100 мың халыққа шаққанда 511,1-дi, 2003 жылы 100 мың халыққа шаққанда 539,0-ды, 2004 жылы 100 мың халыққа шаққанда 517,7-нi құраса, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 535,5-тi құрады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша ҚЖА-дан қайтыс болған сырқаттардың саны 81111 адамды құраған. Бұл ретте қайтыс болғандардың арасында 18-ден 64 жасқа дейiнгi адамдардың немесе еңбекке қабiлеттi жастағы адамдардың (халықтың экономикалық белсендi бөлiгiнiң (бұдан әрi - ЭБХ) үлесi 2005 жылы 31,6% немесе абсолюттiк санмен 25591 адамды құраған.
Халықтың мүгедектiгi себептерiнiң нозологиялық спектрiнде ҚЖА бiрiншi рангтi орын алады.
ҚЖА-дан бастапқы мүгедектiк деңгейi бойынша өңiрлер арасында Оңтүстiк Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 150,1), Маңғыстау (100 мың халыққа шаққанда 150,1), Солтүстiк Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 113,9), Батыс Қазақстан (100 мың халыққа шаққанда 117,0), Қарағанды (100 мың халыққа шаққанда 116,3) облыстары және Алматы қаласы (100 мың халыққа шаққанда 118,5) бiрiншi орын алып келедi.
ЭБХ арасында ҚЖА-дан мүгедектiк көрсеткiшi тұтастай республика халқының көрсеткiшiне қарағанда айтарлықтай жоғары болған. 2005 жылы бұл көрсеткiш ЭБХ арасында 100 мың халыққа шаққанда 104,6-ны құраған, ал тұтастай барлық республика халқының көрсеткiшi 100 мың халыққа шаққанда 52,8-дi құрады.
Сондай-ақ республика бойынша жалпы өлiм-жітiм құрылымындағы ҚЖА-дан қайтыс болу жағдайларының үлес салмағы 1996 жылы 49,6%-дан және 2001 жылы 49,7%-дан 2005 жылы 51,6%-ға дейiн өскенiн атап өту керек.
Халықтың аурушаңдығын тiркеу сырқаттардың емдеу-алдын алу ұйымдарына жүгiнуi бойынша ғана жүргiзiлетiндiктен, келтiрiлген статистикалық деректер халықтың ҚЖА-дан аурушаңдығы жөнiндегi нақты жағдайды толық көрсетпейдi.
Осыған байланысты ҚЖА-мен аурушаңдық бойынша республикада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы неғұрлым нақты түсiнiк алу үшiн ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың ұлттық тiркелiмiн енгiзу қажет.
ҚЖА-дан өлiм-жітiмге әкелетiн аурулардың арасында үлес салмағы 2001 жылғы 35%-дан 2005 жылы 43%-ға дейiн артқан жүректiң ишемиялық ауруы (бұдан әрі - ЖИА) бiрiншi орынды алады.
ЖИА-мен ауыратын сырқаттардың қайтыс болу себебi көпшiлiк жағдайларда миокардинфарктi болып табылады, бұл миокардинфарктiнiң алдын алу мен ҚЖА-дан халықтың өлiм-жітiмiн төмендету тұрғысында медициналық көмек көрсетудiң барлық кезеңдерiнде кардиологиялық қызметтi одан әрі дамыту мен жетiлдiру қажеттiлiгiн бiлдiредi.
ЖИА-мен ауыратын сырқаттарды емдеудiң тиiмдi жолдарының бiрi миокардты реваскуляризациялаудың қазiргi заманғы әдiстерiн (эндоваскулярлық баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттеу, қолқа-коронарлық шунттау) қолдану арқылы жасалатын кардиохирургиялық операциялар болып табылады.
ДДҰ-ның және алдыңғы қатарлы әлемдiк кардиологиялық және кардиохирургиялық практика деректерi бойынша ҚЖА-дан өлiм-жiтiмдi нақты төмендету 1 млн. халыққа есептегенде миокардты реваскуляризациялау бойынша жылына 1000-нан астам операция жасалған кезде ғана мүмкiн болады.
Әлемдiк статистика деректерi бойынша дамыған елдерде жаңа медициналық технологияларды әзiрлеу мен енгiзуге 20 жылға жуық уақыт кеткен. АҚШ-та "Салауатты адамдар - 2000" бағдарламасының шеңберiнде 1994 жылы кең қоғамдастықтың көмегiмен және әр түрлi ұйымдардың ынтымақтастығы кезiнде "Штаттар деңгейiндегi iс-қимыл жоспары. Жүрек-қан тамыры ауруларынан өлім-жітімнің және еңбекке жарамсыздықтың алдын алу" бағдарламасы әзiрленген.
Осы бағдарламаның шеңберiнде 250-ден астам кардиохирургиялық клиника ашылған, оларда бүгiнгi таңда жыл сайын 1 млн. халыққа шаққанда 600-ден астам қолқа-коронарлық шунттау операциялары жасалады.
75 миллионнан астам халқы бар Түркияда 200-ден астам кардиохирургиялық клиника жұмыс iстейдi. Жыл сайын жүрекке 60000-ға жуық операция жасалады.
Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтi дамытуға, әсіресе интервенциялық кардиологияны дамытуға Германия және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде де аса көңiл бөлiнедi.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы бұл елдерде ҚЖА-дан халықтың өлiм-жітiмiн елеулi азайтуға қол жеткiзуге мүмкiндiк берген. Осылайша Германияда халықтың өлiм-жітiмi 100 мың халыққа шаққанда 307,2-гe, Ұлыбританияда 100 мың халыққа шаққанда 258,0-ге төмендеген.
Шет елдердiң оң тәжiрибесi жұмыс істейтiн мамандандырылған клиникалардағы кардиологиялық және кардиохирургиялық практикаға енгiзiле бастады және ол Қазақстан Республикасындағы жағдайларға табысты бейiмделе алады.
Қазақстанда бүгiнгi таңда ЖИА-мен ауыратын 305 697 сырқат тiркелдi, олардың iшiнде 14 954 адам операциялық емдеуге (қолқа-коронарлық шунттау (бұдан әрi - ҚКШ) - 3974 сырқат, стенттеуге - 10 980 сырқат) мұқтаж. 2005 жылы республикалық кардиохирургиялық орталықтарда 171 стенттеу және 175 ҚКШ орындалған, ағымдағы жылдың 11 айында 246 стенттеу және 255 ҚКШ, 2007 жылға 696 стенттеу мен 255 ҚКШ орындау жоспарланып отыр.
Шұғыл шешiмдi қажет ететiн маңызды екiншi проблема туа бiткен жүрек кемiстiгi (бұдан әрi - ТЖК) болып табылады. Жыл сайын Қазақстан Республикасында ТЖК-мен 3000-ға жуық бала туылады, олардың 1/3-i өмiрiнің алғашқы жылында шетiнейдi, ал қалғандары негiзiнен еңбекке қабiлеттi жасқа дейiн өмiр сүрмейдi және тұрақты медициналық көмек пен ұдайы әлеуметтiк жәрдемақыларға мұқтаж болады.
Республика бойынша 2006 жылғы 1 қаңтарда диспансерлік есепте тұрған ТЖК-мен ауыратын сырқаттардың абсолюттiк саны 9450 адамды құрады. ТЖК-мен ауыратын балалардың 8983-i (95%-ы) операциялық емдеудi қажет етедi.
Жас балаларды уақтылы диагностикалау мен операциялық емдеу ТЖК бар 1000-ға жуық балалардың өмiрлерiн сақтап қалуға көмектеседi, бұл республикадағы демографиялық жағдайға әсерiн тигiзiп қана қоймай, осы санаттағы сырқаттарды әлеуметтiк және медициналық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды да қысқартады.
Республика халқына қол жетiмдi және сапалы кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша қалыптасқан ахуал шұғыл шешiмдi қажет ететiн бiрқатар объективтi себептердi бiлдiредi.
Халықтың кардиохирургиялық көмекке мұқтаждығын қанағаттандыру жөнiндегi жұмыстардың аса нашар жағдайының басты себептерiнiң бiрi республиканың кардиохирургиялық төсектермен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi болып табылады. Бүгiнгi күнi республика бойынша 101 (10 мың халыққа шаққанда 0,07) кардиохирургиялық төсек орналастырылған, ал нақты мұқтаждығы 2000-ден астам төсектi (10 мың халыққа шаққанда 1,3) құрайды.
Республиканың үш кардиохирургиялық орталығында барлығы 25 кардиохирург (10 мың халыққа шаққанда 0,02) жұмыс iстейдi, ал республиканың кардиохирургиялық бейiн дәрiгерлерiне қажеттiлiгi 200-ден астам (10 мың халыққа шаққанда 0,13) маманды құрайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң (бұдан әрi - ҚР ДСМ) шаруашылық жүргізу құқығындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - РМК) 47 кардиохирургиялық төсек орналастырылған және онда 14 кардиохирург жұмыс iстейдi.
ҚР ДСМ "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кардиохирургиялық клиникасында 24 кардиохирургиялық төсек орналастырылған және онда 8 кардиохирург жұмыс iстейдi.
Қарағанды қаласының "Кардиологиялық орталық" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнында 30 кардиохирургиялық төсек орналастырылып, онда 3 кардиохирург жұмыс iстейдi.
Тұтастай республиканы кардиохирургиялық бейiн мамандарымен және кардиохирургиялық төсектермен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдай халықтың кардиохирургиялық операцияларға сұранысын 2,3 %-ға ғана қанағаттандырады.
Мысалы, 2005 жылы республиканың кардиохирургиялық орталықтарында 838 кардиохирургиялық операция жасалды, ал халықтың оларға деген жыл сайынғы сұранысы 16000 операцияны құрайды.
Кейбiр өңiрлерде проблеманың өзектiлiгiн ескере отырып, кардиохирургиялық бейiн мамандарын дербес даярлауды бастап кеткенiн атап кеткен жөн. Сөйтiп Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары қазiргi кезде 11 кардиохирург-маман мен 5 эндоваскулярлық хирург даярлады.
Жоғарыда айтылғандармен бiрге республиканың кардиолог дәрiгерлерiмен және кардиологиялық төсектермен қамтамасыз етiлуi проблемалық мәселе болып қалуда.
Қазiргi таңда ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарға кардиологиялық көмектi жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдары көрсетедi, сондай-ақ өңiрлерде - көп бейiндi қалалық және облыстық ауруханалардың кардиологиялық бөлiмшелерi базасында, дербес кардиологиялық ауруханаларда (Батыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстары) және кардиологиялық диспансерлерде (Қарағанды және Алматы облыстары) көрсетiледi.
Тұтастай республика бойынша кардиологиялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында бүгiнгi таңда 664 кардиолог жұмыс iстейдi, ал кардиолог дәрiгерлерге нақты қажеттiлiк 800-ден астам маманды немесе 10 мың халыққа шаққанда 0,5-тi құрайды.
Кардиолог дәрiгерлермен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi республикалық көрсеткiш 10 мың халыққа шаққанда 0,4 бола тұра, 10 мың халыққа шаққанда әлi күнге дейiн Алматы және Солтүстiк Қазақстан (10 мың халыққа шаққанда - 0,2-ден), Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Қостанай (10 мың халыққа шаққанда 0,3-тен) сияқты облыстарда төмен қалпында қалып отыр.
Жалпы кардиологиялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары базасында 2608 кардиологиялық төсек орналастырылған, ал кардиологиялық төсекке нақты мұқтаждық республика бойынша 10000 төсектен астам немесе 10 мың халыққа шаққанда 6,5-тi құрайды.
10 мың халыққа шаққанда 1,7 республикалық көрсеткiш кезiнде кардиологиялық төсектермен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 2005 жылы Алматы облысында - 10 мың халыққа шаққанда 0,8, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында - 10 мың халыққа шаққанда 1,1-ден, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында - 10 мың халыққа шаққанда 1,2-ден болды.
Жоғарыда айтылғандар өңiрлерде жоғары мамандандырылған медициналық көмектi одан әрі дамыту және аудандық және қалалық емханаларды бiлiктi кадрлармен (кардиологтармен) толық жиынтықтауға байланысты мәселелердi шешу қажеттiлiгiн туындатып отыр, олар республика халқын ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың өмiр сүру сапасын арттыруға және аурушаңдық, мүгедектiк пен өлiм-жiтiм көрсеткiштерiн төмендетуге бағытталған кардиологиялық патологиясы бар сырқаттар мен мүгедектердің ауруларының алдын алудың, диагностикалаудың, емдеу мен медициналық оңалтудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу жөнiндегi іс-шараларды күшейтетiн болады.
Осылайша Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету жөнiндегi проблеманың жай-күйiн талдау ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған көмектi одан әрi дамыту мен жетiлдiру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттiлiгiн айғақтайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрледi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде халықтың ҚЖА-дан өлiм-жiтiм көрсеткiшiн кем дегенде 15%-ға төмендету және жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болу себептерiн жойған жағдайда халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығын 2005 жылғы 65,9-дан 2010 жылы 69,2 жасқа, оның iшiнде ерлерде 60,3-тен 63,5-ке және әйелдерде 71,7-ден 74,8-ге арттыру көзделедi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты қан айналымы жүйесi ауруларынан өлiм-жітiмдi төмендету болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектiң ұйымдық құрылымын дамыту және жетiлдiру;
алдын алудың, ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды ерте диагностикалаудың, емдеу мен медициналық оңалтудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу;
кардиохирургиялық бейiн мамандарын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1354 Қаулысымен.
5.1. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтiң ұйымдық құрылымын дамыту және жетiлдiру мыналарды көздейдi:
солтүстiк (Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы), оңтүстiк (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы) және шығыс (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) өңiрлерiнiң халқына кардиологиялық көмек көрсету үшiн Астана, Алматы және Павлодар қалаларында үш өңiрлiк кардиохирургиялық орталықтың техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрi - ЖСҚ) әзiрлеу және оларды салу;
республиканың батыс өңiрiнiң (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары) халқына кардиохирургиялық көмек көрсету үшiн ҚР ДСМ "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" РМҚК клиникасын өңiрлiк кардиологиялық орталық ашу үшiн қажеттi медициналық жабдықпен толық жарақтандыру;
кардиохирургиялық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын коронарлық артерияларды стенттеу бойынша операциялар жасауға арналған шығыс және жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету;
ҚР ДСМ "Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты" РМК-ны халықаралық стандарттар деңгейiнде кардиологиялық патологиялары бар сырқаттарға диагностикалық және емдеу-iс-шараларын жүргiзуге арналған қажеттi жабдықтармен толық жарақтандыру;
өңiрлерде облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердiң базасында кардиохирургиялық бөлiмшелер ашу және оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған қажеттi медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;
аудандық және қалалық емханаларды кардиолог мамандармен толық жиынтықтау (300 кардиолог дәрiгер). Облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердiң базасында кезең-кезеңмен кардиохирургиялық бөлiмшелер ашу мынадай түрде жүзеге асырылатын болады:
бiрiншi кезеңде, 2007 жылы облыс орталықтарында (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында) коронарлы тамырларға ангиографиялық зерттеулер мен эндоваскулярлы әрекеттер жүргiзу үшiн мейлiнше дайындалған 6 кардиохирургиялық бөлiмше ашу және оларды жарақтандыру жоспарлануда;
екiншi кезеңде, 2008 жылы мынадай 4 облыс орталығында (Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында) кардиохирургиялық бөлiмше ашу және оларды жарақтандыру жоспарланып отыр;
үшiншi кезеңде, 2009 жылы 3 облыс орталығында (Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстары) кардиохирургиялық бөлiмше ашу және оларды жарақтандыру жоспарланып отыр.
4 өңiрлiк кардиохирургиялық орталық құру және облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердiң базасында кардиохирургиялық бөлiмшелер ашу 2010 жылға қарай кардиохирургиялық төсектердiң санын 101-ден 660-қа дейiн, сондай-ақ жүргiзiлетiн кардиохирургиялық әрекеттердi жылына 838-ден 16200 операцияға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк беретiнiн атап өткен жөн.
Бұдан басқа, барлық көрсетiлген iс-шаралар дәлелдеу медицинасының және халықаралық стандарттарды ескере отырып, ҚЖА-ны диагностикалау мен емдеудiң клиникалық нұсқауларын, хаттамаларын жетiлдiру республика халқының ҚЖА-дан аурушаңдығы, мүгедектiгi мен өлiм-жітiмi мониторингiмен, қажеттi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеумен қатар жүргiзiлетiн болады.
5.2. ҚЖА-мен ауыратын сырқаттар мен мүгедектердiң алдын алудың, ерте диагностикалаудың, медициналық оңалтудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу мыналарды болжайды, оның iшiнде:
халықты алдын ала тексерулердi, ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды диспансерлеу әдiстерiн жетiлдiрудi;
артериялық гипертониямен және ЖИА-мен амбулаторлық ауыратын сырқаттарды жеңiлдiктi жағдайларда дәрiлiк препараттармен қамтамасыз етудi;
ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, ҚЖА-ның өршуiне әкелетiн факторлар (семiздiк, алкоголь мен темекiнi қолдану, дене белсенділігiнiң жеткiлiксiздiгi) туралы ақпараттық материалдарды теледидардан көрсету жолымен халықпен алдын алу жұмысын жүргiзудi.
Жоғарыда көрсетiлген iс-шаралар ҚЖА-ның қауiптi мiнез-құлықтық факторлар мониторингiн бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi - БМСК) ұйымдарына енгiзу арқылы жүзеге асырылатын болады.
5.3. Кардиохирургиялық бейiн мамандарын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру мыналарды болжайды:
168 кардиохирургиялық бейiн маманын даярлау мен білiктiлiгiн арттыруды;
жұмыс iстеп тұрған кардиохирургиялық клиникалардың базасында кардиохирургиялық бейiн мамандарын даярлау және қайта даярлау үшiн жетекшi шетелдiк кардиохирургиялық бейiн мамандарын (кардиологиялық бригадаларды) шақыруды.
Ескерту. 5.3-ші кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
6. Қаржыландыру көлемi мен көздерi
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға жұмсалатын қаржы қаражатының жалпы шығындары 25 527 021,0 мың теңгенi (2007 жылы - 5 844 599,0 мың теңге, 2008 жылы - 8 003 392,0 мың теңге, 2009 жылы - 11 679 030,0 мың теңге), оның iшiнде республикалық бюджет қаражатынан 21 962 754,0 мың теңгенi (2007 жылы - 5 367 961,0 мың теңге, 2008 жылы - 6 277 733,0 мың теңге, 2009 жылы - 9 840 422,0 мың теңге) және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан 3 564 267,0 мың теңгенi (2008 жылы - 1 725 659,0 мың теңге, 2009 жылы - 1 838 608,0 мың теңге) құрайды.
2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдерi Республикалық бюджеттiк комиссияның 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 19 шешiмiне сәйкес көзделген және тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын (нақтыланатын) болады.
7. Күтiлетiн нәтижелер
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
2010 жылға қарай Астана, Алматы және Павлодар қалаларында 3 өңiрлiк кардиохирургиялық орталықтың құрылысын аяқтау; 2007 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының базасында қажеттi жабдықтармен толық жабдықтай отырып, өңірлік кардиохирургиялық орталық ашу; 2007 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыру; 2007-2009 жылдары кардиохирургиялық көмек көрсететiн республикалық клиникаларды кардиохирургиялық әрекеттер жүргiзуге арналған шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; 2007 жылы - 6, 2008 жылы - 4 және 2009 жылы - 3 облыс орталығында оларды кардиохирургиялық әрекеттердi жүзеге асыруға арналған қажеттi жабдықтармен жарақтандыра отырып, кезең-кезеңмен облыстық (қалалық) ауруханалар мен кардиологиялық диспансерлердің базасында кардиохирургиялық бөлiмшелер ашу; 2007-2009 жылдары жеңiлдiктi жағдайда амбулаториялық кардиологиялық сырқаттарды дәрiлiк препараттармен қамтамасыз ету есебiнен тиiмдi кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет құрылатын болады.
Кардиохирургиялық төсектi 2005 жылғы 101 төсектен 2007 жылы 271 төсекке дейiн, 2008 жылы 351-гe дейiн, 2009 жылы 411-гe дейiн және 2010 жылға қарай 660 төсекке дейiн ұлғайту есебiнен халыққа кардиохирургиялық көмектiң көлемi мен қол жетiмдiлiгi ұлғайтылатын болады.
Кардиохирургиялық операциялардың санын 2005 жылғы 838-ден 2007 жылы 2126-ға, 2008 жылы 3476-ға, 2009 жылы 5000-ға және 2010 жылы 16200-ге дейiн ұлғайту есебiнен халықтың кардиохирургиялық көмектiң барлық түрлерiне қажеттiлiгi қанағаттандырылатын болады.
Шетелдiк кардиохирургиялық клиникаларда кардиохирургиялық бейiндi 168 маманды, оның iшiнде 2007 жылы 100 маманды, 2008 жылы - 34 маманды және 2009 жылы 34 маманды даярлау, жұмыс iстеп тұрған кардиохирургиялық клиникалар базасында 2007 және 2008 жылдарда кардиохирургиялық бейінді мамандарды даярлау және қайта даярлау үшiн алдыңғы қатарлы шетелдiк кардиохирургиялық бейінді мамандарды (кардиологиялық бригадаларды) шақыру, сондай-ақ аудандық және қалалық емханаларды 2007 жылы 300 кардиолог дәрiгермен толық жиынтықтау есебiнен кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтi кадрмен қамтамасыз ету проблемасы шешiлетiн болды.
Халықтың ҚЖА-дан өлiм-жiтiм көрсеткiшi 100 мың халыққа шаққанда 2005 жылғы 535,0-тен 2007 жылы 524,3-ке, 2008 жылы 497,6-ға, 2009 жылы 470,8-ге дейiн және 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 454,7-гe дейiн төмендейтiн болады.
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзiмi | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көзi |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектiң ұйымдық құрылымын дамыту және жетiлдiру | ||||||
1. |
Республиканың солтүстiк, оңтүстiк және шығыс өңiрлерiнiң халқына кардиологиялық көмек көрсету үшiн Астана, Алматы және Павлодар қалаларында үш өңiрлiк кардиохирургиялық орталықтың TЭH, ЖСҚ әзiрлеу және олардың құрылысын бастау |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
жыл сайын 20 қаңтар, |
Барлығы: 13000000,0 оның iшiнде жылдар бойынша: 2007 жыл |
Республикалық бюджет |
2. |
Республиканың батыс өңiрiнiң халқына кардиохирургиялық көмек көрсету үшiн ҚР ДСМ "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының кардиохирургиялық бөлiмшесiн медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
2008 жылғы 20 қаңтар |
2007 жыл - 200000,0 |
Республикалық бюджет |
3. |
Кардиохирургиялық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын коронарлық артерияны стенттеу бойынша операциялар жасауға арналған шығыс материалдарымен және жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
жыл сайын 20 қаңтар, |
2007 жыл - |
Республикалық бюджет |
4. |
ҚР ДСМ "Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын халықаралық стандарттар деңгейiнде кардиологиялық патологиясы бар сырқаттарға диагностикалық және емдеу iс- шараларын жүргiзу үшiн қажеттi медициналық жабдықтау мен толық жарақтандыру |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
2008 жылғы 20 қаңтар |
2007 жыл - |
Республикалық бюджет |
5. |
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердiң базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлімшелер ашу |
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң шешiмi. |
Облыстардың әкiмдерi |
2008 жылғы 10 қаңтар |
2007 жылы - |
Республикалық бюджет |
6. |
Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердiң базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлiмшелер ашу |
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстары әкімдерінің шешімі. |
Облыстардың әкiмдерi |
2009 жылғы 10 қаңтар |
2008 жылы - |
Республикалық бюджет |
7. |
Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында облыстық (қалалық) ауруханалардың және кардиологиялық диспансерлердің базасында оларды кардиохирургиялық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып, кардиохирургиялық бөлімшелер ашу |
Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстары әкімдерінің шешімі. |
Облыстардың әкiмдерi |
2010 жылғы 10 қаңтар |
2009 жылы - |
Республикалық бюджет |
8. |
Аудандық және қалалық емханаларды кардиолог-дәрігерлермен толық жиынтықтау |
Бұйрық |
ҚР ДСМ |
2 тоқсан, |
Барлығы: 336255,0 оның iшiнде жылдар бойынша: |
Республикалық бюджет |
2. ҚЖА-мен ауыратын сырқаттардың алдын алудың, ерте диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу | ||||||
9. |
Халықты алдын алу тексеру және ҚЖА-мен ауыратын сырқаттарды диспансерлеу әдістерін жетілдіру |
Бұйрық |
ҚР ДСМ |
3 тоқсан, |
Шығыстар көзделмейді |
|
10. |
Амбулаториялық емдеу деңгейінде ЖИА және АГ-мен ауыратын сырқаттардың жеңілдікті жағдайларда дәрілік препараттармен қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
жыл сайын 20 қаңтар, |
Барлығы: 4848110,0 оның iшiнде жылдар бойынша: |
Республикалық бюджет |
11. |
ҚЖА-ның өршуiне әкелетiн факторлар (семiздiк, алкоголь мен темекiнi қолдану, дене белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi) туралы ақпараттық материалдарды теледидардан көрсету жолымен халықпен алдын алу жұмысын жүргiзу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
2009 жылғы 20 қаңтар |
2008 жыл - |
Республикалық бюджет |
3. Кардиохирургиялық бейiндi маманды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру | ||||||
12. |
Кардиохи- |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
жыл сайын 20 қаңтар |
2007 жыл - |
Республикалық бюджет |
13. |
Жұмыс iстеп тұрған кардиохирургиялық клиникалардың базасында кардиохирур иялық бейiн мамандарын даярлау және қайта даярлау үшiн шетелдiк алдыңғы қатарлы кардиохирургиялық бейiн мамандарын (кардиохирургиялық бригадаларды) тарту |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚР ДСМ |
2008 жылғы 20 қаңтар, |
2007 жыл - |
Республикалық бюджет |
Бағдарламаны iске асыру бойынша болжамды шығыстардың көздерi
Ескерту. Өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.14. N 13 Қаулысымен.
Болжамды шығыстардың көздерi (мың теңге) |
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | Барлығы |
---|---|---|---|---|
Республикалық бюджет |
5 844 599,0 |
6 277 733,0 |
9 840 422,0 |
21 962 754,0 |
Жергілiктi бюджет |
0 |
1 725 659,0 |
1 838 608,0 |
3 564 267,0 |
Барлығы | 5 844 599,0 |
8 003 392,0 |
11 679 030,0 |
25 527 021,0 |
2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын (нақтыланатын) болады.