Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1354 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау, ғылым және медициналық білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорындарды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1354 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындары болып қайта ұйымдастырылған Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Құрмет Белгісі" орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Құрмет Белгісі" орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
N 1354 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 497-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 19-7-жолдың 2-бағанындағы "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" РМҚК" деген сөздер "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" РМК" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 46-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау" деген 3-бөлімде:
      отыз үшінші абзацтағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі - РМҚК)" деген сөздер "шаруашылық жүргізу құқығындағы "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - РМК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері" деген 5-бөлімде:
      5.1-бөлімде:
      үшінші абзацтағы "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" РМҚК" деген сөздер "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" РМҚК" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "РМҚК" деген аббревиатура "РМК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады