Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 105 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" деген 10-бөлiмнiң 3-бағанында:
      "Емханасы бар орталық госпиталь" деген жолдағы "581" деген сандар "570" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Аумақтық госпитальдар мен емханалар" деген жолдағы "1433" деген сандар "1444" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады