Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген 3-бөлiмде:
"Ө. Жәутiков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты 104" деген жолда "104" деген цифрлар "109" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат 120" деген жолда "120" деген цифрлар "121" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі