Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 122 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрi Темiрхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                                            Жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi,
      2005 жылғы 6 шiлдеде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерiн ескере отырып,
      екi ел арасындағы достық қатынастар мен өзара түсiнiстiктi нығайтуға ұмтыла отырып,
      теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризмдi дамыту мақсатында,
      Польша Республикасының Еуропалық Одаққа мүшелiгiн назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты осы Келiсiмнiң ережелерiне және Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасында қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы немесе Польша Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес дамытады.

  2-бап

      1. Тараптар өзаралық негiзiнде екi мемлекет арасында туризм мақсатында саяхат жасайтын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына қатысты шекаралық, визалық, кедендiк және өзге де ресмилiлiктi оңайлатуға ұмтылады.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына туризм мақсатында визаларды жедел ресiмдеуге және беруге ұмтылады.

  3-бап

      Тараптар туризмдi дамытуға қатысатын қазақстандық және поляк субъектiлерi қабылдайтын инвестицияларға жәрдемдеседi.

  4-бап

      Тараптар туристiк қызметтi реттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер, сондай-ақ туризм статистикасы саласындағы ақпаратпен, бiлiммен және тәжiрибемен алмасуды көтермелейдi.

  5-бап

      Тараптар туризм саласындағы оқу технологияларымен және зерттеулермен, сондай-ақ туристiк бизнестi ұйымдастырудағы және менеджменттегi тәжiрибемен алмасуға ықпал етедi.

  6-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн жауапты уәкiлеттi органдар:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi;
      Польша тарапынан - Польша Республикасы Экономика министрi болып табылады.
      2. 1-тармақта көрсетiлген органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етедi.

  7-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы немесе Польша Республикасы қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiн, сондай-ақ Польша Республикасының Еуропалық Одаққа мүшелiгiн қозғамайды.

  8-бап

      Әр Тарап өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Тарап мемлекетiнiң туристiк ақпарат орталықтарын құруға жәрдемдеседi.

  9-бап

      Тараптар Дүниежүзiлiк туристiк ұйым және басқа да халықаралық туристiк ұйымдар шеңберiнде ынтымақтастықты дамытады.

  10-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелердi келiссөздер мен консультациялар жолымен, оның iшiнде 2005 жылғы 6 шiлдеде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм негiзiнде құрылған Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Польша үкiметаралық комиссиясы шеңберiнде шешедi.

  11-бап

      Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағанын растайтын соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

  12-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және олар осы Келiсiмнiң 11-бабына сәйкес күшiне енедi.

  13-бап

      1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Тараптардың әрқайсысы Осы Келiсiмнiң қолданылуын екiншi Тарапқа жазбаша нысандар хабарлау жолымен тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келiсiм Тараптардың бiрiнен хабарлама алынған күннен бастап алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
      2. Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату оның қолданылу барысында басталған iс-шаралардың орындалуына олар аяқталғанға дейiн әсер етпейдi.
      200 жылғы "__ "_____________________ ___________________
әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiліктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн шешушi болады.

       Қазақстан Республикасының            Польша Республикасының
           Yкіметi үшiн                          Yкіметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады